- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 109 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/G9mAllTmOhs?si=XZA8maxSElFKX35_"
ҚР Президенті Іс басқармасы, медициналық орталығының дәрігерлері ақтаулық 62 жастағы ер адамға ота жасады. Сондай-ақ, жергілікті әріптестерге тың ақпараттармен дәрістер де өткізді.
Ақтауға 2 күндік сапармен келген ақ халаттылар жергілікті науқастарға ота жасап, тегін көмек берді. Сондай-ақ, уролог мамандар 62 жастағы науқасқа екі жарым сағат көлемінде операция жасап, оны сәтті аяқтады.
БАХТИЯР ҚАСЫМОВ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ УРОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «Бүгін күрделі отаның бірі жасалды. Кеше 2 операция жасалды. Бүгінде оталар жасалуда. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталық ауруханасы мен Маңғыстау облыстық ауруханасының ортасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Біз сапаға мән береміз. Сондықтан бір отаның өзіне жіті мән беріп, уақытпен санаспай жасап жатырмыз. Бұдан бөлек, пациенттерді қабылдап, консультация өткізілуде».
Жасалынған оталардың барлығы заманауи тәсілдер мен құрылғылардың көмегімен өтті.
МҰРАТ БЕКХОЖИН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ УРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Операция барысы эндоскопиялық, лапороскопиялық жолмен жасалып жатыр. Бүгінгі жасалған операциямыз қуық асты безінің оденомасына байланысты лапороскопиялық операция жасалады. Келген дәрігерлер операциямен қатар, консультативтік-диагностикалық бөлімде жергілікті халыққа тегін көмек көрсетіп жатыр. Өзіміздің әріптестерімізден көптеген затты үйреніп жатырмыз. Шеберлік аясында тәжірибе алмасып, ары қарай дамытып, жергілікті жерде жасаймыз деген ниеттеміз».
Статистикаға сүйенсек, былтырғы есеп бойынша астаналық дәрігерлер еліміздің 12 облыс орталығына барып, 278 операция жасап, 2321 консультация өткізген. Сондай-ақ, 322 шеберлік сағат пен дәріс ұйымдастырған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 116 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DF5by9yb6PA?si=Zplq8X2zGSPgQQRT"
Тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін 18 жастағы Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Жас жігіт әлеуметтік желі арқылы діни алауыздыққа шақыратын яғни тыйым салынған діни материалдарды таратып келген. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра тауып, оларды толық тәркіледі.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция ескертеді. Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын кез келген іс қылмыс болып саналады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 93 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KIQs8UQp7Rc?si=EubG2MP7jh8hOhVD"
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында миокард инфарктін алған. 21 жастағы жігітке бірегей операция жасалды. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүзеге асты.
Сирек кездесетін жүрек ауруына шалдыққан маңғыстаулық Әлімжан өлім аузынан қалды. 21 жастағы жігіт өзінде туа біткен жүрек патологиясы бар екенін осы күнге дейін білмеген. Айтуынша, маусым айында оның жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы екі жүзге дейін көтеріліп, жүрек соғысы жилеп кеткен. Дәрі ішіп көреді. Басылмаған соң ауруханаға өз аяғымен барған. Дәрігерлер оған жүректің қарынша үсті тахикардиясы, миокард инфаркті диагнозын қояды.
ӘЛІМЖАН АТАНТАЙ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Жүрек шаншып, қатты соғып давлением 200-дің үстінде түстім Жаңаөзенде больницаға.Ол жақта мен екі күн реанимацияда жаттым. Ол жақ КазНИИ кардиологияны порталмен ұсынды.Операцияны осы жерде жасайды деп. Қазір жағдайым жақсы қазір мені ештеңе мазаламайды қазір.Өзімді жақсы сезінем. Ұйқым тыныш».
Жаңаөзенде науқасқа коронагрфия жасалады. Бұдан кейін тек 40 күннен соң операция жасалуы тиіс. Дәрігерлер қарынша үсті тахикардиясының қайталап ұстап қалу мүмкіндігі жоғары болған соң бұл уақытқа қарамай ота жасауға мәжбүр болған.
БАҒДАТ АХЫТ «КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Жүректің қатты соққанына байланысты спазм деп айтамыз, сол сәтте жүректің тамырлары қысылып қалған.Ол уақытында жедел жәрдем көрсетпесе жедел жіті өлімге әкелетін жағдай.Оттегі жетіспей жүректің тамырлары қысылып инфарктке әкелген жағдай болып тұр. Біздің жасаған ота нәтижесінде қазіргі болжамымыз 95 пайызға дейін айтуға болады жүректің мүндай приступтың қайталанбауына қазіргі жағдайда кепілдікпен айта аламыз».
