
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1gVuv-_CqFg?si=3eS22n9Zc3L7EUw8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 457 рет қаралды
Алматы қаласы бойынша осы оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, белсенді демалыс өткізу үшін мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын бастады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жазғы лагерь 27.05-07.06.2024 күн аралығында, яғни, он төрт күн өтеді. Оқушыларға арналған жазғы демалыс жоспарының орындалуына білім ордалары да ерекше атсалысуда.
Осы орайда Алатау ауданы Дархан ықшам ауданында орналасқан № 210 мектеп-лицейі он төрт күндік мектеп жанындағы жазғы лагері мен спорттық сауықтыру лагерінің ашылу салтанатын өткізді.
Мектеп оқушыларына осы екі апта аралығында арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша керемет іс-шаралар, сайыстар, саяхаттар, шығармашылық жұмыстар өткізу жоспарға қойылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 422 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RfkgK5MakFo?si=hKmFDT2OAS4cp-PF"
Сиверс алма ағашы сиреп барады. Бұл туралы мамандар Алматы облысы Есік мемлекеттік дендрологиялық паркінде ғаламшардағы барлық алма атаулының атасына баланып кеткен сиверс алма ағаштарының генефондын сақтай отырып, жабайы жеміс ағаштарын қалпына келтіру, жергілікті сорттарды көбейту үшін тиімді пайдалану тақырыбында өткен семинар барысында айтты.
Жабайы жемісті ормандарын қалпына келтіру мақсатында өткізілген құндылығы жоғары шарада аталмыш парк қызметкерлері, Жоңғар Алатауы,Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркі өкілдері, сонымен қатар осы салаға қатысты мамандар бас қосты. Алдағы уақытта бес жылға арналған басқару жобасы жүзеге аспақ.
ТАЛҒАТ СЕЙІТҰЛЫ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ» ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бұл тек мақсат қана емес жопарланған бес жыл ішінде жоғарғы көрсеткішке жетуіміз керек дейді мамандар.Сиреп бара жатқан жеміс ағаштарын сақтап қалу бағытында кәзіргі таңда қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.
ТАЛҒАТ СЕЙІТҰЛЫ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ» ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Эколгиялық ағарту мәселелерін жандандыру үшін тек қана сиреп бара жатқан ағаш түрлерін сақтау ғана емес, мамандар даярлау,орман мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қолға алынбақ. Ол үшін парк аумағынан оқу базасын салу көзделіп отыр.
ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ
Жиынға қатысушылар академик А.Жанғалиевтың мұрындық болуымен 2006 жылы құрылған Сиверс алма бағын аралап көрді . Сиреп бара жатқан табиғи байлықтарды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі семинардың маңызы өте зор.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KXVeqUeUR3c?si=ZVW-fG9pNzlRnt8q"
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әсери-патриоттық қозғалысы шәкірттерінің ата-аналары дау шығарды.
Даудың басы - жас сарбаздарға бөлінген ақша қайда кеттіден? басталды. Баласы үшін бәріне дайын ата-аналардың сөзінше, әкімдік алғашында қаражат бөліп, оқушыларды әскери киіммен қамтамасыз етіп отырған. Ал, кейінгі жылдары киім бермек түгілі бөлінген ақшаны көрмедік, амалсыздан барлығын өз қалтамыздан шығардық дейді.
МЕЙРАМГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА АТА-АНА «5 жыл бойы осы мәселені көтеріп келе жатырмыз. Алдағы уақытты 5 жыл бойы осы балалармен жұмыстанамыз, түрлі жарыстарға жібереміз, түрлі шараларға қатысады деген уәделер болған. Одан кейін 1 рет берілді, ол кезде балалар 10 жаста, қазір 15-те. Ешқандай форма берілген жоқ. Форма беріледі деп жылда уәде беріледі. Ақша бермей жатыр деп күттіріп қояды. Одан қалды өлшемдерін алып, жылда ешқандай форма берілмейді. Мына форманы осы отырған ата-аналар өзіміз алып беріп жүрдік»
Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сарбаз» әсери-патриоттық қозғалысы 2019 жылы 5-9 сыныпта оқитын 26 оқушымен ғана ашылған. Ондағы мақсат - өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілік қасиетін дарыту.
