- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 288
https://www.youtube.com/embed/qcFsVkMnWFw?si=EI-ef1zZdS1QxRmX"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімін қабылдады.Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңір әкімі былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Құмар Ақсақалов 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 331
https://www.youtube.com/embed/Wafz3KHXABc?si=birGVse4HABDE9Wg"
Жас ұрпақтың, жалпы халықтың мәдениетін көтеру керек. 20 млн халқы бар елге ортақ құндылық қажет деген сенаторлар, елдік сананы оятып, тарихи жадына қайта қалпына келтіру керек деп санайды. Тіпті Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығу дұрыс болады деген пікірде. Сенаторлар ұсынған ұсыныс туралы толығырақ тілші бейнематериалында.
Тарихты дұрыс жазып, дұрыс оқыту керек. Бұрмаланған тарих ұлттың жауы болады деген сенатор Дархан Қыдырәлі мектептегі Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығу керек дейді. Депутаттың бұл ұсынысына биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарының аяталғаны себеп болған. Оқулық та осы еңбектің негізінде жазылуы керек дейді ол.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі. Жоғары оқу орындарының бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізу маңызды».
Ал, депутат Нұртөре Жүсіп 20 млн халқы бар қазақ елінің ұлттық құндылығын дәріптеуді қайта жалғау керек, ол үшін Рухани жаңғыру, Мәдени мұра сынды бағдарламаларды жаңғыртқан дұрыс дейді. Депутаттың бұлайша дабыл қағуына мына оқиғалар себеп болған.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар. Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп, жағамызды ұстаған едік. Жаңа жыл қарсаңында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік. Осы видеолар халықаралық пабликтерде мыңдаған қаралым жинап жатыр. Сонда біздің мәдени деңгейіміздің жеткен жері осы ма? Мұндай масқара оқиғалардың себебіне үңіліп көрдік пе? Аш дейін десеңіз, аш емес, тоқ дейін десеңіз, тобырлық деңгей мынау. Бүгінгідей тоқшылық заманда осыншама тоғышарлыққа бой алдыратындай күйге неге түстік? Ең алдымен – тәрбие. Еліміздегі тәрбие мәселесі дұрыс емес. Отбасындағы тәрбие далада қалды. «Біреудің затын алма, тегін болса да тиіспе» деген ежелгі тыйым қайда кетті? Халқымыздың «ұят болады, жаман болады, обал болады» деген үш-ақ ауыз сөзбен түйіндеген даналығы желге ұшқаны ма? Қазақта көргенсіз деген ұғым бар. Кез келген адам үшін өте ауыр сөз. Ақ көйлектің жағасы кірлесе, жуып кетіруге болады, ал ұлттың атына кір келсе, оны қалай кетіреміз? Тәрбиемен қатар қоғамның мәдениетін де жетілдіру керек».
Одан бөлек, сенат депутаттары солтүстік өңірді газбен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру, отандық фарм компанияларды қолдау сынды мәселелерді көтерді. Бұл депутаттық сауалдардың қаншалықты жүзеге асатыны ол уақыттың еншісінде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 340
https://www.youtube.com/embed/v6EMTfGBgS8?si=YCfWJCeFRzYxAAZg"
Жүрсең жалықтыратын жол, көңіліңді құлазытар көше мәселесі Қызылорда қаласының тұрғындарын да айналып өтпеді. Абай көшесі 44 үйдің ауласында тіпті жаяу жүргіншілер жолы жоқ деп тұрғындар уәждерін айтып отыр.
Бұл үйдің ауласына «Қызылорда жолдары» мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізгенімен жұмысшылардың жауапкершілігінің жоқтығы сол құрылыс қалдықтарын жинамай, қаз қалпында тастап кете барғандарына да айдың жүзі болған.Сондай-ақ, тұрғындар есігіміздің алдында жаяу жүргіншілер жолы жоқ деп ашуланып отыр. Үйдің ауласында еркін жүріп-тұру қауіпке айналған.
АИДА САҒЫНДЫҚОВА АБАЙ КӨШЕСІ 44 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ
Аулаға ешқандай тротуар салынбағанына және арнайы белгі де қойылмағанына қарамастан жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асыратын көрінеді. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов департамент тарапынан жол белгілерін қою жөнінде ұсыныс берілгендігін алға тартты.