Дәрігерлердің сөзінше, миокард инфаркті диагнозы әлем бойынша 10-15 жылда бір адамға ғана қойылады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 127 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/03qi5cLHKws?si=Y8Xgp8sjOPGpws3-"
Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің бірінде газ жарылды. Оқиға Әл-Фараби шағын ауданында болды. Оның салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала зардап шекті.
Жарылыс газ-ауа қоспасының шығып кетуінен орын алған. Газ жарылысынан кейін үйде өрт болған жоқ, дегенмен тұрғын үй ішінара қираған. Зардап шеккен төрт жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр. Балалардың жасы 14 пен 19 жас аралығында. Қазір олар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айтпады.
АЙГҮЛ АМАНҚЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Кеше реанимация бөліміне 2-3 дәрежелі күйікпен 4 бала түсті. Олардың денесінің шамамен 50-60%-ын күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген сәтте балалардың жағдайы өте ауыр болды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы ауыр әрі тұрақты деп бағаланады.Балалардың денсаулығы облыс әкімшілігінің жіті назарында».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 98 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b2ImHW47jqo?si=Pd765AJx93k8ea4u"
Петропавл қаласында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен волонтерлер және қала тұрғындарының қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға белсене қатысушы саны 70-ке жуық болды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген ұранды бастама қылып алған атсалушылар Интернациональная және Алтынсарина көшелерінің қиылысында орналасқан алаңды күл-қоқыстан тазартты.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Мемлекет басшысының бастамасымен әр өңірде "Таза Қазақстан"акциясы жүріп жатыр.Бүгін бізде тазалық іс-шарасына қатысып отырмыз. Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, еріктілер әрқашан бұндай акциярларды қолдайды. Біз бұл арқылы жастардың арасында тазалық пен қоршаған ортаға деген сүйспеншілікті насихаттаймыз. Жалпы бүгін бізде үш локация тұр. Олардың барлығын қоқыстан тазалауымыз тиіс».
«Қаланы таза ұстау – әр тұрғынның міндеті» деген қағиданы берік ұстанған Әлфараби Мыңбай, тұрғындарға өз үндеуін жеткізді.
ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ ВОЛОНТЕР: «Таза Қазақстан ол біз үшін керек. Еліміздің тазалығы сондықтан әрбір отандасымызды, елін сүйетін азаматтарға айтатынымыз айналыңызды таза ұстаңыздар. Қоршаған ортаны таза ұстасақ ол жерде бақыт, береке болады.»
Акция асында Петропавлда 230 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 3000-нан аса адам қолдау білдірді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 102 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/agKSDHVMSJ8?si=RFp4kUnr9goyoGs0"
Қазақмысты өз мамандары оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары тонаған. Оны ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қарағанды облысы прокуратурасы мен бірлесе анықтапты. 20 жұмысшы «металл және тауар ұрлады» деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында олардан травматикалық қару, автокөлік және қомақты қаражат табылып, тәркіленген. Қазір қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: «Келтірілген залал анықталуда. Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 123 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ahYeicMFWoY?si=KJcQbxFHWbwPnfks"
Бүгін Алматыда "ALMATY CIRCUS FESTIVAL" II Халықаралық цирк өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс шараға Қазақстан, Қытай, Жапония, Аргентина, Бразилия сынды әлемнің 18 елінен үздік артистері қатысуда.
МАҚСАТ ЖАИКОВ «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІНІҢ» ДИРЕКТОРЫ
Биыл Қазақ мемлекеттік циркінің құрылғанына 54 жыл толды. Араға 35 жыл салып, цирк ұжымы шетелге гастрольдік сапарларын жаңғыртты, әлемнің үздік цирк мектептерінде білімін жетілдіріп, халықаралық фестивальдер өткізе бастады.
АХМЕТ ЭКЩИ «ARMONI ORGANIZASYON» БАС ДИРЕКТОРЫ
ОДЕТТА БУГЛИОН ПАРИЖ ҚАЛАСЫ CIRQUE D'HIVER BOUGLIONE БАС ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 108 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CIYkrckKOOw?si=qpV8EkaXkTp-vuni"
Маңғыстау облысына қарасты Атамекен ауылының 60-қа жуық тұрғындары көршісіне наразы. Өйткені ол, өзінің тұрғылықты жерін қаңғыбас иттерді қамап ұстайтын орынға айналдырған. Сасық иіс пен алпыстан аса иттің ұлыған даусы көршілерінің құтын қашырған.