ЮЛЬЯ ШЫНЫБЕКОВА БҚО ШАҒАН ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ «Оқушылардың жағдайында нақты мәселе киім жағынан. Себебі тек 5 сыныпта қамтылған болатын, бас киімінен бастап аяқ киіміне дейін. Бірақ содан кейін болған жоқ. Біздер жыл сайын сұранысты бердік. Былтырғы оқу жылында да болған жоқ. Биылға оқу жылының басында болған кезде тендер ұтып алған компания өздерінің мойнындағы жауапкершілікті орындаған жоқ. Мәселе осында»
Осы бағытта таңдау жасаған мектеп түлегі болашақта әскери маман болуға мүмкіндік ала алады. Бірақ, баланың болашағына сәуле шашқан алғашқы ұстаз оқушыларға бар білгенімен бөлісіп, тұрақты жаттықтырғанымен, қолдау таппаған жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүр болған. Бұл жайтқа білім беру бөлімінің бас есепшісі Гүлсара Мурадимова былай деп жауап қатты:
ГҮЛСАРА МУРАДИМОВА БҚО ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ЕСЕПШІСІ «2019 жылы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында “Жас сарбаз” әсери-патриоттық мектебі ашылды. Сәйкесінше 2019-2020 жылдары оқушыларды әскери киіммен қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасап, қаржы қызметтерін жеткізушілер өз жұмыстарын атқарды. Біз жоғарғы сапаны қажет еткендіктен және тендерде көрсетілген қаражат аз болғандықтан 2021-2022 жылдары ешкім алмады. 2023 жылы тендер ұтып алған компания жауапкершілігін орындамған соң біз оны сотқа бердік. Сот шешімімен қаражат бюжетке жыл соңында қайтарылды. Осы жылы қаржы бөлінуін күтіп отырмыз».
Статистика бойынша, Қазақстан әлемдік жастардың даму индексінде 150 мемлекеттің ішінде 54-орында тұр. Әлі де алдыға жылжу үшін үкіметтен бөлінген қаражаттың өз орнына жұмсалуы абзал болмақ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WFSAjlUnIBI?si=QAuSd0fjthi6-xNs"
Атүсті жасалған істің олқылығы қанша жасырғанмен мен мұндалап тұрады. Көкшетау қаласындағы Зарап Темірбеков 2 а көшесінде орналасқан көп пәтерлі үйдің тұрғындары осы мәселеге тап болған. 2020 жылдың күз айында тапсырылған үйдің күні бүгінге дейін маңайы абаттандырылмаған, аулаға жарық тартылмаған. Осы сынды бірқатар қордаланған мәселелері бар тұрғындардың жан айқайы жайлы сюжетке назар аударсақ.
Тапсырылғанына төрт жылдың жүзі жаңа болған үйдің кіре берісіндегі қаптамалар опырылып түсіп жатыр. Кәріз жүйесінің де күйі мәз емес.Тұрғындар қоқысты тастау үшін де біршама жер жүруге мәжбүр. Ауланың дәл ортасына орнатылған трансформатор дүңгіршегін басқа жерге көшіру туралы жауапты қызмет өкілдеріне тұрғындар бірнеше мәрте өтініш айтқанымен, аяқсыз қалған.
НАЗЫМ ТӘБӘРӘК ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Үй жаңа болғанымен, маңайы адам шошырлық. 20 жыл қолданыста болған үйдің сиқына ұқсайды. Сыртқы қаптамасы түсіп жатыр, ауламыз да жоқ. Құрылыс краны салбырап тұр. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Аула мен оған жапсарлас аумақ заман талабына сай абаттандыру шарттарына сәйкес емес. Үйіміз әлі күнге тапсырылмаған. Жертөлеміз суға толып тұр».
Үйдің ауласынан көшеге шығудың өзі мұң. Жуырда кәріз-сорғы станциясының апаты салдарынан кәріз құдығы суға толып кеткен. Одан шыққан лай су тура Қопа көліне ағып жатыр. Үйлердің ауласы шағын көлшікке айналған.Жауын-шашын кезінде бұл жолмен жүру мүмкін емес. Бұл үйде балабақша, мектеп жасындағы балалар өте көп.
БЕРІК БЕКМАҒАМБЕТОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Кәріз мәселесін шешу керек. аулаға жиналады. Жуырда ғана тұрғындар өз қаражатымызға құм төсеген едік. Одан да пайда болмай тұр. Су шайып кетті».
Мердігер ұйымның өкілдері көпқабатты үй жобаға сәйкес тапсырылды деп отыр. Ал нысанға ұдайы қызмет көрсету меншік иелері бірлестігінің міндеті. Ал Әбілқасымов көшесінің жолы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің қарауында.
ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бұл көшеге келсек, бірнеше рет қиыршық тас төселді. Бұдан бөлек, қазір осы маңда үй салып жатқан мердігер ұйым да қосымша осы жұмыстарды атқарды. Қазір судың кеткенін күтіп отырмыз. Одан соң тағы да жолға қиыршық тас төсейміз».
