
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 429 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DVEdgsIbMms?si=-7kMag0Ds-0XxqcZ"
Алапат жалын. Бүгін түнде Астанада резеңке бұйымдарды сақтайын қойма өртке оранды. Қызыл жалын 1000 шаршы метрге жайылған. Бұл нысанда тек резеңкеден жасалған заттар болғандықтан, төтеншеліктерге өртті сөндіру қиынға соқты. Себебі, ондай заттар әдетте жоғары температурада және тез жанады. Сондықтан, жеке құрамнан 61 өрт сөндіруші және 15-ке жуық техника жоғары дәрежелі шақыру бойынша оқиға орнында жұмыс істеді.
НАЗАРӘЛІ СЕЛИМОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «8 сәуір жедел басқару орталығына 22,51 минутта өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы көлемі 1200 шаршы метр. Барлық бөлімшелер үшінші жоғарғы шақыру бойынша көтеріліп, өртке жұмылдырылды. Зардап шекккендер жоқ. Түнгі 1 сағат 34 минутта өрт оқшауланды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 478 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RUa1IVXZG_g?si=JOf4uiaqrvz9Gj0n"
Алматы әуежайының маңындағы балалар алаңында «тамағы тілінген» ер адамның мәйіті табылды. Күдікті ізі суымай ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдікті бірге ішу негізінде жасалған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Күдікті ізі суымай ұсталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу негізінде жасалған. Екі ер адам ішімдік ішкен. Басқа жағдайлар анықталуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 446 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/q-J9qOM_hMk?si=sFRgPP0avZhpCLt9"
Қоғамды дүрліктірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы қылмыс болған БАУ мейрамханасының қызметшісіне сұрақ жауап алудан басталды.Куәгердің сөзінше,сол күні Бишімбаев мейрамханадағы вип кабинаның астаң-кестеңін шығарған және ол әдеттегіден қарағанда қатты ашулы болыпты. Ресторан қызметшілері мұндай жанжалға бірнеше мәрте куә болған. Сондай-ақ, Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованың алған жарақаттарын манекен арқылы сызба бейнелерімен баяндап берді. Көп жылдық еңбек өтілі мен тәжірибесі бар сарапшының айтуынша, марқұмның бет сүйегі мен бас сүйегіне 12-13 соққы жасалып, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан.
Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған. Сарапшының қорытындысында бас миының жарақатын (зақымдануын) көрсететін сот - медициналық диагнозы қойылды. Бұл жарақаттар мидың зақымдалуына әкеледі. Мұның бәрі бірге ауыр зиян келтіру ретінде өлімге әкеп соғатын тікелей себеп болып табылады", - деді сарапшы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 468 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PNk34cHme1E?si=xpZFEfF8pz9QpPj0"
Су тасқынына қарсы шараларды Премьер-Министр жіті бақылауына алған. Өзі өңірлерді аралап, дайындықты көзбен көріп жүр. Бірінші орынбасары Роман Скляр да бірге. Жер-жердегі жедел штабтар тәулік бойы жұмысты тоқтатпайды. Бүгін Үкімет басшысының тапсырмасымен Солтүстік өңірге Қорғаныс министрлігінің қосымша 300 әскери қызметшісі келіп қосылды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды».
Теріскейдегі Петропавл қаласына қауіп төніп тұр. Сергеевка су қоймасы арнасынан асуы мүмкін. Салдарынан 3 аудан мен қаланы су басуы мүмкін деген болжам жасалды. Өңірге Түркістан, Павлодар, Қарағанды облыстарынан құтқарушылар мен еріктілер көмекке келген. Ал, Павлодарда болса жағдай тұрақталды. Бұл аймақта қарғын су салдарынан 38 баспана бүлінген еді. Алғашқы 24 үйдің қожайыны мемлекеттік өтемақыны алды деді өңір басшысы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 499 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5Zy7gMUdCOs?si=qMVfczfYfia-YxV1"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 493 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mbbYeLBIWVc?si=Jdu6Hmu1hUyXZN7A"
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында балалар мен жасөспірімдер үшін тегін үйірмелер ашылды.Шағын жастар кешенінің ақысын жерілікті бюджет өтейді. Осындай кеңшілік болған соң, өтініш берген ата-аналардың қарасы көбейіп жатыр. Орталыққа білікті мамандар тартылған,олар қолөнер,спорт секілді салаларға жастардың жігерін жанитын болады.