Қаңғыбас иттерге қамқоршылық көрсетіп жүргендер бастапқыда 7-8 жануарды осы жерге әкеліп баға бастапты. Кейін уақыт өте келе төрт аяқтылардың саны көбейген. Қазір шамамен 50-ден астам ит бар,- дейді шағым айтушылар. Күні-түні осыншама ит бірнеше сағаттап жан-жақтан үргенде үрейіміз қашып, түн ұйқымыз төрт бөлінеді дейді ауыл ағайындар.
СЫНДАР АРАЗБЕКОВА АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ел, халықтың ортасында 60 ит бағады деген масқара ғой. Мынандай қылып ит сақтау деген болмайды ғой. 60 ит бар осының ішінде. Біреуі үрсе, жан-жақтан бәрі үреді. Түнде мына жермен өтейік десек өте алмаймыз. Үлкен ақ ит жатыр».
ШАРХАТ ЖҰМАБАЕВА АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Иттер шулап түнімен жатқызбайды. Күндіз түні бірге шулап үреді. Исіде жаман, отырғызбайды. Иесіне айтсаң өзіңмен ұрысып кетеді. Тыңдамайды ешкімді, бұл жерден кетпеймін дейді.Түнде сағат 4-тің мезгілінде құтырып кетеді иттер, жаман».
Алпыс жануарды ауласына сыйғызып отырған азамат: "Ісім заңды, әрқайсының арнайы құжаты бар",-дегенді алға тартады. Оның сөзінше, ауылдан алшақ жерде қаңғыбас иттерді қамайтын орын бар. Бірақ қоршауы салынбаған. Сондықтан, қамқорлық көрсетуді жалғастыра беремін деп отыр.
ОКСАНА КОЗЛОВА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Көршілердің өздері иттерге маза бермейді. Біз қайта осындай тұрғындардың далаға тастап кеткен иттеріне қамқор болып жүрміз. Жер орнымыз бар. Көпшіліктен сол жер орынды қоршауға көмек сұраймыз. Бізге ешкім қаржы бөлмейді. Біз тек қайырымды жандардың көмегімен иттерді қорғап жүрміз».
Айтулы мәселемен жергілікті билік өкілдеріне жолықтық.Елді мекен басшысы осы мәселеге қатысты арнайы комиссия құрып, көршілер арасындағы дауды шешіп береміз деп уәде етті. Жалпы иттерді көшіріп жіберуге заңның осалдығы қол байлау болып тұр дейді ауыл әкімі.
ЕРЛАН ҚАЙРАНОВ АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
«Қазір енді заңнамаға байланысты мына үй жануарларын асырап бағу, мал басы санына байланысты, арнайы шектеудің болмауына байланысты, біз ол азаматтарға нақты бір шара қолдана алмай жатырмыз. Енді осы соңғы түскен шағымға байланысты біз жергілікті әкімшілік арнайы жұмыс тобын құрып, мамандарды шақыртып, мәселе бойынша түбегейлі айналысатын боламыз. Жалпы көшіріледі. Енді бұл жерде тұрғындардың шағымы, арызы, көтеріп отырған мәселесі аяқсыз қалмайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 88 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UShz2ca_U5s?si=moe-CW2J5GFkK9GE"
СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткінің ең ірі партиясын тәркілеп, есірткінің жеткізу жолын кесті.
Петропавл қаласының шетінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «BMW» маркалы автокөлікпен жүрген үш күдіктіні ұстады. Рөлде отырған Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, көлікпен жасырынуға тырысты. Соңынан қуған кезде көліктің ішіндегілер терезеден қара түсті барсетканы лақтырып жіберген. Оның ішінен шамамен салмағы 1 кг. ұнтақ тәрізді зат бар түйіншек табылып тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл α-PvP деп аталатын синтетикалық есірткі болып шықты.
Көлікте жүргізушіден бөлек 35 жастағы тағы бір алматылық және Астана қаласында тұратын 24 жастағы бойжеткен отырған. Екі ер адам уақытша тұрып келген Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерден солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қызметтік іссапар барысында синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді, электрондық таразыны, буып-түю материалын, 1 кг. синтетикалық есірткіні, сондай-ақ 20 гр. гашиш тәркіледі.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Сараптамаға сәйкес алыңған зат жалпы салмағы екі килограмм alpha-PVP және мефедрон болып табылады.Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚК-тің 297 бабы 3 бөлімі бойынша тергеледі. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен сотталады».
