
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 528 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/trus4wG8GN8?si=J82vVw9pCDwl5pm4"
Алматы қаласындағы Наурызбай ауданына қарасты №206 мектеп-гимназиясында қалалық «ІТ технологияларын интеграцияланған жаратылыстану бағытындағы сабақтарда пайдалану жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қаланың сегіз ауданы бойынша барлық білім беру ұйымдарының информатика, математика, физика, химия, биология пәнінің мұғалімдері қатысқан шараның мақсаты ІТ технология негізінде жеке тұлғаның бойында ғылыми дүниетанымның игерілуін интеграцияланған пәндерді оқытуда жетілдіру тәжірибесімен алмасу.
ФАТИМА АЛИАКБАРОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №206 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Семинар барысында Наурызбай ауданы Білім бөлімі,Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері және ұстаздар ұлттық құндылыққа негізделген оқушылардың жасаған бұйымдарынан көрме тамашалап, интеграцияланған шеберлік сабақтарға қатысты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 424 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/S8dFWVJQlMU?si=wwqh_sEj9EBRqH_l"
Ақтау қаласындағы 14-ші шағын ауданда әйел адам өлі күйде табылды. Құрбан болған әйелді ер адамның таңғы уақытта бауыздап кеткені белгілі болды. Қылмыскер мәйітті өртеп жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлері оқиға орнынан сытылып кетпекші болған азаматты лезде құрықтады.Қазір, аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 455 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BOSJx1mFEJg?si=N8sqEFbopv_ggRMK"
БҚО 6 білім нысаны мен 3 жоғары оқу орнында эвакуациялық пункт дайындалды. Қосымша тағы 164 эвакуациялық пункт ашуға мүмкіндік бар. Ал, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қазір инфекциялық аурулар мен ауыз суға толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тұрақты кезекшілік атқаруда.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Орал мен Жайық жағалауының аудандарын есептегенде жалпы 130 мектеп бар. 15 сәуірден бері оның 103 мектебі қашықтан оқу үрдісіне ауысты. 75 600 оқушы қазір онлайн форматта оқып жатыр. Сондай-ақ, Ақжайық ауданының 33 мектебі дәстүрлі түрде оқытылып жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысының сөзінше 80-ге тарта педагогтің аттестациядан өту мерзімі кейінге шегерілді.
АЙГҮЛ МЫҢБАЕВА БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бөрлідегі Ақсай қаласының №8-ші және Теректідегі Подстепный №1 мектебі келесі айда өтетін білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторинг тізіміне кірмейді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 566 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/aILIXyRsPNY?si=7VtDn-Ku40Wtdcu8"
Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамның белді мүшесі.Оларға жалпыға ортақ жағдай жасау,мемлекетіміз алдындағы маңызды міндеттің бірі. Бүгінде ерекші білімді қажет ететін жастарды кәсіпке үйрету мақсатында инклюзивті білім жүйесі жұмыс жасайды. «Jas Skills Almaty» өңірлік кәсіби чемпионатына кезек берсек.
Ерекше білім беруді қажет ететін жастардың қабілеті ерекше.Тек дұрыс бағыт-бағдар беру маңызды. Алматы технология және флористика колледжі осы бағытта қызмет жасайды. Қазіргі уақытта Инклюзивті білім беру бөлімінде 195 студент бірнеше кәсіп бойынша білім алып жатыр. Олардың таңдаған саласына ынтасын арттыру мақсатында осындай чемпионаттарды жиі өткізіп тұрады.
МАРЖАН ЖҰМАНБАЙ АТФК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Чемпионат «Тігінші», «Флорист», «Жиһаз» және алғаш рет «Аяқ киім жөндеу» құзіреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Шараға белсенді қатысқан жастар, келешектерін осы оқу орнымен байланыстырғылары келетіндіктерін алға тартты.Оларға тегін оқуға арнайы сертификаттар берілді.
АҚНҰР АРАЙҚЫЗЫ «Мен құлағы нашар еститін мекемеде білім алып жатырмын. Келешек арманым тігінші болу. Осы жерден дәріс алып,сапалы маман болғым келеді. Қазіргі таңда сүйікті кәсібіңді ашып, жұмыс жасауға мүмкіндік мол,сондықтан танымал дизайнер болу негізгі мақсатым».
ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ «Маған бұл жер ұнады.Келешекте етікші болғым келеді. Менің осы салаға қабілетім бар».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 473 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SBQ6ngfYu9Y?si=kv3Qa1lAoMd-XFna"
Әлеуметтік желілерде қалтқысыз қызмет етіп жатқан әскери қызметшілерге қажетті заттар берілмеген деген сыбыс шықты. Бұл қаншалықты рас ақпарат? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Әлеуметтік желіде әскери қызметтегі сарбаздар қызу талқыға түсуде. Желі қолданушылар олар қажетті киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген деген сыни пікірлер айтуда. Жауаптылар ақпараттың растығына толық көз жеткізу үшін, сарбаздармен кездесті.