ЕРБОЛ НҰРМАНҰЛЫ КӘСІПКЕР
Жастарды телефон тәрбиелеген заманда олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану маңызды. Осыған дейін балаларын даладан қалаға тасып жүрген ата-аналар, енді еш жерге сабылмайтын болады.
ҚАЛЕН МҰСАЕВ АУЫЛДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 492 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W_IjGPrdLP0?si=q2P8i0c6CjkUpxK6"
«Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында алматылық этномәдени бірлестіктердің өкілдері 3 күн ішінде қабылдау пунктіне 25 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл жүктердің ішінде азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар бар.
Ұйғыр этномәдени орталығының өкілі, волонтер,3 топтағы мүгедек Шухрат Мұсратұлы денсаулығына қарамастан әріптестерінің басын қосып 1 тонна азық- түлік жинады.
ШУХРАТ БАГУДИНОВ ВОЛОНТЕР: «Жүректен жүрекке деген акцияны естіп, ауылдастарымызды жинап, азық-түлік, киім-кешек әкелдік».
3 күнде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы штабының қабылдау пунктіне 25 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оған еріктілер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жанашыр азаматтар атсалысты.
ДОЛКУНТАЙ АБДУЛХАЛИЛ ҚАЗАҚСТАН ҰЙҒЫРЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:«130 ұлт өкілдері бар. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шағарып, жинап жатырмыз. Мұнда құрлыс материалдары, тамақ бәрі бар»
Гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі су басақан аймақтарға бүгін түнде жолға шығады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 659 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CaCavbdDrH8?si=TcXaEMoyYP0ewUD-"
Сәндік-қолданбалы өнер мен музыкалық аспап жасау мамандығына оқытатын Алматы қаласында киелі шаңырақ бар. Іргесі 1956 жылы қаланған, оқу орны қабырғасындағы халық аспаптары мамандығы профессор Болат Сарыбаев пен Бейсенғали Оразбекұлының есімімен тікелей байланысты.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қоғамға қажетті салаларға мамандарды даярлап келе жатқан оқу орнының білім саласында алар орны ерекше. Олай дейтін себебіміз студенттерді ұлттық өнерге баулып, оларды бабалар кәсібіне баулыйды. Қазақ халық музыкалық аспап жасау шеберханасына Болат Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлының аттары берілуі тегін емес.Өйткені олар, қазақтың ұлттық құндылықтарына орасан зор еңбек сіңірген тұлғалар.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ
Бостандық ауданының жастары жас скилс,жас шебер байқауына қатысқан болатын.Ұлттық өнер тартысында жүзден жүйрік шыққандары марапатталды. Сондай-ақ айтулы білім шаңырағына тегін оқуға жолдама берілген.
АЙГҮЛ ҚАСЫМБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өндірістік оқыту шебері Салтанат Қадырова бүгінде халықтық кәсіпшілік бағытындағы мамандар даярлайтын бірден-бір колледждің түлектері республикада жоғары сұранысқа ие екендігін айтады. Кез келген кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өткен студент өз қалауынша сол кәсіпорында ары қарай жұмысын жалғастыра алады.
САЛТАНАТ ҚАДЫРОВА ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
Қолынан өнері тамған студенттер қолөнер шеберлері конкурстарының жеңімпазы. Ал өндіріс барысында жасалған музыкалық аспаптар колледж оркестрі, сондай-ақ көрме залының көркіне айналған. Талапты да, талантты балалар үш курста үш топта білім алады.
