
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 247 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BMinTjNh0wk?si=dCkYabagWONvQ5VT"
Бюджет тәртібі ақсап тұр. Мәселен, биылдың өзінде Үкімет бюджетке 10 рет түзету енгізген. Сонда ай сайын бюджетке бір өзгеріс енгізіліп отырған. Осылай деп Ұлттық экономика министріне қарата депутаттар мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сын айтты. Алайда, жауапты ведомство басшысы «10 рет түзету енгіздік» деп өзін ерлік істегендей сезініп отырғандай.
Мәжіліс депутаттары Үкіметке наразы. Оған себеп - бір емес бірнеше мәрте бюджетке енгізілген түзетулер. Депутаттың бұл сынын Мәжіліс төрағасы да қоштады. Депутаттардың айтуынша, биыл Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке 9 рет түзету енгізген. Бұл президенттің қоғамдық бақылау тұжырымына сәйкес келмейді-мыс.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Өздеріңіз қожа, өздеріңіз би – рақат! Сол өзгерістер аясында бір бағдарламаға бірнеше рет өзгерістер енгізілген. Ең негізгісі, түзетулер арқылы көп шығын қайта қаралған. Сол өзгерістер бойынша биыл қандай шығындар қысқарылды? Олардың қаншасы инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. Ертең осы қысқарған ағдарламаларды бюджетке қайтадан депутаттарға кіргіз деп өтініш жасамасйыздар ма?»
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Жақында біз тағы да түзету енгіздік. Соның есебінен 370 млрд теңгеден астам ақшаны қайтадан құрылымын өзгерттік. Ең алдымен, экономикалық өсімге байланысты бағыттарға жібердік. Қазіргі бюджет заңнамасында ол құзірет бізде бар ғой. жаңа бюджет заңнамасында Парламент алдында есептілігіміз көрсетілген. Қандай да бір түзету енгізсек, алдарыңызға келіп, баяндаймыз».
Сондай-ақ депутаттар құрылыс құнының қымбаттап кеткеніне наразы. Олар құрылысқа қаражат көп жұмсалады, неге онда оның құнын төмендетпеске деген сауал жолдады, Өнеркәсіп және құрылыс министріне.
ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Соңғы жылдары республикалық бюджетте үнемі қаражат тапшылығы байқалып келеді. Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері кіріс бөлігін ұлғайту және шығыс бөлігін азайту бойынша жұмыс істеуі керек. Бірақ мұндай жұмыс байқалмай отыр. Менің ойымша, шығыс бөлігін азайтудың бір жолы – құрылыс жұмыстарының құнын төмендету. Құрылыс жұмыстары көбінесе шынайы бағамен салыстырғанда бірнеше есе арттырылған. Сіздің министрліктің құрылыс жұмыстарының есеп-қисаптары бойынша стандарттарға ревизия жүргізіп, оларды шынайы деңгейге дейін қайта қарай және сол арқылы бюджет қаражатын үнемдеу бойынша жоспарлар бар ма?»
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ: «Өте орынды сұрақ. Кешіріңіз, дауысым қарлығып тұр. Біздің осындай жоспарларымыз бар. Министрлік қаражатты үнемдеу үшін мемлекеттік сараптама жүргізіп, заманауи құрылыс әдістерін енгізіп жатыр».
Өз кезегінде жауапты министр осылай қысқа ғана қайырды. Онысын ол тамағының ауырып тұрғанымен байланыстырды. Сонымен қысқасы, бүгін жалпы отырыста мәжіліс 2024-2026 жылдардың республикалық бюджетін мақұлдады. Деседе олар, ұлттық қордан қаржы алуды шектеп, қайта жалпы ішкі өнімді арттыру жолын ойластыру туралы экономика министріне ұсыныс-тілектерін жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 254 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2cxpkqABW8g?si=tJbCtEHGRpEjUCUl"
«Жасыл экономика және жасанды интеллект – Қазақстан үшін жаңа міндеттер ретінде». Бүгін аталмыш тақырыппен Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Пралиев Серік Жайлауұлын еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Жақсының аты өлмейді». Ғұмырын білім саласына арнаған Серік Жайлауұлының ғылымға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өмір жолының түрлі белесінде алған терең білімінің арқасында ұлағатты ұстаз биігіне көтерілген ғалымның еңбектері бүгінгі заман талаптарынан түспек емес. Қолданыс аясы күн өткен сайын кеңейіп жатқан жасанды интеллект тақырыбы конференцияға арқау болды.