ҚАЛИОЛЛА САУЫТБЕКОВ СҚО ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгін осындай әскери бөлімнен келіп өздерінің міндеттерін атқарып жатқан сарбаздар. Оларды ел, үкімет, президент ұмытпаған соң жалаңа-жалаңаяқ қалды дегені бекер әңгіме деп есептейміз. Соны өз көзімізбен тексеру үшін келдік. Оның барлығы дұрыс емес екен».
Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүргендердің бірі - Қарағанды облысының тумасы Мұхтар Қорабаев. Халқына қызмет қылам деп, солтүстік өңірде өзге сарбаздармен бірге сумен күресуде.
МҰХТАР ҚОРАБАЕВ САРБАЗ: "1 апта аралығында осында болдық. Бізді қорғаныс министрлігі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Және Петропавл қаласының тұрғындары да көмек қолын созуда. Бізде түнгі смена болса қолғабымызды береді. Аяқ киімімізді тексереді, су болмасын деп".

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 492 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c67Tr_A1sjg?si=HC7vuuYoDJPBpJUp"
Көлік жүргізушілеріне қатысты талап күшейеді. Енді куәлігі жоқ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Мопедке қатысты заң да қатаяды. Бұл механикалық көлік толыққанды көлікпен теңеседі. Бүгін мәжіліс осындай заң қабылдады. Айтпақшы, өңірлерден оралған депутаттар отырыста су тасқынын сынап, үкімет басшысына сауал жолдады.
Жүргізушілерге қатысты заң күшейеді. Талап қатаңдатылса да мас күйінде рөлге отыратындар тыйылмай тұр. Жыл сайын елімізде мас жүргізушілердің кесірінен шамамен 500 дей көлік апаты тіркеледі. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 600 адам түрлі дене жарақатын алады. Бұдан былай мопед мінгендердің жүргізуші куәлігі болуы міндетті. Оған қоса көлігін тіркеуі қажет болады. Бүгін депутаттар заңға енген осындай өзгерісті мақұлдады.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЯЛЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі таңда бұл көліктің ең қолжетімді түрлерінің бірі. Алайда оның санының артуы мопедтердің қатысуымен апаттарға әкеледі. Тек 2023 жылы 750 болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп».
Депутаттар өңірлерден оралды. Олар су басқан аймақтарда іс-сапарда болып, жағдайды көзбен көріп келгеннен кейін ба, тым ашулы. Мемлекеттік органдардың жұмысын сынады.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Ағайын, апат айтып келмейді. Дәл қазір еліміз – ел аман, жұрт тынышта терең әлеуметтік дағдарысқа тап болды. Дайын болмаған кезде келген топан су – Қазақстандағы 30 жыл бойы қалыптасқан даңғазалық, волюнтаризм мен көзбояушылықтың шынайы көрінісі. Бұл факт! Бұл оқыс оқиға еліміздегі жергілікті басқарудағы жүйелі проблемалардың бар екенін айқын көрсеткенін атап өтті. Сондықтан бізге аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың басымдықтарын қайта қарау маңызды. Мысалы, облыс, аудан әкімшіліктеріне қосымша құзырет бере отырып, инфрақұрылым, халық шаруашылығын ұтымды реттеу үшін шаруашылық бағыттағы децентрализация қажет. Әрбір әкім өңірдің коммуналдық-шаруашылық мәселелерін реттеу үшін, дербес шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болуы тиіс».
Топан су табиғи апат емес, адами фактор деген депутаттар апат болған аймақтардың тұрғындарына уақытша несиелік каникулдарды жан-жақты қарастыруды сұрады. Оған қоса, баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдету қажет екенін айтты.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Басқа салса баспақшыл,- деп атам қазақ айтқандай біздің елге тағы бір үлкен сынақтың келгенін бәріңіз білесіздер. Бір топ депутаттар бұл хабарды ести сала өңірлерге аттандық. Ондағы мақсатымыз халықтың жағдайын көзбен көріп, арыз-талабын өз аузынан естіп Үкіметке жеткізу еді.Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар екенін айтты. Дәлелмен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты. “Бөренеден аттаймыз” деп есеп беріп, сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса, жалғаса береді».
Айтпақшы, бүгін мәжіліс қабылдаған заңда жүргізуші куәлігін алмай тұрып, рөлге отырғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Бұған дейін олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала беретін-ді. Енді ондай майшелпек болмайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 441 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ndDWjNXxbW8?si=67Xn6tvYoqkQu6oo"
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 мыңнан аса тұрғын-үй әлі де су астында. Ахуал тұрақталған жоқ. Су тасқынының екінші толқыны әсіресе, Шығыстағы ағайынға қиын болайын деп тұр. Мұнда жеті ауданға қауіп төнді.
Бүгін Атырау әкімдігі шұғыл хабарлама жасады. Жайық өзеніндегі су деңгейі 9 см-ге көтерілді. Одан әрі тағы көтерілуі мүмкін. Атырауда қауіп сейілген жоқ. Батыс Қазақстанда психологтар күніне ондаған адамға көмек көрсетіп жатыр. Мамандар тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істеуде.
ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Осы сағатта 16 мың адам өз үйлеріне оралды. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді».
Ал, Шығыс Қазақстанда жағдай күрделене бастады. Су тасқынының екінші толқыны өңірге оңай соқпасы анық дейді жауапты мамандар.
АЯУЛЫМ КЕКИЕВА ШҚО ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: «Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін. Бүгінде қар жамылғысының ауданы облыстың 44%-ын құрайды. Көптеген ауданда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары».
Аймақтағы ағайынға құтқарушылар мен әскерилерден бөлек, еріктілер де қызмет көрсетіп жатыр. Волонтерлардың басым көпшілігі жастар. Батыс Қазақстанда 11,900 ерікті жұмыс істеуде, бүгін бұл өңірге жұмыс істеп жатқан техникалар қатарына тағы 37 арнайы техника қосылды.
НҰРХАН БАҚЫТЖАНОВ «РҚБ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Колледж студенттері, қала тұрғындары белсене ат салысып, келе жатқан су тасқынына қарсы жаға бекіту жұмыстарымен айналысып жатыр. Қалада гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінде еріктілер жұмыс жасап, таңертеңнен кешке дейін қаламызды аман алып қалу үшін жұмыс жасап жатырмыз».
Су тасқыны салдарынан бес облыста жол жабылды. Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО-дағы республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 11 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды. Мұнда жолды қалпына келтіру үшін 356 бірлік техника мен 438 адам жұмыс істеп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 392 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/P8YQPE01edA?si=JftvHzDFfNSGtMpW"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 446 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ugB-JSJxXKQ?si=2m2Pqj1bX0eyxpPl"
Ақмола облыстық прокуратурасы Степногорск мемлекеттік органының қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеудің дерегін анықтады. Белгілі бір заңнамаға сәйкес шығын түрлері бойынша мемлекеттік мекемеде артық қаржының жоқтығына қарамастан осындай заңсыздыққа барған. Соңғы екі жылда қызметкерлерге негізсіз түрде сыйақы беріліп келген. Жалпы сома 13 миллион 400 мың теңге.
МАДИНА САҒЫМБАЕВА СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: «Мысалы, тек үш айдың ішінде мекеме 6 миллион теңгеден астам 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берді. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 миллион теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде»

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 434 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rBEA1pVbuic?si=OvN8rSxWNz6vZzld"
Ақтаудың «Өзенмұнайгаз» компаниясында құбыр жарылып, мұнай аралас су біраз аумаққа төгілген. Онымен қоса, №4 мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының құрамына кіретін теңіз су құбырына да кері әсерін тигізіп отыр.
Мекеме қызметкерлері «жайылған су құрамында экология мен адам денсаулығына қауіп төндірер элемент жоқ» деп сендірді. Дегенмен де істің мән-жайы қазір анықталуда. Экологтар сараптама жұмыстарын жүргізіп, сұйықтықтың қанша мөлшерде жайылғанын және топыраққа сіңген мөлшерін анықтау үстінде.
АРМАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Ластанған жерлердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыстар аяқталған соң жарияланатын болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 409 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kAuJ8UsYvH4?si=vxEVufuCcsMQgS5A"
Алматыда таңғы сағат төрт шамасында басталған жаңбыр әлі жауып тұр. Кей жерлерде жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді су басты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Мегаполисте таңертеңнен басталған жаңбыр толастар емес. Синоптиктердің болжауынша, жауын 17 сәуірге дейін жауады. Қалаға 28 мм көлемінде жаңбыр жауды. Әлеуметтік желіде алматылықтар таңғы уақытта түсірілген фото және видеолармен бөлісіп жатыр.Кадрлардан жол бойында судың жиналып қалғанын көруге болады. Сондай-ақ қаланың көптеген көшелері, соның ішінде Саин, Момышұлы көшелері мен Райымбек даңғылы су астында қалды. Сонымен қатар, жер асты өткелдеріне су толтырып, тұрғындарға қосымша қиындықтар туғызды.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 12 аумаққа су жиналған. Оның алтауы жеке тұрғын үй. Оған себеп арық желілерінің бітелуі. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан атап өткендей, күндізгі ауысымға 425 бірлік арнайы техника және 802 жұмысшы жұмылдырылды. 2,3 мың қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.Қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілді. ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзендерден қауіп жоқ екенін айтып сендірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 540 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oq-Ax-2Y1-Y?si=Ynr23LittxdaOiSw"
БҚО-да су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Төтеншеліктер тәулік бойы кезекшілікте. Өзендерге жақын орналасқан елдімекендер мен саяжай тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Су тасқынынан мүлкі бүлінген халыққа мемлекет залал өтеу шараларын қолға алды. Бүгінгі таңда 600-ден астам азаматқа 126 млн теңгеден астам бір жолғы материалдық көмек көрсетілген. Айта кетсек, материалдық көмек алу үшін эвакуациялық пункттерді паналау міндетті емес.
ЕРНАТ МАХСОТОВ БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
Тағы басқа мақалалар...
101 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.