
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 420 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0VkIarAQ8RY?si=aB0ZGh6Rq_3FojbQ"
Халықты алдап, заңсыз автонесие рәсімдегендер ұсталды. Алаяқтар кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз немесе осы іске қатысы бар қандай да мәлімет білсеңіз полицияға хабарласыңыз!
ҚАЙРАТ АРТЫҚОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 420 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IPhnetkFQ_0?si=aOrGj2t9V5NhwDr_"
Маңғыстаулық оқушы, Нұрасыл Игілікұлы көпке үлгі болар әрекет жасады. Ол қобдишаға жинап жүрген бар ақшасын Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккендерге берді. Жүрегі мейірімге толы Нұрасыл тасқын су басқан қаланы әлеуметтік желіден көріп, көмек қолын созуға асыққанын айтады. Осылайша, жеткіншек Ақшұқыр ауылында жиналып жатқан гуманитарлық көмекке өз үлесін қосыпты. 10 жастағы бала жиған-терген 3 мың теңгені апарып табыстаған. Төртінші сыныптың оқушысы анасы күн сайын берген қаражатты бір ай бойы жұмсамай жинап жүрген. Қаршадай баланың әрекетіне сүйсінген азаматтар оны видеоға түсіріп, желіге жүктеп жатыр.
НҰРАСЫЛ ИГІЛІКҰЛЫ — ОҚУШЫ: «Менің мамам сабаққа тиын береді. Тамақ алып же, самса алып же деп. Сосын мен оларды копилнигіме салып жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естіп көмектескім келді. Ақшұқырда көмектесіп жатқанын естідім. Сосын мен копилнигімдегі тиындарымды алып, апарып бердім».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 567 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MxNi3UhSe_M?si=kh0YqyGLgx52JKgv"
Қызылорда қаласында 50-ден аса тұрғын үй апаттық деп танылған, олардың басым көбі Тасбөгет кентінде орналасқан. Жергілікті биліктің үстіміздегі жылға жоспарлары бойынша осы санаттағы азаматтарға 100- ден аса пәтер салмақ.
Тасбөгет кентіндегі Есенов көшесі бойындағы үш қабатты үй 2019 жылы тұруға жарамсыз деп танылған. Жыл өткен сайын жағдайы құрып бара жатқан 24 пәтерлік үйді басқа бүгінде барар жері жоқ 8 отбасы паналауда. Қалған тұрғындар бас амандығын ойлап туған туыстарын сағалап кеткен.
АПАТТЫҚ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мына жердегі үйді мердігерлер бұзып алып кеткеннен кейін орнын тегістеп кеткен жоқ. Қазір оның ішінде мусор, оның ішінде итте, мысық та өліп жатыр. Ертең күн жылынса сасиды мына араның барлығы. Балалардың ойнайтын жері жоқ, айналаның бәрі мусор. Жаңбыр дауған кезде айналаның барлығы балшық».
АПАТТЫҚ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Үй бермей ма бізді мынандай жерде отырғызып қойғанша. Я үйімізде жылу жоқ, от жағамыз. Қыстай тоқ пеш қосып шықтым. Кеше екі айға қалада тұрып келдім пәтер жалдап. Өзім безработный адаммын. Жесірмін, көмек қайда мысал үшін. Неге қарамайды, не қарап отыр жоғарыдағылар».
Былтырғы жылы осындай жағдайдағы 40 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталған. Биылғы жылы да тұрғындарды қуанышты хабармен сүйіншілейміз дейді мамандар.
ГҮЛЬМИРА ПАЗЫЛОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: «Қазіргі таңда қала бойынша 51 көп қабаттық тұрғын үй апаттық деп танылған. 51 үйдің ішінде 651 азамат кезекке тіркелді. 2019 жылға дейінгі тұрғындар бұл санат бойынша үйлерін алып болды. Бұл кезектілік 2019 жылдан басталып тұр. Жобалап 100-ге жуық азамат пәтер алады деп жоспарланып тұр бүгінгі күнге».
2021 жылдан бері жалғыз тұрғын үй апаттық деп танылған. Күні бүгінге дейін 193 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталып, тұрғын үй кезегінен шығарылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 502 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JopFFFy-DEo?si=YQgxQD6n-pOqPX0_"
Алматы облысы, Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп автокөлік жолының 53-68 км аралығындағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігер компанияның өкіліне қатаң ескерту жасап, автокөлік жолының сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 486 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-QD1ZwCfurI?si=Un1PUP6jhlmDlhPn"
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті БҚО халқына мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше қарашаның енді құдықтағы суды емес, бөтелкедегі суды ішкені абзал болмақ. Себебі, ауру жұғуы мүмкін.
НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл аурудың атауы - гепатит А. Бұл су арқылы келетін дерттің түрі. Сол себепті сарапшы мамандар су басқан елдімекендердегі халыққа жер астынан шығып жатқан суды тұтынбауды, бүлінген тамақтарды жемеуді, қолды міндетті түрде сабындап жууға кеңес береді.
НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Статистикаға сүйенсек, өңірде вирустың 7 жағдайы тіркелген. Дерттің негізгі белгілері: дене температурасының жоғарылауы, жүрек айнуы құсу, тамақ ауруы, бөртпелер. Осы белгілерді бойынан сезген әр жан міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 440 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lkTftgW1hfk?si=zsh6lOKdnljcGQiN"
Нүкенова Бишімбаевтың қандай адам екенін құрбысына ашық жазған
Елордада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен сотқа тартылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі жалғасуда. Бұл жолы сот залына Салтанат Нүкенованың құрбысы шақырылды. Онда мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова смс-хабарламаларды оқып берді. Куәгер ретінде шақырылған Аида Ахмединаның телефонындағы жазбалар адам шошырлық. Онда Салтанат Нүкенова күйеуінің күндіз-түні бақылауына алғанын, ұрып-соғатынын ашық жазған.
АЙЖАН АЙМАҒАНОВА, ПРОКУРОР: «19 сәуір, түнгі сағат 02-00-дегі жазба. Маған адвокат керек. Ол менің заттарымды берер емес. Маған әкеммен бе, әлде ағаммен бе келіп бәрін алып кету керек. Мен саған сенемін. Кез келген жағдайға дайын жүруім тиіс. Мен шаршадым. Ол менің әр қадамымды бақылауында ұстап отыр. Айтқанына қарсы шықсам бірден ашуланып, ұрыс шығарады. Алматыда болғанда ол менің шашымды жұлып, айғай шығарды. Маниак сияқты сезімін білдіреді. Бұл махаббат емес қой.»
Куәгердің телефонында жазбалар қатары мұнымен бітпейді. Сонымен қатар Салтанаттың құрбысына Бишімбаевтан құтылғысы, яғни, кеткісі келетіні қайта-қайта айтылған. Тіпті ол өзін тыр жалаңаш видеоға сақтық үшін түсіріп алғанын да жазады.
Сот барысында, сондай-ақ, Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова да куәгер ретінде шақырылды. Ол да сот залында Салтанаттың денесінен көгерген іздерді байқағанын айтып берді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 376 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ik1mPbqLMpM?si=aJ2j08EQwdPxb0lC"
Бірінші вице-премьер Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысының ауалдарын аралап жүр. Бүгінде Тайынша және Қызылжар аудандарында төтенше жағдай. Мұнда 103 үйді су басып, 678 адам құтқарылған болатын. Оның 100-ден астамы балалар. Айтпақшы, Қазгидромет елімізде су тасқынының екінші кезеңі болуы мүмкін деп болжайды. Өйткені, алдағы үш күнде 10,15 градусқа дейін күн жылынады. Солтүстік пен шығыста су тасқыны қаупі бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 354 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jShl0RJkt-s?si=zURE3a441FDj5Ipf"
Су тасқыны салдарынан малы қырылған азаматтарға өтемақы қалай төленеді? Өтінішті қайда жіберу керек? Алдын-ала ақпарат бойынша республикада өлген мал 8,1 мың басты құрайды. Тағы елдің бірқатар өңіріне қауіп төніп тұр. Еріктілер де, құтқарушылар мен әскерилер де аймақтарда, тәулік бойы үздіксіз қызмет етіп жатыр.
Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде нақты айтқанда Жамбыл облысында және Семейде жағдай ерекше бақылауға алынды. Себебі, алда күн күрт жылынып, аталған өңірлерде тасқын болу қаупі бар. Елдің барлық өңірінде еріктілер зардап шегушілерге көмек қолын созуда. Бір Астананың өзінен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Елорда да 30 волонтерлік ұйым онда 600-ден астам ерікті жұмыс істеп жатыр.