САНДУҒАШ ҚҰЛАНОВА “Q” UNIVERSITY” АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Күні кеше ғана қиял-ғажайып болып көрінген технологиялар бүгін шындыққа айналуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жасанды интеллектіні дамытудың перспективасының зор екендігін атап өткен. Қоғам қайраткері, белгілі ғалым, педагог, академик Серік Пірәлиев Жайлауұлын еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алыс-жақын шетелдерден жиналған ғалымдар жасанды интеллектіні адамзат игілігіне қызмет ету үшін дамыту маңыздылығын сөз етті.
ӨРКЕН МАМЫРБАЕВ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PfBh_koEju8?si=jQJDrRmccJON1Kg8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 214 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nBkhRUC1vYs?si=l1j9-3y1xumNFCsH"
Өзінің қол астындағы қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған ветеринария қызметінің басшысы 3 жыл 6 айға сотталды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Түркістан облыстық ветеринария басқармасы Ветеринарлық қызметінің басшысы Бахытжан Бегманов ауданда жұмыс істейтін 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені еңбеккерлерге бермей, қалтасына басқан.
Қалалық сот экс-басшының бұл әрекетін заңға қайшы деп тауып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Экс-шенеунік енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Алайда, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 213 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/73O8qklO8Uo?si=ikGG18mSj_XQHWyV"
Алдағы бес жылда 1200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде жалпы вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Бүгін үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев осындай оптимизмге толы баяндама жасап, алдағы жоспармен бөлісті. Бірақ, министр еліміздегі вагондардың қазіргі күйінен де хабардар. Алда толық жаңарту жоспарда бар. Кезең-кезеңмен сапарлаушыға ыңғайлы жағдайды жасаймыз деп уәде етіп отыр. Сондай-ақ, премьер-министр ҚТЖ басшылығының назарын пойыздардың кешігуі мәселесіне аударды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Нұрлан Ермекұлы, соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейді. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?»
НҰРЛАН САУРАНБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Біздің компанияда бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстары және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын 2 есе көбейттік. Енді жолаушыларды жағдайға түсінікпен әрі кешіріммен қарауды сұраймыз».
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Салық жүйесі мен теміржолдың ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Алайда бизнес тарапынан шекарада жүктердің тұрып қалуына қатысты шағымдар әлі де жалғасуда. Сондықтан шекарадағы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету үшін барлық рәсімдерді аяқтау қажет. Теміржол вокзалдары мен станцияларының жағдайы да сын көтермейді. Олардың шамамен 90%-ына жөндеу жұмыстары қажет. Осыған байланысты Көлік министрлігіне мынадай тапсырма беремін. Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеп, қаржыландыру көздерін анықтасын. Бұл магистральдық теміржол желісі мен вокзалдарды жөндеуге де қатысты.».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 186 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/04OK-m1kW7g?si=93VSr7zMmNNaCXrz"
Педагогтар әулетін дәріптеу арқылы осы салаға жаңадан қадам басқан жастарды қанаттандыра аламыз. Яғни ұстаз деген ұлы мамандықтың қадір-қасиетіне, Ахмет Байтұрсыновтардың өсиетіне мән береміз деген сөз.Дәл осы тақырыпты қолға алған шараға назар аударсақ.
Келешек ұстаздармен кездесуге арнайы келген Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері атанған Аягүл Миразова, Педагогтар династиясының өкілдері Кенжеевтер мен Ташиевтер отбасы жастарға қай қырынан алып қарасақта үлгі болмақ. Олардың өнегелі өмірі,студенттерге жігер беріп, мамандығына мақтанышпен қаратпақ. Бүгінгі бас қосудың негізгі мәні де осында.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Мұндай кездесулер қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеру, мамандыққа таңдау жасайтын жастардың көбеюіне ықпалын тигізбек. Бүл бағытта тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырған ұстаздардың ұстаханасына айналған №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжін ауыз толтырып айтуға болады.
