- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
https://www.youtube.com/embed/IErQi542qn8?si=gi4tvhO7aPdtMxAn"
Алматыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,сәндік-қолданбалы өнерде өзіндік қолтаңбасымен танымал,суретші Құттыбек Жақыптың шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Өнер иесінің қолынан жасалған туындыларын көруге келгендердің қатары көп. Онда суретшінің патенттелген техникасы,теріге ойма суреттерімен киізге салынған шығармашылығы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫ СУРЕТШІ
Қазақ халқының қолданбалы өнері заманауи суретшілерге жаңа идеялар қоры іспеттес,олардың шығармашылығына шабыт беріп, серпіліс сыйлауда.Құттыбек Тыныбекұлыда ұзақ жылдар бойы өз бастауынан нәр алып келе жатыр деуге болады.
ҚҰТТЫБЕК ЖАҚЫП ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ,СУРЕТШІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 312
https://www.youtube.com/embed/8IryyI81vz8?si=tRNJekewhTDeCR9n"
Ақмола облысының орталығында 15 аспаптың құлағында ойнап, үш тілді жетік меңгерген талант иесі тұрады. 19 жасар көкшетаулық мұнымен шектелмек емес. Болашақта шет ел асып еліміздің атын әйгілі етуді мақсат етеді.
Айхат Қазихан алғаш рет домбыраны 10 жасында қолына алған. Атасы мен әкесінің жолын қууды армандаған ол 4 жыл бұрын Астанадағы Шабыт колледжіне «Домбыра» курсына түседі. Бірақ, 1 курс оқығаннан кейін карантин басталып оқуды тастап кетуге тура келген. Осы күні қолында дипломы болмаса да, кәсіби музыканттардан асып түседі десек, артық айтқандық болмас. Бүгінде бір емес, 15 аспапта еркін ойнайды.
АЙХАТ ҚАЗИХАН, МУЗЫКАНТ «Бізде қазіргі ойнап жүрген «Тұран» этно-фольклорлық ансамбль бар. Солардың концерттерінде болып, үлкен әсер алдым деп айтсам болады. Бес адам бар составтарында. Әр қайсы бірнеше аспапты меңгерген мульти инструменталистер. Сол мені өте таңқалдырды. Маған былайша айтқанда мотивация берді. Яғни, музыкаға деген көз қарасым мүлдем өзгере бастады».
Айхат қазақтың домбырасында, жетіген, қыл қобыз, шаң қобыз, сыбызғы, саз сырнай, шіңкілдек, дабыл және мүйіз сырнайда еркін ойнайды. Одан қалды қоржынында түріктің дарбукасы, латынамерикалық кахон, гитара бар.
Ешбір ұстаздан сабақ алмай-ақ, түрлі аспапты меңгерген талант иесі жоғары оқу орнында ағылшын тілінде оқиды. Ондағы мақсат: ел аралап, өзге ұлттардың мәдениетімен танысу, қазақтың өнерін шет елдерге танымал қылу. Бір аспапты меңгеріп алуға 1-ақ сағат кетсе, енді бір аспаптарды зерттеп, үйренгенше бірнеше ай қажет болады,-дейді ол. Мәселен, ежелгі сыбызғыны меңгеруге 1,5 айы кеткен. Өйткені, ол күрделі аспаптардың қатарынан.
АЙХАТ ҚАЗИХАН, МУЗЫКАНТ«Бізде саз сырнай деген аспап бар. Саз сырнайда арнайы түтікше болады. Бұны үрлеген кезде дыбыс шығады. Мысалы, одан басқа флейта деген аспап бар. Оны үрлегенде өзіне тән дыбыс шығады. Ал, бұл аспаптың ерекшелігі – үрлеген кезде ешқандай дыбыс бермейді. Яғни, бұл ойнаушының техникасына байланысты белгілі бір дауыс береді».
Айхат оркестр құрамында өнер көрсеткенде аспаптарын жанына тізіп қойып, кезекпен ойнайды екен. Бұл оның бұрыннан келе жатқан арманы болатын. Көздегеніне жеткен виртуоз енді өзі сияқты талант иелерімен шет елдерді бағындыруды мақсат етуде.