ЭЛЬВИРА ЕСМҰХАНОВА АСТАНА ҚАЛАСЫ ЕРІКТІЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда Астанадан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Көмек кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, еріктілердің, қайырымды жандардың, азаматтардың арқасында көрсетіліп жатыр. Өңірлерге азық-түлік, жылытқыштар, қайықтар, генераторлар, күректер, 400 мың қап, балалардың киімдері, гигиеналық заттар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары, резеңке киімдер жіберілді».
Бүгін Қарағандылық төтеншеліктер Ақмола облысына көмекке келді.Себебі, Жібек Жолы кентінің бірқатар аудандарын су басу қаупі бар. Жас ұландықтар да осы аймақта. Әскерилер де бар күштерін салуда.
РУСЛАН ЖАНГУЛИН ҚО ҚМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Әуе көлігімен 39 адам тасымалданса, 4 тоннадан астам жүк жеткізіліп, 6 мыңнан аса қапшыққа құм толтырылып, төселді. Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлері Петропавл қаласы маңындағы Заречный ауылының аймағына Есіл өзенінің бөгетін нығайту үшін 1 050 қапшық құм дайындады. Төтенше жағдайлар департаменттері мен Полиция қызметкерлерімен бірге олар Заречный тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында Астанадан келген 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ауылдың айналасын нығайту үшін 8000 қап құм толтырды. Екінші топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарымен бірлесіп Петропавл қаласының маңындағы айналма жолды нығайту жұмыстарын жалғастырып жатыр».
Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгін ресми мәлімдеме жасады. Мал шығынына қатысты өтемақыны өтініш беру арқылы алуға болады деді. Жедел деректер бойынша өлген мал 8,1 мың басты құрайды.
ОЛЖАС ТІЛЕБАЛДИН ҚР АШМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Меншік иелеріне өтемақы мөлшері ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалады».
Әсіресе, теміржолшылардың көмегі көп тиюде. Жолды су шайған аймақтарда осы теміржол адамдарды құтқаруда да азық-түлік жеткізуде де жалғыз көлік құралы болып тұр. Жолшылар магистарльдық жолды кезекшілікпен тәулік бойы өздері күзетуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 413 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/90RvdXHDr08?si=DE9r9mait8YeP9eX"
Отыз күн ораза тұтып,иманы кәмілденген иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мерекесі басталды. Үш күн тойланатын ұлық мерекемен Президентіміз барша мұсылман қауымын құттықтады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын!».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 452 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ESDj_4HHbAA?si=-mTbjUpNOJB6laB2"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 435 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DGf9gPHMc8g?si=Ko8d08mTzYwo-p40"
Сырдария өзеніндегі су деңгейі тұрақты. Сала мамандарының айтуынша, Батыс Қазақстанға қарағанда су тасқынына қауіп жоқ дейді.Бүгінде су жағдайына жауапты мамандар күнделікті бақылау жасап отыр. Биыл облыс ауағында ауа райының жылы болуы себебінен 1 наурыздан 20 наурыз дейін Сырдария өзені мұздан толық тазарды. Қазіргі таңда Қызылорда облысы аумағында су тасқынынан қауіп жоқ, ахуал тұрақты. Бүгінгі күні егістікке су алу науқанының жақындауына байланысты филиал тарапынан жерге дән себілгенге дейін шабындық жайылымдықтарды суландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
ҚАЙРАТБЕК СӘРСЕНБАЕВ АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙІНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынды. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылық ұйымдары бірлесіп, Сырдария өзеніндегі су деңгейіне күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.Бізде батыс қазақстанға қарағанда тасқын суға қауіп жоқ».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 454 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HUKdvP6BqZU?si=fhRbIcO6bRfjiJEZ"
Бүгіннен бастап ауа-райын болжаушы мамандар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өйткені, алда барлық өңірде күн күрт жылып, су тасқыны қаупі жоғары. Қазгидрометтің өңірлердегі синоптик және гидролог қызметкерлері 24/7 кесте бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысында су тасқыны қаупі бар деп болжануда.
Мұндағы су объектілерін бақылау жылдам режимге ауыстырылды. Ал, бүгін республика бойынша 9 гидрологиялық дауыл туралы ескерту жарияланды.
Тағы басқа мақалалар...
107 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.