Қалалық құрылыс бөлімі Темірбеков пен Гагарин көшелерінің қиылысы ең қиын бөлік екенін айтып отыр. Жоба 2019 жылдан бастап іске қосылған. Мердігер ұйым Гагарин көшесінің бойында қосымша кәріз құбырының құрылысымен айналысып жатыр. Бұл ескірген инженерлік желілердің жүктемесін біршама жеңілдетпек. Содан соң жаяу жүргіншілер жолы, арықтар қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмыстардың барлығын мердігерлер осы айдың соңына дейін аяқтауы тиіс.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 273 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0k8GxmuIyqI?si=ZCtjBvHuEiVEC1i8"
Қызылорда облысы Тереңөзек кентінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қоғамдық қабылдау өткізді. «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында мобильді топ құрылып, аудан халқына тегін құқықтық көмек көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң аясында тегін көмек көрсету. Мобильді топтың құрамында заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық, білім салаларының мамандары, адвокаттар, сондай-ақ жоба волонтерлері бар.
ОЛЖАС МЫРЗАҒАЛИЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Пара беру мен алудың алдын алатын департамент, мобильді топ арқылы жемқорлықтың алдын алып, қоғам арасындағы өзекті мәселелердің шешілуіне өз септігін тигізгісі келеді. Тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, мемлекеттен несие алу, жеңілдіктер мен субсидиялар мәселелеріне қатысты болды.
МЕЙІРБЕК МАХАМБЕТЖАН СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
АИДА МАХАМБЕТОВА СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мамандар тұрғындардың жеке мәселелеріне қатысты кеңестерін беріп, тиісті көмек көрсетті. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылған мобильді топпен жыл соңына дейін облыстың барлық аудандарын аралап, құқықтық көмек көрсетуді жоспарға алған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 399 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8HI0XYFrAPQ?si=g8Bizw99_iLy87BS"
Күні кеше Қазақстан мектептерінде мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылған еді. Алайда, қанша ескертілсе де аталмыш кеш тыныш өтпеді. Маңғыстауда мектеп түлектері топ болып төбелесті. Мына кадр Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түсірілген. Сөзге келіспей қалған оқушылар жаға жартыса төбелесіп, бір-біріне тас атып жатыр. Оқиғаны полиция департаменті де растады. Жаппай төбелестен кейін түлектер мен олардың ата-аналары үндеу жасап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.
«Ешқандай да бір баланың басы жарылып, көзі шығып болған жоқ. Бас аяғы 5-10 секунд ішінде келіспеушілік болды, ата –аналар да мұғаімдер де болдық. Ішкі істер министрлігі де болды. Ешқандай жарақат алған жоқ. Уақытымен өз жөндерімен кетті. 25 соңғы қоңырау болады дегенге дейін мұғалімдер тарапнан, ішкі істер министрлігі тарапынан, әкімшілік тарпынан айтылды, жиналыстар болды, ескертулер жасалып жатыр. Мұғалімнің де, ішкі істер министрлігінің де кінәсі жоқ. Кешірім сұраймыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 309 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2_bptNUG0wY?si=ci1hypDpy0wOYCV4"
Қазақ жұрты мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері - Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде өткен қоштасу рәсіміне марқұмның отбасы, Парламент депутаттары, министрлер, ғалымдар мен медицина саласының өкілдері қатысты. Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен туыстарына. Аса көрнекті ғалым, Тағам тану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.Төрегелді Шарманұлы саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына, бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, дүниежүзі ұйымы ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі.Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халықымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жанатта болсын»
Айта каетейік, саналы ғұмырын отандық медицина саласының дамуына арнаған қайраткер Төрегелді Шарманов 25 мамыр күні белгілі академик өмірден озды.94жасқа қараған шағында өмірден озды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 383 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/91bkgcFpHGM?si=seZQNj3cpI7xEaTQ"
Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды. Жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ҚазАвтоЖол желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Салдарынан 25 адам зардап шекті. Автобуста 37 турист болды. Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 378 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vh5oemmA3m0?si=2Dpwz71-xjnH9jle"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 318 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AEnyIBlKHNk?si=5m6ru-4PxUf_hReT"
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға жасаған мемлекеттік сапар аясында «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты тақырыпта дәріс оқыды. Президент жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.