ШАМШИДИН АМИТОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Тұрғындар қанша тулағанымен көңіл бөлер билік болмай отыр. Мәселе оң шешімін тауып,халықтың алғысын арқалар күн де алыс емес деген үміттеміз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 336
https://www.youtube.com/embed/VgwoPt_xAKs?si=hq1SfZj3z7vHteEq"
Алматы қаласы мен ел өңірлерінің тұрғындары үшін – диагностикасы күрделі аурулары бар пациенттерге республикадағы ең заманауи толық кардиопакеті және 3D-визуализациясы бар премиум-класты Скенариа Вию 128 КТ аппараты қолжетімді болды. Заманауи бірегей аппаратта зерттеу Алматы қаласы бойынша тек Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми зерттеу Институтында жүргізіледі.
Бірыңғай платформада 3 технология шоғырландырылған: клиникалық химия, иммунологиялық талдау және ионоселективті электродтармен диагностикалық тестілеу. Пациенттер үшін тексеру жүргізу барысында жайлылық маңызды. Науқастар неғұрлым өздерін бос ұстаса, кескін соғұрлым айқын болады, бұл дәл диагноз қоюға және қажетті емдеу туралы бірден шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
МАРАТ ПАШИМОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Өздеріңіз білесіздер, бізде ішкі аурулар және қосымша кардиологиялық потология мен науқастар жатады. Соларға жаңа диагноз қою үшін, кардио пакет пен және ішкі аурулардың бүкіл органдарды тексеру жаңа заманауи соңғы үлгідегі аппаратты қойып жатырмыз».
Сонымен қоса, үстелдің көтергіштігінің жоғары болуы тіпті салмағы 250 кг. ірі пациенттерді орналастыруға мүмкіндік береді, яғни қолын зорға көтеретін науқастарды сканерлейді. Philips Epic Cvx жаңа буынының ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі де орнатылды. Ол басқа стандартты ультрадыбыстық жүйелерден эхокардиографиядағы көлемді деректерді бағалау үшін премиум диагностикалық сапасымен ерекшеленеді. Зертханалық зерттеулерге Cobas pure жүйесі орнатылды. Жаңа жүйе жұқпалы аурулар, онкология және кардиологияны қоса алғанда, әртүрлі аурулар бойынша 186-дан астам тестіге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ал, аллергиялық және аутоиммунды генез аурулары бар науқастарды диагностикалауға арналған «Phadia 250» әртүрлі қоздырғыш факторларға аллергиямен барабар күресуге мүмкіндік береді. Phadia 250 халықаралық анықтамалық стандарттарға (ДДҰ) сәйкес келетін клиникалық маңызды антиденелер мен биомаркерлердің сандық нәтижелерін алуға мүмкіндік туғызбақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 325
https://www.youtube.com/embed/XN0hWv4Knf8?si=26HBvGdecbedb19d"
Жапонияда 1 қаңтарда болған үлкен жер сілкінісінен қаза тапқандарды іздеуді жалғастыруда. Құрбан болғандар саны 200-ден асты, тағы 68 адам хабар-ошарсыз кетті.
Ауыр зардап шеккен аудандарда ауқымды іздеу жұмыстары тек 9 қаңтарда басталды. Бұл үшін Жапония билігі қорғаныс күштерінің 6300 әскери қызметкерін бөлді. Бірақ суық ауа-райы, қатты жаңбыр мен қар әлі де кедергі келтіруде.Үкімет зардап шеккендерді қалпына келтіру және оларға көмектесу үшін 33 миллион доллар бөлуді мақұлдады. Бұл ақша бюджеттік қорлардан бөлінеді. Олар басқа шараларды қабылдауға уәде береді.
ФУМИО КИСИДА ЖАПОНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ : «Сондай-ақ, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ақша ағындарын қолдау үшін мен ерекше жағдайларға салықты алдын ала бөлу сияқты жергілікті қаржылық шараларды қамтамасыз ету үшін бар күшімді салуды сұрадым».
Мыңдаған жергілікті тұрғындар сусыз және электр қуатынсыз қалды. Көмек беруге ауа-райы да кедергі келтіруде.
ЗАРДАП ШЕККЕН АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ : «Қайта құру қашан басталады? Уақытша тұрғын үй қашан салынады? Мүмкін бұл әлі шешілмеген шығар, бірақ бізде ақпарат жоқ. Егер бірдеңе шешілсе, біз білгіміз келеді. Егер бізде мұнда өмір сүруге жағдай болмаса, онда біз көшу туралы ойлануымыз керек. Біз мұның бәрі қанша уақытқа созылатыны туралы ақпарат алғымыз келеді. Осы уақытқа дейін бізге су алу керек болады? Сыртқы дәретханаға бару да қиын».