Полиглот мульти инструменталист бүгінгі таңда қаладағы музыка мектептерінің бірінде шәкірт тәрбиелейді. 15 аспап жас талантқа аздық етуде. Сондықтан, әлі бірнеше музыкалық инструменттің құлағында ойнауды көздейді. 14 аспабым бір төбе, домбырам бір төбе дейді Айхат. Өйткені, оны музыка әлеміне жетелеп, өнерге деген қызығушылығын оятқан ең алғашқы аспап – қазақтың қара домбырасы.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 322
https://www.youtube.com/embed/hGRkgCLUuP0?si=jxDl9royvSzhTnN9"
Қатты аяздың салдарынан Маңғыстаудағы Каспий теңізінің кейбір бөліктерін мұз басты. Биылда көпшілік жағалаудағы мұзға барып сырғанап, серуендеу әдеттерінен жаңылған жоқ. Алайда көк мұздың үстімен жүру қауіпті, - дейді төтеншеліктер. Себебі жағалаудың кейбір тұстарында мұздың қалыңдығы жұқа болғандықтан, үстімен жүрген адам астына түсіп кету мүмкін екенін айтады.
Жалпы Маңғыстауда Каспий теңізінің Ақтау қаласындағы жағалауы мен Ақкетіктегі кеме тұрақтайтын айлақтардың маңында мұз қатады. Мәселен ақтаулықтар мұз үстінде серуендеу үшін 1-ші шағын ауданындағы жағалауға барады. Қазір теңіз жағалауын қалыңдығы 5 саниметр болатын мұз басты, бұл адамның салмағын көтере алмайды. Алайда оны ескеріп жүргендер шамалы.
АЛЕКСАНДР ПРОТАСЕНЬКО ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Қыс айларында Каспий жағалауына жие келіп, серуендеп тұрамыз. Бұрын жағалауда мұз қатты дегенді 10 жылда бір рет естуші едік. Таңқалатын құбылыс. Ал мұздың үстімен жүру қауіпті екені рас. Төтеншеліктердің ескертуіне салғырт қарамау керек. Олар қанша дегенмен маман ғой. Айтқандарын ескеру керек деп ойлаймын».
Иә, ескертушілер ескерту тақтайшаларын әр жерге қадап қойған. Мұнда «Мұз ұстімен жүруге тыйым салынады» деп жазылған. Десекте жазбаға мән беріп жатқандар шамалы. Себебі табиғи құбылысқа тамсанатындар фото, видеожазба түсіреміз деп әлсіз мұздың үстіне шығып кетіп жүр.
РАТБЕК ДЕМЕУБЕРГЕН – ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «Ақтау қаласы бойынша осы аумақта теңіз беті қатқан. Жағадан шамамен 150 метрге дейін көлемді алады. Қалыңдығына келетін болсақ, қазіргі таңда 5 сантиметрге дейін қалыңдық орын алады. 00:40+ 02:18 Қазіргі таңда көп адамның шоғырлануы байқалмайды, дегенмен біз алдын ала жұмыстар жүргізудеміз».
Төтеншеліктердің айтуынша, адамның қауіпсіз қозғалысы үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек. Былтыр және осы жылы адамның мұз астына құлап кеткен жағдайлары кездеспеген. Мамандар көк мұз қатқан аумақты жіті қадағалауда. Егер су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтар кездессе, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 412 және 364-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады екен.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/GggaOTeaxJ4?si=0APjUXaAG3e9das6"
Израиль армиясы ұсынған бұл кадрлар Газадағы қираған Шеджайя ауданында ХАМАС содырларымен жердегі қатты ұрыстарды көрсетеді. Израильдің әуеде және жерде басымдылығына қарамастан, содырлар қатты қарсылық көрсетуде.
ЦАХАЛ-дың мәліметінше, сәрсенбі күні тұтқынға түскен он Израиль әскері қаза тапты. Олар оқ астында қалған солдаттардың тағы бір тобын құтқару операциясын орындады. Израиль үшін бұл 31 қазанда 15 солдаттың өлімінен кейінгі ең үлкен бір күндік орны толмас жойылыс болды. Газ секторының солтүстігіндегі қирандылар арасында ұрыс қимылдары күшейе түсуде. Елдің қорғаныс министрі ХАМАС-ты жеңу үшін бірнеше ай керек дейді.
ЙОАВ ГАЛАНТ – ИЗРАИЛЬДІҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ
"ХАМАС - Израильмен күресу үшін ондаған жылдар бойы күш-қуатын арттырған террористік ұйым. Олар жер астында және жер үстінде инфрақұрылым салды. Оларды жою оңай емес. Оған көп уақыт кетеді ".
