ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа премьер министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Үкіметті Олжас Бектенов басқаратыны жазылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - деп жазылған жарлықта.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық Әділет департаментінде бөлімнің бас маманы болып бастаған. Ал 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.
2006-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде, Қазақстан Республикасы Агенттігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған. Қазақстан Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы), Астана қаласы әкімінің аппараты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті.
Олжас Бектенов сонымен қатар Ақмола облысы әкімінің орынбасары (2017-2018), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (2018-2019), Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. (2019-2022).
Ал 2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Ол бұл қызметті 2023 жылдың сәуіріне дейін атқарды.
Содан кейін мемлекет басшысының 2023 жылғы 3 сәуірдегі жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
2-дәрежелі "Айбын" (2014 ж.), 2-дәрежелі "Даңқ" (2021 ж.) ордендерімен марапатталған.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2024 жылдың 5 ақпаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдап, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Президент қаулы етті:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, делінген ақпаратта.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қытайлық автоөндірушілер әлемдік нарықта бірінші орынға шықты. Осылайша Қытайдың автомобиль экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы дерегіне сүйенсек, 31 қаңтарда Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты туралы деректерді жариялаған.
Атап айтқанда, 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.
“Бұған дейін Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытайдың автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытайдың автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді”, - делінген ақпаратта.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық баcылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды.
"Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті. Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді. Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін", - делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Ұлттық басылым күні елімізде алғаш рет аталып өтуде. Мереке былтыр бекітілген еді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Министрлік енді тамыздың 31-не дейін созуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Егер бұрын бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері құжаттарды сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өткізе алады.
“Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады”, - делінген ведомство хабарламасында.
Демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан берілетін ақшаның алғашқы бөлігі бүгін аударылған. Осы орайда оны пайдалануға өтінім берген жастардың ширақтығы таңғалдырып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Отбасы банкінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі ең ширақ жастар Оңтүстік Қазақстанда тұрады. Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға бірінші болып Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары өтінім берген.
“2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады. Оны Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) enpf-otbasy.kz платформы арқылы онлайн режимінде жүзеге асыруға болады. Еnpf-otbasy.kz Платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенті пайдаланды. Диас Болат, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екінші курс студенті. Ол болашақ дене шынықтыру мұғалімі. 18 жастағы тәлімгер enpf-otbasy.kz платформада ең бірінші болып ағымдағы шот ашқан”, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, ол «Ұлттық қор – балаларға» жобасынан аударылған қаражатты Отбасы банкінің депозитіне салып, болашақта баспана алуға қаражат жинаймын –деп жоспарлаған көрінеді.
Тағы басқа мақалалар...
35 ішінен 68 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.