7,6 баллдық жер сілкінісі Жапонияның батыс жағалауындағы Исикава префектурасындағы Ното түбегінде жаңа жылдың бірінші күні болды. Бұл Оңтүстік Кюсю аралындағы 2016 жылғы жер сілкінісінен бері ел үшін ең қауіптісі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 330
https://www.youtube.com/embed/azSqerlscLI?si=rzPZ6CEaB3lKXsCu"
Отандық әскерилер қазақ батырларының құрметіне арналған челендж бастады. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласындағы механикаландырылған құрамасының мотоатқыштары "Батыс" өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бастап, астаналық құрама әскери қызметшілері қостаған челленджді жалғастырды. Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған құраманың әскери қызметшілері 24 шақырымдық марш жасады. Жүгірушілер легін құраманың штаб бастығы подполковник Арман Сабыров, сондай-ақ бөлім командирінің орынбасарлары мен құрама сержанты басқарды. Спорттық челленджге офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден бөлек мерзімді қызметтің сарбаздары да қатысты.
БАҚЫТЖАН АЙТБАЕВ 1-ДӘРЕЖЕЛІ СЕРЖАНТ: «Бүгінгі біздің іс-шара 2024 жылға арналған челенджді қабылдап, бригада құрамымызбен 24 марш жасаудамыз. Бүгінгі іс-шара челенджімізді Шығыс өңірлік қолбасшылығына жолдаймыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 299
https://www.youtube.com/embed/uQuF7UG2YXk?si=WFG4j_BETpfuzHYe"
Boeing компаниясы өздерінің Alaska Airlines ұшағы ұшқан кездегі оқиғаға байланысты қателерін мойындайды. Boeing 737 MAX 9 ұшағының қосалқы техникасы істен шыққаннан кейін ұшқыштар қонуға мәжбүр болған.
Абырой болғанына ешкім қатты зардап шеккен жоқ. Бірақ та бұл оқиғадан кейін танымал Boeing ұшағының жасалу жолына күмән бар. Бас директор Дэйв Калхун сапаны бақылаудағы кемшіліктерді мойындады. Ол Boeing мәселесін шешуге және оның қайталанбауын қамтамасыз ететінін айтты. Американдық мамандар тексеру жүргізу үшін 171 ұшақтың жұмысын тоқтатты. Дүние жүзіндегі авиакомпаниялар да солай жасады. United Airlines өзінің кейбір ұшақтарында бос болттарды тапқанын айтқаннан кейін алаңдаушылық күшейе түсті. Ақ үйдің өкілі сейсенбіде саяхатшылардың өздерін қауіпсіз сезінуге құқығы бар екенін айтты.
КАРИН ЖАН-ПЬЕР АҚ ҮЙДІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Операторлар ауқымды тексерулерін толығымен аяқтамағанша, Boeing-тің белгілі бір ұшақтары жерде қалады».
MAX типті ұшақтар алдыңғы өліммен аяқталған екі апаттан кейін мұқият бақылауда болды. Оқиғалар өндірістік қатеге байланысты болды. Бұл оқиғалар кейіннен жойылған өндірістік қатеге байланысты орын алған. Бірақ содан бері ұшақта өндіріс пен сапаны бақылауда көптеген мәселелер туындады, бұл Boeing беделіне одан әрі нұқсан келтіруі мүмкін. Деректер компанияның 2023 жылға арналған ұшақ жоспарларын орындағанын көрсетеді, бірақ бесінші жыл қатарынан өзінің басты бәсекелесі Airbus-тан артта қалды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 321
https://www.youtube.com/embed/eb-7GKc9WJo?si=vRHV_DyJkpweYX-L"
Заңсыз вейп сатумен айналысқандар ұсталды. Қостанай облысының екі азаматы 2022 жылдан бастап 2 жыл бойы Қазақстанға Ресейден заңсыз түрде электронды темекі мен вейптер тасымалдап келген. Қаржы мониторинг агенттігі ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.
ӘДІЛБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі.Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген. Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/jv8k2ftCXOA?si=o9MrfLvjW_n127g1"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/WgM2sO63pDc?si=AsroX7YP5mj4TuU7"
Австралияда жасалған торт, тәбетті көтереді. Дәмі де жағымды. Бірақ оның құпиясы бар. Кейбір ингредиенттерінен в дәруменді салат жасауға болады.
КРИСТОФЕР ТЕ ШЕФ-ПОВАР: «Шпинат, куркума, асқабақ және қызылша».
Торттың рецептін Сиднейден келген Аспаз Кристофер Те жасаған. Дәмдердің дұрыс тепе-теңдігін табу қиын болды.
КРИСТОФЕР ТЕ ШЕФ-ПОВАР: «Мен торттың бірінші нұсқасын жасаған кезде, оның дәмі карриге ұқсаған болатын».