Министр өз мәлімдемесін Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесу барысында жасады. Ол Израильге Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, оны Джо Байден «талдалмаған» деп атаған Газаны бомбалауды тоқтатуға көндіру үшін келді. ХАМАС бақылауындағы Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің операциясы салдарынан Газада 18 000-нан астам палестиналық, оның ішінде мыңдаған бала қаза тапты. Қаза тапқандар саны халықаралық резонанс тудырды. БҰҰ Бас Ассамблеясы осы аптада дереу оқ атуды тоқтатуға шақыратын резолюция қабылдады. Ал Израиль қажет болса, халықаралық қолдаусыз да ХАМАС-қа қарсы соғыс жүргізетінін айтады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 304
https://www.youtube.com/embed/wONLq1pqniQ?si=TMQ4KJkgXNM5emUF"
Аустралияның Перт маңындағы әуеайлақтың үстінен жеңіл ұшақ көтеріледі. Штурвалда 10 жасар мектеп оқушысы Эми Спайсер. Жанында нұсқаушы бар, бірақ қыз өзін сенімді түрде пилот деп атайды.
ЭМИ СПАЙСЕР – ҰШҚЫШ "Екі жарым жаста ұшқым келетінін айттым. Жеті жасымда алғашрет ұштым. Бәлкім, сегіз жасымда планермен ұшып, сол жаста сабақ алғанмын ".
Эмидің ата-анасы қыздары пилоттықты оқуы үшін Квинслендтен Пертке арнайы көшіп келген. Эми зеректігімен тез үйренді. Көп ұзамай, кезекті ұшу кезінде нұсқаушы оған басқаруды өзіне алуды ұсынған.
ЭМИ СПАЙСЕР – ҰШҚЫШ "Мен бірден келістім. Штурвалды ұстап, өзімді 21 жастамын деп сезіндім, менде барлық лицензиялар бар, мен ұшқышпын деп ойладым. Бұл түс сияқты еді. Менің арманым шындыққа айналды, өйткені мен өзімнің қалағанымдай ұшқыш болатынымды түсіндім ".
Эми Pipistrel электр ұшағымен ұшады. Ол толығымен электрлі әуе кемесін басқаратын ең жас ұшқыш. Нұсқаушылар мұндай көлік оқуға ыңғайлы дейді.
15 жасында Эми нұсқаушысыз ұша алады. 16-да жеке ұшқыш, 18-де коммерциялық ұшқыш, ал 21-де әуе көлігінің ұшқышы лицензиясын алуға болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 292
https://www.youtube.com/embed/myj6nDV0s9g?si=x3Hb4vmHFOdMZYcP"
Алдағы күндері ауа-райының жақсаруы күтілмейді. Сондықтан, жолға асығыс шаруаңыз болмаса, шықпаған дұрыс деп ескерту жасады көлік министрлігі. Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар ішінара жабылды. Әсіресе, Жамбыл және Түркістан облысы трассаларындағы ахуал қиын. Ауа-райының күрт нашарлауы және жолда тұрған көліктердің көп болуы салдарынан, ауыр техника автожолды қардан тазарта алмай жатыр.
СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Түркістан облысы шекарасынан Таразға дейін жол толық тазаланып бітті. Бірақ ол жерді біз аша алмаймыз. Неге десеңіз, олардың ары қарай Түркістанға шығатын жол толығымен ашық емес және Аспарадан Отарға дейінгі жолдар бүгін толығымен жабық. Жолдар екі күннен аса жабық болғанмен де жолға қосымша транспорттар келуде. Олар айналма жолдар арқылы, жақын елді мекендерден баруда. Олар өз функцияларынан гөрі жолда тығылғанан көліктерді қар құрсауынан босатуға көп жұмыс жасап жатыр».
Жауапты министрлік өкілдері, жүргізушілерге тағы бір мәрте ескертеді: хабарландыруға құлақ асып, асығыс болмаса жолға шықпағандары дұрыс. Әсіресе, жамбылдық ағайынға алыс жолға сапарламауға кеңес береді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 448
https://www.youtube.com/embed/9JBprqmEvDo?si=ewc7eUKMX90mxGom"
Ызғарлы желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздігімізді алуға серпіліс болған маңызды оқиға деуге болады. Елдің келешегіне алаңдаған сол кездегі жастар, нағыз патриоттық ерлік көрсете білді.Бүгінде желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар жас ұрпақ тәрбиелеуге орасан үлестерін қосып келеді. Жастармен жүздесіп, Отанды сүюге, оның құндылықтарын құрметтеуге тер төгуде.
