ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі зейнеткерлер қатарында ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды. БЖЗҚ дерегіне сүйенсек, биыл қаражат тағы өскен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2024 жылғы 1 қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 17,9 триллион теңге зейнетақы жиналған. Осылайша 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайып отыр.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша сома — 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім — 27,6%), ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) — шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім — 48,3%) болды. 2023 жылы салымшылардың шотына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарнасы түсті.
Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық.
Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені құраған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотының саны 12,3 млн болды.
Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы — 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы — 742 692 теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ай сайынғы төлемнің орташа сомасы — 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы — 707 326 теңге болған еді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жаңа магниттік дауыл тұрады деп болжануда. Қазірдің өзінде 3 күндік тербелістері басталған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Елдегі магниттік дауыл туралы Закон.кз жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, магниттік тербелістер бір күн бұрын басталған. Әрі 3 күнге жалғаспақ.
Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының сайтында ұсынылған кестеге сәйкес, 24 қаңтарда сағат 18.00-де Жер магнитосферасы турбулентті болады. Содан кейін 25 қаңтарда дәл осы уақытта, ал 26 қаңтарда бұзылулар шарықтау шегіне жетеді. Мәскеу уақытымен 6.00-де және түстен кейін басылады. Ал 27 қаңтар мен 17 ақпанды қоса алғанда магнитосфера тыныш болады.
18 және 19 ақпанда G1 магнитті дауылы болады деп болжануда.
Магниттік дауылдардың күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен, ауа-райына тәуелді адамдар мұны сезінеді. Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денесін мұқият тыңдауға және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мәжілісте вейпке тиым салатын заң жобасын қабылдады. Бұл мәселе 3 жылдан бері қызу талқыланып келген еді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, заң жобасында темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары қарастырылған. Оған сәйкес енді елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, вейпке тыйым салу мәселесі үш жыл бойы қызу талқыланып келеді.
"Қазіргі кезге дейін бейресми ақпаратқа сүйенсек вейптердің таралуы 200 есеге өскен. Олар қазір қаптап тұр, барахолкадан немесе кез келген дүкеннен балалар сатып ала береді. Сондай-ақ жуырда "Балалар қоры" атты қоғамдық ұйымның кішігірім әлеуметтік зерттеуі бойынша алматылық балалардың 80%-і, астаналық балалардың 83%-і вейп қолданады деген ақпарат шықты. Бұл өте қауіпті үрдіс. Біз оған тоқтау салуымыз керек. Сол себепті біздің қазіргі бағытымыз – балаларды осындай қауіп-қатерден, денсаулығына зиян келтіретін індеттен сақтау. Позиция осы", - деп түсіндірген депутат мәжіліс кулуарында.
Жаңа нормаға сәйкес, вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Дәлірек айтқанда, вейпті сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекет үшiн – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сонымен қатар осы заң аясында медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезіндегі міндетті клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда тағы жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы 2 балл, бірақ 2 рет, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеді. Табиғат мінезі Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінген хабарламада.
Екінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Екеуінің де баллдық көрсеткіші 2.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматы қаласы сеймикалық қауіпті аймақта орналасқанын ешқашан ұмытпау керек. Өйткені апат айтып келмейді.
Осы орайда Алатау телеарнасы халыққа жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды есте ұстауды хабарлайды.
- жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- жер силькіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- жихаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргэлі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- көп қабатты үйлерде жер силькінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- простирал жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- электр желалерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- жер селкінуіне дайын болыңыз;
- қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндигі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңиз.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болғанын жазған едік . Табиғат апатынан 8 адам зардап шекті.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыдағы жер сілкінісі болардан бұрын қалада ешқандай ескерту дабылы, электр сиреналары қосылған жоқ. Десе де бұл жағдайға әкімдік былай деп пікір білдіруде, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың сөзіне сүйенсек, сиреналар 5,5 балл жер сілкінісі жағдайында ғана қосылады екен.
“Алматыда барлығы 843 электр сиренасы бар, бұл 100% қамтуды құрайды. Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5.5 баллдан асатын тербелістерді тіркеген кезде іске қосылады. Тиісінше, 4-тен 5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелген кезде сиренаны қосу қажет емес. Ол дүрбелең тудырар еді.", - деп түсіндіреді спикер.
Сонымен қатар ол Алматыда халықты жинайтын 384 пункт барын да еске салды. Бірақ қауіпсіз нүктелер бір жарым сағат аралығында есігін ашқан.
“Біздің қалада 384 нысан бар-бұл 229 мектеп және 115 балабақша. Олардың барлығы сейсмикалық тұрақты. Түнде күзет сол жерде жұмыс істеді. Жарты сағат-сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерге келіп, халықты қабылдады”, - деп түсіндірді ТЖД басшысы.
Бұл түні пункттерге 11 мыңнан астам адам жүгінген. Оның ішінде 3,5 мыңы бала. Қазіргі уақытта 1000-нан астам адам бар, олардың барлығы осы сағат аралығында үйлеріне тарайды.
Айта кетейік, 23 қаңтар түнгі сағат 00:09-да 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 8 адам зардап шеккен. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.
Тағы басқа мақалалар...
37 ішінен 68 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.