Сарапшылардың пікірінше, мұндай торт миға пайдалы. Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің Денсаулық сақтау мамандары дұрыс өнімдерді таңдауға көмектесті.
ЙОХАННЕС ЛЕ КУТР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕСШІ: «Тағамдық ингредиенттерде денсаулықты нығайтуға күшті әсер ететін заттар бар».
Қызылша қан айналымын жақсартады, тамыр қабырғаларын нығайтады және қартайған кездегі деменциядан қорғайды. Зәйтүн майы Альцгеймер ауруының дамуына жол бермейді. Балдың қабынуға қарсы, бактерицидтік және вирусқа қарсы қасиеттері бар. Көкжидек пен куркума өмірлік маңызды органдарға оттегі ағынын күшейтеді.
ЙОХАННЕС ЛЕ КУТР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕСШІ: «Соңғы 30 жылда адамдар тиімді тамақ туралы көбірек білуде».
Аспаздық туынды "ұмытылмас торт"деп аталды. Ол "дөңгелектегі тамақтану" қайырымдылық қорының 70 жылдығына орай жасалды. Ол егде жастағы адамдарға тегін азық-түлік жеткізеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 305
https://www.youtube.com/embed/ElgaeRHoTvA?si=mGOtooT9WHC2G6so"
Испанияның бес аймағында бетперде тағу талап етіліп отыр. Әзірге тек ауруханаларда. Оған себеп, мереке маусымында тұмау мен COVID-19 жағдайларының көбеюі.
Желтоқсан айының соңында бүкіл мемлекет бойынша 100 мың тұрғын арасынан респираторлық ауруға шалдыққандар саны 950-ден асты.Кейбір аймақтарда бұл инфекциямен сырқаттанушылар саны 1500-ге жетті.Валенсия аймағы-ең көп зардап шеккендердің бірі. Осы өңірде бетпердесіз жүру рұқсат етілмейді. Бұл ереже Каталония, Арагон және Мурсияға да қатысты. Ал Галасияда бетперде тағуға қазірше жай ғана кеңес береді.Барселона тұрғындары болса, бетпердені өздерінің қалауымен ауруханадан тыс жерлерден де тағады.
БАРСЕЛОНА ТҰРҒЫНЫ: «Менің ойымша, бетпердені қоғамдық көліктерде, тұмаумен ауыратын адамдар болатын және вирустар көп айналатын жерлерде тағу қажет. Көптеген қарт адамдар зардап шегеді. Біз оларды және өзімізді қорғауымыз керек».
Испания Еуропада COVID-19 пандемиясынан кейін міндетті түрдегі бетперде тағу талабын соңғы болып тоқтатты. Адамдар оларды өткен жылдың ақпан айына дейін қоғамдық көлікте тағуға міндетті болды. Ал медициналық орталықтар мен дәріханаларда – шілде айына дейін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 285
https://www.youtube.com/embed/ojBo6_EmyY0?si=sGOu8TV7cHvV-cO7"
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданында айналма жолды су шайып кетті. Оның зардабын бес ауыл тұрғындары тартып отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Бұл Переметный ауылы маңында орналасқан Атамекен, Шалғай, Зеленый, Егіндібұлақ ауылдарына Деркөл өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу кезінде уақытша салынған айналма жол болатын. Толассыз жауған жауын салдарынан өзеніндегі су деңгейі 2 жарым метрге көтеріліп, айналма жолды шайып кеткен. Қазір 8 техника мен жұмысшылар қайта қалпына келтіріп жатыр.
БОЛАТБЕК АХМЕТЖАНОВ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Перемётный ауылына іргелес қоныстанған 4 ауыл Атамекен, Шалғай, Егіндібұлақ, Зеленый тұрғындары бұл жайтқа наразы болып отыр».
КЕНЖІБЕКХАН МЕНСЕЙТОВ АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Халық қалаға, я ауданға жете алмай проблемалық аймақты бірнеше ондаған шақырым жолмен айналып өтуде. Осындай ұзақ жолмен ауруханаға қалай жетеміз? Күнделікті азық-түлік алу керекпіз. Масқара!».
Жол қатынасын жеңілдету мақсатында салынған өткелге қатысты көпшілік сын айтса, ауыл тұрғындарының бірі "Шыдамымыз таусылды. Жаңа көпір құрылысы қашан бітеді? "-деп сұрады.
ТАЛҒАТ СӘДУАҚАСОВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:«Қазіргі уақытта қалаға және аудан орталығына қатынас Зеленое ауылы маңындағы Деркөл өзені үстінен өтетін көпір арқылы жүзеге асуда».
Еще материалы
Страница 114 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.