Бүгін Алматы қаласында Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері жылдағы дәстүрге сәйкес басқосу ұйымдастырды. Онда атқарылған жұмыстар сараланып,алдағы міндеттер айқындалды.Сонымен бірлестік мүшелері өздерінің талап-тілектерін ортаға салды.
БОЛАТ ҚҰРЫМБАЕВ «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ
АҚЫН ОРДАБАЙҰЛЫ «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» РҚБ МҮШЕСІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/MZJN0kOEHTI?si=zyaSprQ5c-3Ore3T"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 316
https://www.youtube.com/embed/vfpkoMoF7q4?si=DjtDhNEDzZBGWu22"
Енді 55 жасқа толған кеншілер мемлекеттен арнайы төлем алатын болды. Жаңа құжат бүгін Сенатта екінші оқылымда мақұлданды. Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуемттік қорғау министрі арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болатынын айтқан еді. Сенатта көтерілген өзекті мәселелер туралы алдағы бейнематериалда.
Қоғамдық бірлестіктер құру рәсімдерін жеңілдету және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында жазылған жаңа құжатты бүгін Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады. Заңға сәйкес енді 55 жасқа толған кеншілер арнайы төлем алуға құқылы. Бұл қосымша қаражат келесі жылдан бастап төленеді.
ӘСЕМ РАХМЕТОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады.
Одан бөлек, бүгін сенаторлар парламент мінберінде газ және лифт мәселелерін көтерді. Олар тұрғын үйлерде газ баллондарының жарылуы мен лифттердің құлауына алаңдаулы. Бұндай оқыс оқиғаны болдырмау үшін үкімет өзі араласып, қауіпсіздік пен жауапкершілікті бір министрлік мойнына жүктеу керек дейді.
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Тұрғын-үй инпекторының қолынан келетін әрекет бұл тұрғындардың шағымдары бойынша шығу және лифт кабинасында жарық жанып тұр ма жоқ па соны анықтайтын тексеру парағын толтыру ғана, яғни лифтпен түсу немесе көтерілу өте қауіпті десем артық болмайды. Болашақта да бұл салада газ сияқты оқыс оқиғаның орын алмауына еш кепілдік жоқ. Бірінші газ және лифт саласында қауіпсіздікті қадағалау үшін ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің жауапкершілігін күшейтуді, еліміздегі тұрғын үй ішіндегі мерзімі өткен лифтерді ауыстыруды, осы аталғандар бойынша арнайы комиссия құруды депутаттық сауалға заңға сәйкес жауап беруіңіз сұралады.
Ал, сенатор Бибігүл Жексенбай денсаулық сақтау саласын сынға алды. Депутат келтірген дерекке сүйенсек, Қазақстан қызылша жұқтырудан әлем елдері арасында үштікте тұр. Тіпті Африканың алдына шыққан.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Қазақстан цифрландыру бойынша алға шықты деп мақтанғанымызбен, вакцинация туралы мәліметтер әлі қағаз дәптерде болуы түсініксіз. Жалпы дамыған елдерде дәл осы иммунизациялау бірінші кезекті цифрланған. Әр азаматтың қашанғ қандай вакцина алғаны сол мемлекеттік кез келген түкпірінде қолжетімді. Медицина саласын цифрландыру дұрыс жүргізілмей келеді. Неліктен үкімет жылдар бойы екпе жұмысына немқұрайлылық танытып келе жатыр?
Осылай деген бұл мәселені тез арада реттеу керек. Себебі, ел азаматтарының денсаулығы бәрінен маңызды деді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/asQRgWR7JLM?si=qhwDDdrTSRYP1YYT"
Биыл Абай облысында 662 отбасы баспанамен қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар санаты, көп балалы аналар мен баспанасы қауіпті деп саналған азаматтар бар. Бұдан бөлек жыл соңына дейін тағы да 177 пәтер беру жоспарда.Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығында 26 отбасыға пәтер кілті табысталды.
Ұшақтар кентінен су жаңа пәтердің кілтін алған Әкімовтардың қуанышында шек жоқ. Үш жылдан бері үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасы жаңа жылды енді жаңа баспанада қарсы алатын болды.