ГҮЛЖАН КЕНЖЕЕВА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
МАҒИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ГПК ДИРЕКТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 212 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PwqLynaXg78?si=LsCQYBVTC-Vbt1G6"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 239 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l7NIwYYjJtY?si=v0Rxn3DPzTojtj6z"
Келесі жылдан бастап асыраушысынан айырылған және еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жандардың жәрдемақысы 6,5%-ға өседі. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. Айтпақшы, келер жылы да қазына қаражатының басым бөлігі әлеуметтік салаға бөлінеді. Ол 9,8 трлн теңге. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 871 млрд теңгеге көп. Келер жылдың бюджеті талқыланған сенат отырысы туралы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Келесі жылы бюджеттен қай салаға қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды. Айталық, 2025 жылы білім беруге деп бюджеттен 1 трлн теңге, денсаулық сақтау саласына алдағы екі жыл үшін 7,6 трлн теңге, туризм мен спортты дамытуға 141 млрд теңге, мәдениет пен ақпаратқа 165 млрд теңге қазынадан беріледі. Дегенмен, депутаттар ұлттық қордың қаржысына алаңдаулы. Қордан қаражатты ала беретін болсақ, түсім азайып, құрдымға кетпейміз бе дейді.
СҰЛТАНБЕК МӘКЕЖАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Биыл Ұлттық қордан бастапқыда 3,6 трлн теңге алу жоспарланған болатын. Алайда бұл сома жеткіліксіз болғанына байланысты қосымша нысаналы трансферт арқылы 2 трлн теңге алынайын деп отыр. Оған қосымша бағалы қағаздарды алу бойынша транзакциялар жасалды. Соған байланысты трансферттердің жалпы сомасы 6 трлн теңгеден асып отыр. Бұл мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына сәйкес, Үкіметтің құқығы және ондай шексіз мүмкіндіктері де бар екені белгілі. Бірақ енді фактілерге қарайтын болсақ, бүгінгі күні Ұлттық қордан алынып жатқан қаражат Ұлттық қорға түсімдерден асып отыр. Бұл соңғы 2 жылда байқалатын мәселе. Жақында өзіңіздің бір сұхбатыңызда "Үкіметке бюджет кірістерін тұрақтандыру үшін әлі 2 жыл керек болады" деген болатынсыз. Бұны басқаша айтатын болсақ, бұл дегеніңіз алдымыздағы 2 жылда Ұлттық қордың қаражатын белсенді түрде пайдаланатын болсақ, Ұлттық қордағы қаржының жинақталуы күмәнді сияқты».
НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Осы тапсырма аясында Ұлттық банк пен Үкімет арасында нысаналы трансферттердің көлемін бюджеттік қағидаларға сәйкес шектеу туралы мәселені қарастырып жатырмыз. Жақында нақты шешім қабылданатын болады. Экономикалық саясат кеңесінде бұл мәселені толығымен қайтадан қарастырып, бір шешімге келеміз. Жалпы біздің негізгі ойымыз Ұлттық банкпен бір жерден шығып жатыр. Нысаналы трансферттерді шектеу қажеттігі байқалады. Бірақ бұл қалай жасалады, қандай көлемде болатынын анықтап, ұсынатын боламыз».
Қаржы министрі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, жылу, электр энергетикасы, көлік инфрақұрылымы, инфрақұрылым жүйесін қалпына келтіру, өңірлерді дамыту, сондай-ақ "Ауыл – ел бесігі жобасын" іске асыруға қосымша шығындар қарастырылады деп отыр. Депутат Жанболат Жөргенбаев болса, әбден тозығы жеткен гидротехникалық станцияларды жөндеуге биыл бюджетте қаражат қарастырылған ба деп сұрады. Биыл халықтың топан су астында қалып, елден маза қашқаны көпшілік есінде.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Сумен жабдықтау жүйелерін салуға және реконструкциялауға мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінуіне қарамастан, желілердің жай-күйі олардың тозуына байланысты қанағаттанарлықсыз болып отыр. Бұл 60 пайызды құрайды. Қарағанды, Шығыс Қазақстанда орналасқан. Гидротехникалық құрылыстардың ағымдағы жай-күйін және 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын ескере отырып, 2025 жылы су тасқынын болдырмау үшін қандай іс-шаралар жоспарлануда және оларды іске асыру үшін қандай бюджет бөлінді? Ағымдағы жылы қанша гидротехникалық құрылыстар көп факторлы зерттеулерден өтті және оларды жақсарту үшін қандай шаралар атқарылуда? Бүгінгі таңда гидротехникалық объектілер мен бөгеттерді қалпына келтіру және реконструкциялау бойынша жұмыстардың көлемі қандай болды және су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде жыл соңына дейін қандай жұмыстарды аяқтау қажет?»
