ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады. Сөзінше дабыл белгілері дер кезінде қосылған жоқ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Үкімет басшысы осы жағдайға байланысты жауапты адамдарға нақты тапсырма берді.
"Бақытымызға орай, қаза болғандар мен ауыр зардаптар болған жоқ. Бірақ жарақат алғандар бар. Дер кезінде хабары жоқ және нақты әрекеттері жоқ адамдар үрейленді. Олар екінші және үшінші қабаттан секірген кезде зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін дер кезінде қосу қажет екенін көрсетеді. Халыққа мүмкіндігінше ертерек хабарлап, хабарламалар жіберіңіз", - деді Смайылов.
Сондай-ақ ол жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда оқу-жаттығуларды жиі өткізіп, тұрғындардың іс-әрекет алгоритмін іс жүзінде білуі керегін еске салды. Әрі нақты 3 тапсырма жүктеді. Яғни:
Бірінші. Облыстық әкімдіктер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, осындай төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын түзетуі қажет.
Екінші. Жақын арада жедел ден қою үшін әкімшілік органдардың басшылары мен жауапты тұлғалары мен азаматтық қорғау күштерінің диспетчерлік пункттерінде кезекшілік енгіземіз. Бұл барлық маңызды ұйымдарға қатысты. Ол үшін жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда азаматтық қорғау жүйесін жоғары дайындыққа келтіру қажет.
Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі зардап шеккендерді емдеуге қажетті шараларды қабылдауда. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстайтын болады. Қажетті қызметтер арасында, оның ішінде жер сілкінісінің ошақтары орналасқан көршілес мемлекеттерде нақты өзара іс-қимыл орнату.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда болған жер сілкінісі халықты әбігерге салған еді.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін дүмпулер қанша уақытқа жалғасады? Халықты әбігерге салған табиғи апат қайта бола ма? Осы сұрақтарға мамандар жауап берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, енді Алматыда ірі жер сілкінісі болмайды.
"Сейсмикалық жағдайдан кейін Қырғызстан мен ҚХР аумағында 100-ден астам афтершокок тіркелген. Қала тұрғындары 5-тен аспайтын афтершокты сезінді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Түркия мен Сирияда болған оқиғаларды алайық: жер сілкінісі осы күнге дейін болып жатыр, біз осы оқиғаларды тіркеп отырмыз. Сондай-ақ, сіз күн сайын Кахраманмараш пен Сириядағы оқиғаларды жаңалықтан көріп отырсыздар. Бізде жойқын зілзала бола ма? Мен 100% жоқ деп айта аламын. Бізде күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды, қатты жер сілкінісі болмайды. Дүмпу азайып барады,” - деді Дәулет Сәрсенбаев.
Айта кетейік, 23 желтоқсан түнгі 00-09 сағат уақытында алматылықтар қатты жер сілкінісін сезінді. Апат күші 5 балл деңгейінде бағаланды. Көп ұзамай тағы бірнеше тербеліс тіркелген болатын.
Жер сілкінісі кезінде халық әбігерге түсті. Қала көшелері кептеліске ұласып, адамдар қауіпсіздігіне арналған арнайы нүктелер кешігіп барып есігін ашты.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Былтыр әлеуметтік көмек мақсатында төленетені қаражатты 1,3 миллион ұазақстандық алған. Берілген ақшаның жалпы соммасы 750 миллиардтан асып жығылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, қаражат мемлекеттік сақтандыру қорынан аударылған. Тіпті бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 70%-ке көп.
Асыраушысынан айырылған 64,3 мың отбасыға 26,8 млрд теңге сомасында берілді, бұл 2022 жылғы сомамен салыстырғанда 26%-ке артық. Бұл төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері - 51 574 теңге.
"Ал жұмысынан айырылған 224,1 мың адамға 49,9 млрд теңге төленді. бұл 2022 жылғы алушылар санынан 2 есе артық. Бұл төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері шамамен 60 мың теңге", - делінген ақпаратта.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған 287,5 мың адам былтыр 348,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған. Бұл да 2022 жылғы әлеуметтік төлеммен салыстырғанда шамамен 2 есе көп.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланады. Яғни олардың отыратын тұсына арнайы қоршау қойылмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы айтты. Сөзінше мұндай шешім желтоқсан айында болған апатқа байланысты қабылданған.
“Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз”, - деді ол.
Естеріңізде болса, желтоқсан айының соңында автобус бір топ адамды қаққан еді. Оқиға жанжал шығарып, артынша жүргізушіге қол жұмсаған жолаушы әрекетінен болды. Апат салдарынан 3 адам көз жұмды.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясын орындауға мандат берді. Алғаш рет қол жеткізген құжаттың маңыздылығын Қорғаныс министрі Парламент қабырғасында баяндады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов БҰҰ Қазақстанға тәуелсіз бітімгершілік миссиясына мандат бергенін айтты. Әрі мұндай жағдайдың бірінші рет қол жеткізілгеніне тоқталды.
"Бүгін біз алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия бергеніне қол жеткіздік, біз өз туымыздың астында орындауға барамыз. Біріншіден, бұл аумақтарды патрульдеу, коменданттық қызметті атқару, рота резервте болады. Біздің барлық қызметіміз лицензияланған”, - деді министр.
Жеке құрам қазірдің өзінде дайын және БҰҰ-ның оң бағасын алған. Қазақстандық әскерлердің негізгі міндеті – запаста болу, коменданттық қызметті атқару, қажет болған жағдайда миналарды тазарту және БҰҰ нысандарын қорғау.
Министр БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамға дейінгі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін (запастағы рота, штаб офицерлері, әскери бақылаушылар және мамандандырылған бөлімдер) жіберу туралы ұсыныс жасады:
- "Голан биіктеріндегі БҰҰ-ның бақылаушы күштері" (UNDOF, Сирия – Израиль);
- "БҰҰ бітімгершілікті қадағалау ұйымы" (UNTSO, Палестина – Израиль);
- "Оңтүстік Судан Республикасындағы БҰҰ Миссиясы" (UNMISS, Оңтүстік Судан);
- "Абьее үшін БҰҰ-ның уақытша қауіпсіздік күштері" (UNISFA, Судан).

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Азаматтық авиация комитеті әуе рейстерінің уақытылы орындалуы жөнінде мәлімет жариялады. Онда 1 жыл бойында ұшқан ұшақтардың төрттен бірі уақытынан кешіккен екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Дей тұрғанымен комитетте былтырғы көрсеткіштің жақсарғанын айтуда. Яғни 2022 жылмен салыстырғанда кешігу уақыты әлдеқайда қысқарған.
Былтыр жалпы 71 895 рейс орындалыпты. Оның ішінде 16 666 рейс кешіккен. Рейстердің уақытылы орындалу пайызы 77% құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған.
"Кешігудің негізгі себептері – әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және т. б. Сонымен қатар, Қазақстан премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қанша ұшақ барын жазған едік.
Тағы басқа мақалалар...
38 ішінен 68 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.