САЛТАНАТ ҚАДЫРОВА ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 500 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rzj711udynI?si=a_wjU1SLN3oA-wG6"
Астанаға қауіп жоқ. Қазіргі таңда Елорданың су реттегішінде 144 млн су көлемі бар. Ал, бұл су реттегіштің жобалық қуаты 450 млн кубты құрайды. Сондықтан, халыққа алаңдауға еш негіз жоқ. Астана маңындағы ауылдарға қатысты қауіп ол Есілден емес, Нұра өзенінен дейді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
НҰРЛАН АЛДАМЖАРОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бүгінгі таңда төмен қарай 30 метр секунд ағызып жатырмыз. Тасып жатқан суды 4 кубқа дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Тасу қаупі жоқ. Әкімдік тиісті жұмыстар атқаруда. Талапкерге тек Есіл емес, Нұра өзені бойынша 1400 куб секундына жүруде. Сол әсерін тигізуде. Ақмола облыстық әкімдігі мен төтенше жағдай министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 503 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/OE6t8szpWXQ?si=usKaohDD7IPHEyiW"
Кісі өлтіріп, адам тонағандар мен есірткі сатқандар. Жыл басынан бері 3 айдың ішінде Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады. Мұндай ауыр қылмыс жасағандарды құрықтау үшін Қазақстан Халықаралық интерпол көмегіне жүгініпті. Қазақстан аумағында қылмыс жасағандар Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерден табылып, елге жеткізілген. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ ҚР ІІС КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 529 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PM3WoNcA1ic?si=ncodZMSjaflg-nh-"
Қызылорда облысы Қазалы қаласында орман тұқымбағының құрылысы қарқынды жүруде. Аймақ басшысы жұмыс барысымен танысып қайтты. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жобаға 518,6 млн.теңге салған.
Қазалыда егілген көшеттерді Аралдың кепкен табанына апарады. Бұл экологияға келер қауіптен қорғайды. Көшеттер арнайы технологиямен суарылады. Жалпы жер көлемі 33 гектар. 1 түп сексеуіл 3 тонна тұзды құм ұшқынын ұстап қалуға қауқарлы дейді мамандар.
БУРАБАЙ ОРАЗАЛИЕВ ҚАЗАЛЫ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІНІҢ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ИНЖЕНЕРІ
Құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы және лауазымды тұлғалар тұқымбақ аумағында сексеуіл көшеттерін отырғызылып, Экология және табиғи ресурстар Бірінші вице-министріне жалақы, қажет құралғылар сынды біраз ұсыныстар айтылды. Жоба 2023 жылы қыркүйекте бастау алған. Мамандардың сөзінше шілде айына дейін толықтай аяқталады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 363 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IqGVUHCRy54?si=b-U_CfuGL-lX3obB"
Роман Скляр СҚО-дағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында бірқатар ауылдағы бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерген. Бірақ жағдай күрделі көрінеді. Сондықтан ол тұрғындарды қауіпсіздік үшін 2 күн аралығында эвакуациялауды тапсырды.
Роман Скляр алдымен Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында болды. Мұнда жалпы ұзындығы 1173 метрді құрайтың бөгет тұрғызылып жатыр. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту үшін 50-ден астам техника мен 90-ға жуық адам жұмыс істеп, бөгетті 3 метр биіктікке көтерген. Бүгінде Тепличное ауылында 360 үй мен 889 тұрғын бар. Тұрғындар үшін 4 экакуациялық орын дайындалған.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «2 күн уақыт беремін осы ауылдағы тұрғындарды қаласа да қаламаса да қауіпсіз жерге көшіру қажет. Кейін барлығын тексеріп техниканы көбейту керек».
Сапар аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы Прибрежный ауылына да барды. Ауылда 500-ге жуық үй мен 1800-ге жуық тұрғын бар. Бұл жердеде бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Аз ғана уақыт қалды сондықтьан барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Нысандарда техника аз сондықтан барлығын көбейту керек. Жақын күндері су басу қауіпі ұлғаятын болса арнайы мобильды топ құрып сақтықта боламыз».
Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Ущев көшесінде орналасқан бөгеттің де су тасқынына дайындығын тексерді.
Ал Заречный кентінде 900-ден астам адам тұрады. Мұнда су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 10 мыңнан астам топырақ салынған қап дайындалған. Сондай-ақ бөгетті де нығайту жұмыстары жүргізілуде.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Мен біздің жұмыс істеп жатқан адамдарға сенемін. Бірақ маңызды с болғандықтан бақылау болу керек. Сондықтан егерде тағы да көмек керек болатын болса бізге айтсаңыздар барлығын шешеміз. Бұл бөгет жаңа болғандықтан жұмыс дұрыс жасалу керек».
Осылайша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жауапты мамандарға барлық бөгеттерді бекіту жұмысын 3 күн ішінде аяқтауды тапсырды.
Тағы басқа мақалалар...
106 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.