Екі Алматылық күзетпен қамауға алынды. Топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 107 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c_BFgjHJrcE?si=1txiNYAc1GFKphZP"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 128 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mlZdgOjYU3Y?si=9FExUfapoRUEgU6R"
«Үйлі болдық!» деп қуанған ақтаулықтар енді «Үйді жөндеп беріңдер!» деп жүгіруге мәжбүр. Ақтаудағы Сарайшық тұрғын үй кешенінің басы дауда тұр. 4 жыл бұрын берілген баспананың ауласы тар, іргетасы әбден отырып қалған.
Тұрғын үй кешен жобасының түр-сипатына қызыққан тұрғындар енді тұрып жатқан жерлеріне наразы. 17 үйдің құрылысы аяқталар уақытында қарама-қарсы 17/1 деген екінші үй салынған. Енді көлік айналып жүрмек түгілі, бала ойнайтын алаңымыз да жоқ дейді тұрғындар.
АЙЫМГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА БҚО АҚТАУ ҚАЛАСЫ САРАЙШЫҚ ТҮК ТҰРҒЫНЫ: «Мына инженерлік желілілер деген уже 4-5 жыл болды ғой, сынып жатыр, тозып жатыр. Сол уақыттарда біз ЖЭК-ке жалынамыз. Мына КЖСА бізге қызмет көрсету керек қой. Ол балансында болмағандықтан акимат біз жауап бермейміз дейді. Енді тұрғыдар ЖЭК-қа жалынып сосын ЖЭК жасап беріп отыр бізге».
ДИНАРА ҚАРТҚОЖАЕВА БҚО АҚТАУ ҚАЛАСЫ САРАЙШЫҚ ТҮК ТҰРҒЫНЫ: «Біз айттық сіз проектта вообще басқа үйді көрсетіп отырсыз деп, сіз неге оны саласыз дегенде ол тек эскиз деді. Тұрғындар қарап соған біз фундаментінен бастап ақша салып сол үйді алды ғой дедік, жоқ ол менің жерім не істесем де өзім білем деді. Парковка жөнінде акиматтан жерге рұқсат алыңдар деді. Оған барсақ к7-ге жібереді. Біз шаршадық».
Жыл бойы әкімдік пен жауапты компанияның артынан жүгіріп шаршаған жұрт, сотқа жүгінуде. Тілшімен тілдесуден қашып, аудиомен құтылған компания мамандарының әуені сол баяғыдай.
ШАЛҚАР ЕРБОЛҒАНОВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Автотұрақ орналасқан жерді кеңейту бойынша, тұрғындар ОСИ тағайындап, ОСИ-дің тарапынан жергілікті атқарушы органға, тұрғын үйдің аумағын кеңейту бойынша арыз немесе өтініш білдіруі қажет. Құрылыс мекемесі мемлекеттік АКТ пен рәсімделген жер учаскесінің аумағында ғана құрылыс жұмыстарын жүргізе алатындығын ескере отырып, мемлекет меншігіндегі аумаққа автотұрақ салып беру мүмкін емес. Егер тұрғындар жер учаскесін ОСИ-дің атына рәсімдеп алатын болса, тұрғындар өздерінің тарапынан салу керек. Біз кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін, мердігер тарапынан қандай да бір жұмыстарын жүргізу мүмкін емес».
4 жылда бір рет болсын жарық пен су желілерін тиісті мекемелерге өткізбегенін мойындағандарымен, автотұрақ салып бермейміз деп мәселені шорт кесті. Расында, тарыдай жерге дардай көлік тұрағының салынбасы анық. Сөйлесудің астарына қарасақ, кепілдік мерзімін өткізіп алған компания ендігі мәселені тұрғындар өздері шешуі тиіс деген сыңайлы.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 107 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-e6BOth_v8w?si=brDO74ktIGJciJMm"
Павлодар облысындағы"Майқайың-алтын" кенішіндегі опырылған жерде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше кешкісін құтқарушылардың автобусы табылды. Жеті айға жуық жер астында жатқан автобусты шығаруға қолайсыз ауа райындағы топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары басталған.Көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінген.Еске сала кетейік, 4 қаңтарда шахтаға құлап кеткен автобустың ішінде төрт құтқарушы болған еді. Олардың екеуінің денесі сол күні табылып, жер қойнына тапсырылды.
Кейін бір жарым айға жалғасқан іздестіру жұмыстары қауіптің жоғары болуына байланысты тоқталып, маусым айында қайта жанданған еді.Бір апта бұрын яғни 19 шілде күні мамандар тағы бір құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесін тапқан болатын. Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. "Жақын арада іздестіру жұмыстары күткен нәтиже береді деп үміттенеміз", - деп атап өтті аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Тағы басқа мақалалар...
27 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.