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
«Рас, су саласында көптеген проблемалар жинақталып қалды. Осы проблемаларды шешу үшін саласындағы жұмыстарды жүйелендіру мақсатында биыл екі құжат қабылданды. 2024-2030 жылға арналаған және 2024-2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамыту кешенді жоспар. 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы салындаы, 20 министрлік тарапынан, 22 су қойма жергілікті атқарушы органдар тарапынан сол кешенді жоспарда енгізілді»
Жауапты министр Нұржан Нұржігітов алдағы бес жылда проблема шешіледі деп уәде беріп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 270 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8TvwX6XUtB0?si=9upvU-BRGNAGNu5W"
Министр қазақстандықтарға телефондағы интернетті үнемдеп, Wi-Fi бар жерде көп жүруге кеңес береді. Телефон тарифінің бағасын біз реттей алмаймыз. Тек үкімет тарапынан талапты ғана күшейтеміз. Ұялы байланыс операторлары базалық станция мен қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі сондықтан, ол нарықтық экономика деп ақталды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
ЖАСЛАН МӘДИЕВ ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ «Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін. Халықтың байланыс операторларына талап қойғаны да дұрыс. Біз, Үкімет ретінде талапты күшейтеміз. Секундына мГбт көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізуді көздеп отырмыз. Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 225 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UjgSugg4zdg?si=SIRevbJqfVO-nc6m"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай, баспасөз турын өткізіп, БАҚ өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.Толығырақ келесі бейнематериалда.
Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрді құрайтын хабта креативті индустрия, жасанды интеллект, стартап жобалар жүзеге асырылуда. Ғимарат заманауи үлгіде жасақталып, ерекше дизайнмен безендірілген.Сонымен қатар, қалашықтағы №9 жатақханаға барып, студенттер үйінде жастардың игілігі үшін жасалған жұмыстарды, жалпы жатақхананың күрделі жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйі көрсетілді.
МЕЙІРБАЙ БЕКЖАН, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ; «Сіздер тұрған ғимарат біздің факультеттің студенттерінің үйі, бізде жалпы ҚазҰУ-дегі жатақхана қоры тарихы 50 жылдан астам, соған қарамастан бізде құрылыс жұмыстары университет есебінен жасалып жатыр.Сіздер көріп отырған, артта тұрған бұған дейінгі қандай жағдайда болды, студенттердің жатын жағдайы, тұрмыстық жағдайы қазір биылдан бастап, яғни қыркүйек айынан бастап айқын көрінуі үшін бұны да дайындап қойдық, жаңарған жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан осындай тап-таза, жаңартылған жөндеу жұмыстарынан өтті. Әзірге қолда барды барынша жөндеп, жинақтап студенттердің жағдайын жасауға тырысудамыз.»
Қазіргі таңда универститет қалашығында 15 жатақхана бар. Ағымдағы оқу жылында үш жатақханаға мен студенттер үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 301 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jKCyowOJvcM?si=ontIsV-m0qiowbOk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fEpIS2oAVb8?si=Y8mRc4yxGMTcYemk"
«Таза энергия». Осындай тақырыпта Астана кітапханаларында кітап көрмесі ашылды. Шараның негізгі ұйымдастырушалары Астана қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы. Аталған шара бір күндік емес. Көрме бір ай бойы кітапхана оқырмандарына қолжетімді болады. Кіру тегін. Сондай-ақ, бүгін кітапхана оқырмандарына «АЭС: ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ» атты 20 минуттық фильм көрсетілді. Ондағы мақсат – атом электр станциясының алдағы жұмысы туралы кітапхана оқырмандары назарына толыққанды ақпарат ұсыну. Халық арасында таза энергия өндіру жолы АЭС туралы үстіртін әңгімелер айтылғанмен, ғалымдар дәлелдеген, ғылыми еңбектер мен деректі фильмдер айтарлықтай көп емес. Сондықтан, ғылыми тұрғыда дұрыс түсінік қалыптастыру үшін осы деректі фильмді арнайы көрсеттік дейді ұйымдастырушылар.
АСУАН СИЯБЕКОВ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ «Бүгінгі іс-шара өте ерекше. Бұндай шара бұрын-соңды болмаған. Кітапханада «Таза энергия» тақырыбындағы мәселелерді көтеру. Тек қана таза энергия айналып келіп физика, экологияға тіреледі ғой. Ғалымдардың еңбектері тек қана жазылған кітаптар ғана емес, ішінде экологиялық тұрғыда, қоршаған ортаны бағалау бойынша элементтерді алып қарасақ пайдалы білім алуға болады. Көрме бір ай көлемінде жүреді. Келем деушілерге есік ашық. Келіп білім алсаңыздар болады».
Тағы басқа мақалалар...
38 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.