1980-жылдардан бері Юсоф Исхак институты (ISEAS) ұйымдастырып келе жатқан Сингапур лекциялары – академиялық топтар, саясаткерлер, дипломаттар мен жас ғалымдар үшін мемлекеттер басшылары мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткерлердің ұстанымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін алаң. Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, өзінің өмір жолында Сингапурдың айрықша мәні бар екенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:«Мен көп жыл бұрын осы елде жас дипломат ретінде қызмет еттім. Осынау асқақ рухты мемлекеттің тамаша табыс жолынан жаңылмай келе жатқанын өз көзіммен көру үшін Сингапурға тағы да келгеніме қуаныштымын. Елдің негізін қалаушы Ли Куан Юдің көреген көшбасшылығымен жүргізілген Сингапурдағы әйгілі экономикалық өзгерістер, шын мәнінде, мемлекеттің іргесін нығайтудың және экономикалық өсімге қол жеткізудің жарқын үлгісіне айналды. Сіздердің еліңіз Қазақстанды даму мен өркендеу бағытында өзіндік жол таңдауға жігерлендіреді. Расында, Сингапурда өткізген жылдарымда табандылық пен жаңашылдықты үйрендім. Бұл қасиеттер қазіргідей құбылмалы әлемде Қазақстанның келешегі туралы пайымымның қалыптасуына әсер етті».
Шара аясында Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-саяси өзгерістер жөнінде айта келіп, «Әділетті Қазақстан» және Премьер-министр Лоуренс Вонг ұсынған «Алға, Сингапур» бағдарламаларының мақсаттары мен қағидаттары ұқсас екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инвестициялық саясат және экономиканы әртараптандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты.
Оның пікірінше, географиялық алшақтыққа, жер көлемі мен тарихындағы айырмашылықтарға қарамастан, Қазақстан мен Сингапурдың көптеген құндылықтары ортақ әрі ұқсас сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.Қазақстан Президенті Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.Өз кезегінде Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін және экономикалық жағдайды зерттеуде Қазақстан Президентінің дәрісі өзекті саналатынына тоқталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 366 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5_FMBPqF9LA?si=1fqzhUKv8uCOPNvl"
31 мамыр – Қазақ тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күн. Айтулы күнге арнап Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары оқушылармен бірге «Тарлан тарих тағылымы» атты ашық сабақтар өткізді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Елімізде 1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Білім қабырғасында өткізіліп жатқан іс шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
КУЛЬЖАН САУЫТҚЫЗЫ М.ГАНДИ АТЫНДАҒЫ №92 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ «Бүгіз біз ұстаздармен бірлесе отырып, ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандар мен туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды еске алу мақсатында мектебімізде осындай іс-шара өткізудеміз. Осының құрметіне лицейімізде «Патриоттар» залы ашылуда. Жыл сайын репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларын еске алу күніне орай осындай ашық сабақтар өткізіп тұрамыз. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы және болашақ ұрпаққа үлгі істердің бірі деп есептейміз».
Сондай ақ, Қазақстандық жас патриоттар академиясының басшысы Ділдаш Рысқұлбекқызы бүгін тұсауы кесілген «Патриоттар» залына былтырдан бері ерен еңбегі бар азаматтарды шақыру, оларды құрметтеу жайында өз ұсыныстары мен ой пікірлерін білдірген.
ДІЛДАШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Енді бүгін біз алаш арыстарын еске алып жатырмыз, алаш арыстарын 31-де сол репрессия құрбандарын еске алатын күн ғой. Мынау жаңалықтағы тұрған ескерткіштің бастамасы Талғар ауданының әкімшілігі бастап, сол жерге кішкентай ескерткіш қойып, аяғында керемет ескерткіш болып отыр қазір. Сол мерекеге қарсы мына мектептің жасап отырған үлкен іс шарасы. Осылай әр мектеп осылай патриоттық сезіммен іс шара өткізсе, бізде қазір 7 мыңға тарта мектеп бар ғой, 3 миллионнан артық оқушы бар. Сонда елімізде патриоттар саны көбейеді».
Іс шараға, мектеп оқушыларымен қатар елімізде су тасқынынан зардап шеккен облыстардың оқушылары да қатысып, тың ақпараттармен білімдерін толықтырды.
АЯЖАН НҰРЖАН СҚО ШАЛАҚЫН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫСЫ «Біз «Балдаурен Қонаев» орталығынан Махатма Ганди атындағы 92 лицейге келгенімізге өте қатты қуаныштымын. Лицей бізге жас патриоттар атағын берді. Лицейдегі өткен тренингтарына қатысқаныма, ұжымына, бізге көмек көрсеткеніне алғысымды білдіремін. Өткен тренингтарда біз көп балалармен таныстық. Болашақта қарым қатынасымызды сақтаймыз. «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып» деп Б.Момышұлы айтып өткендей, еліме адал қызмет етуді мақсат қылып қойдым».
Бұл күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті ұмытпауы тиіс.
Тағы басқа мақалалар...
78 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.