СӘУЛЕТ МУСИНА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Осы міне мерекеге қарсы үйге ие болып жатырмын. Өте қуаныштымын, разымын. 20-сыншы жылдан бастап кезекте тұрамын. Міне үш жарым жылдың ішінде кезегім келіп үй алып жатырмын. Біраз толқып тұрмын. Үй ұнады, көңілімізден шықты.
Семей қаласының әкімі мереке қарсаңында 26 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана берілді. 3 бөлмелі пәтерге әр отбасы ай сайын коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлейді.
НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Тәуелсізік күні қарсаңында бүгін бізде Семей қаласында 26 көпбалалы отбасыларға өздеріңіз жаңа көріп өткендей үйлердің кілтін табыстадық. Осы жылда 211әлеуметтік осал топтарға пәтерлердің кілтін беріп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін әлі бесеуі берілетін болады. Ары қарай да бұл жұмысты біз жалғастырамыз. Келесі жылы да бұл қарқынды азайтпаймыз.
Қазірггі таңда Семей қаласы бойынша 13 мыңға жуық отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Жалпы, биыл Абай облысында әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындар, көпбалалы аналар мен үйі қауіпті деп танылған азаматтар бас-аяғы 662 отбасы баспанамен қамтылған. Жыл соңына дейін аймақта тағы 177 пәтер беру жоспарлануда.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 323
https://www.youtube.com/embed/qW8KWYQvGXk?si=fZPTs9GSvCBl8k7z"
«Астана-Петропавл» тас жолының бойында көліктері сынып, далада қалып қойған Тәжікстан елінің 31 азаматы Көкшетауға жеткізілді. Оның ішінде 2 бала бар.Еске сала кетейік, бұған дейін де ақмолалық құтқарушылар 28 шетелдікті құтқарған еді. Өңірдің барлық аймағында жылыту пункті бар. Төтенше жағдай қызметінің мамандары ауа райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойғандарды құтқару ісін жалғастыруда. Дизель отынымен жүретін автокөліктер мен автобустарға жүруге шектеу қойылған.
РУСЛАН МОЛДАҒҰЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Эвакуацияланғандар облыс орталығындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Ол жерде ыстық тамақ ұйымдастырылып, жатын орынмен де қамтамасыз етілді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 369
https://www.youtube.com/embed/H9vQr_mDIOI?si=IW_-C79s0oSEA5mS"
Қызылорда облысында аязға байланысты аймақ басшысының тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб мүшелері күнделікті қала бойынша әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторларына жылудың, электр энергиясы мен көгілдір отынның және ауыз судың қалыпты деңгейде берілуіне бақылау жүргізуде.
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай және штаб өкілдері «Арай» және «Сол жағалау» мөлтек аудандарындағы жылу қазандықтарын, тұрғын үй секторларын аралап, аязды күндердегі коммуналдық қызметтердің жұмысын бағалады. Қазіргі таңда «Қызылорда Су Жүйесі» кәсіпорынында және қалалық электр желілерінде апаттық бригадалардың кезекшіліктері орнатылған. Яғни, тәулік бойы бақылауда. Шаhар басшысының орынбасары мұндағы коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмыс жасауын тексеріп, жауапты сала басшыларына қызмет көрсетуде келеңсіздіктерге жол бермеуін міндеттеді.
ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетейік, осы апта басталғалы Қызылордада қатты жел соғып, ауа температурасы -25-30 градус аязға жетті. Аязға қарамастан, барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Қуанышқа орай, қалада коммуналдық желілерде апаттар, ресурстарды беруде ақаулар болған жоқ.
ҚАЙСАР МҰСТАФАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОҢТҮСТІК БУ ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қызылорда тұрғындары үшін 109 жедел қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Мұнда азаматтардың барлық өтініштері мен шағымдары жазылады. Сондай-ақ, тиісті сала мамандарына ақпараттары жіберіледі. Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай қысқы кезеңде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің алдында тұрған негізгі міндеттер туралы сөз қозғады. Ол қала тұрғындарының барлық қоңырауларына жауап беріп, барлық қызметтермен қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
МҰХТАР САДЫБАЕВ 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жылумен, жарықпен, сумен, газбен және көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз ету басты мақсат. Авариялық-құтқару бригадаларының санын көбейту де, өтініштерді тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз ету де, бүгінде қаланың барлық коммуналдық қызметтерінің алдыңғы міндеттері болып саналады.
Еще материалы
Страница 127 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.