
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 687
https://www.youtube.com/embed/MJRerFOC22E?si=5VmRw4u5gCsuOuzm"
Серб археологтары Римдегі арканы қазуды жалғастыруда. Сырын ішіне бүгіп жатқан тарихи жәдігерлер жайлы қазба жұмысын жүргізіп жатқан мамандардың қызықты деректеріне кезек берсек.
Археологиялық жұмыс кезінде табылған тарихи орын біздің заманымыздың 3 ғасырында іргесі қаланған. Бұл Балқандағы бірнеше ұқсас ғимараттардың бірі.
МИОМИР КОРАЧ АРХЕОЛОГ: «Виминациум салтанатты аркамен көмкерілген. Мұндай нысандар, әсіресе Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде сирек кездеседі. Римде олардың саны 20-ға жуықa, мүмкін одан да көп.Бірақ бұл аймақтағы алғашқы триумфалдық арка».
Виминаций — Римнің Моезия провинциясының астанасы болған. Өз дәуірінде 45 мың адам өмір сүрген ең ірі қалалардың бірі болды. Виминациумда сарай, храмдар, бекіністер, амфитеатр, ипподром, монша және шеберханалар бой көтерген қалада тіпті су құбыры да болған. Тарихи орын қаланың бас көшесін қазу кезінде табылды.
МЛАДЕН ЙОВИЧИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз триумфалдық арканың көбірек бөліктерін табамыз деп үміттенеміз. Біз әдемі жасалған бір бағананы таптық. Бірақ мен жазуы бар фрагменттерді, бағандарды тапқым келеді».
V ғасырдың бірінші жартысында ғұндардың шабуылына ұшырап, қала қатты зардап шекті. Кейінірек оны Византия империясының императоры Юстиниан I қалпына келтіргенімен 6 ғасырда Славяндар қаланы жер бетінен жойды.1882 жылы басталған қазба жұмыстары , әлі күнге дейін жалғасуда. Археологиялық кешен 450 гектар аумақты алып жатыр. Әзірге аумақтың 5 пайызы ғана зерттелген.
ИЛЬЯ ДАНКОВИЧ АРХЕОЛОГ: «Біз қаланың осы ауданында тұратын адамдардың қалауы мен әдеттері туралы білеміз. Оған дәлел шарап әкелінген ыдыстар табылды».
Қазба жұмыстары кезінде нефрит мүсіндер, мозаикалар, фрескалар, қару-жарақ, тиындар, алтын бұйымдар және үш мамонттың қалдықтары табылды. Ал өткен жазда қала маңында кеншілер кездейсоқ ежелгі Рим кемесінің қалдықтарын тауып алған.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 586
https://www.youtube.com/embed/XZtvnQ8Ksks?si=zemPpuZ5YzC4KgaK"
БҰҰ-да Қытай Халық Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы тыңдаулар өтті. Адам құқықтары жөніндегі кеңес отырысында қатысушылар Шыңжаң өлкесі мен Қытайдың солтүстік-батысындағы ұйғырлар мен басқа да ұлт өкілдерінің түрмеге қамалуы адамзатқа қарсы қылмыс екенін айтты.
БҰҰ-ның тұрақты мүшелері ұйғырлар мен тибеттіктерді қудалауды тоқтатуға, сондай-ақ Қытайда дін бостандығын беруге көмектесетін ұсыныстарды талқылады. Кездесуге қатысу үшін 160 мемлекет тіркеліп,әр өкілдің мәлімдеме жасауына 45 секунд уақыт берілді.
ЛЕСЛИ НОРТОН КАНАДАНЫҢ БҰҰ -ДАҒЫ ӨКІЛІ: «Канада Қытайға ұйғырларға, тибеттерге және басқа этникалық азшылықтарға, соның ішінде мәжбүрлі еңбек, мәжбүрлі қоныс аудару, мәжбүрлі зарарсыздандыру және мектепке міндетті бару сияқты жазаларды өзгертуді ұсынады. Сондай-ақ Қытай үшін адам құқықтарын қорғаушыларды, этникалық аз ұлттарды қорлаудың барлық түрлерін тоқтату керек».
Чехия өкілі Қытайды діни топтар мен рухани ағымдарды, азаматтық белсенділерді қудалауды тоқтатуға шақырды.
ВАЦЛАВ БАЛЕК ЧЕХИЯНЫҢ БҰҰ -ДАҒЫ ӨКІЛІ: «Ұлттық қауіпсіздікті қорғаймыз деген желеумен қудаланып жатқан мұсылмандар, буддалық тибеттіктер, сондай-ақ моңғолдар бар. Біз Гонконгтағы адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын елемейтін ұлттық қауіпсіздік туралы заңның күшін жоюымыз керек».
Біріккен Ұлттар Ұйымы әр ел үшін шамамен төрт жыл сайын мерзімді шолу жүргізеді. Оның барысында сарапшылар адам құқықтарының жағдайына баға береді. Арнайы жиында Қытайдағы ар-ождан тұтқындарының органдарын мәжбүрлеп алу мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, ел билігі соңғы 25 жыл бойы қудалап келе жатқан Фалуньгунның бейбіт рухани тәжірибесін ұстанушылар жағдайы көтерілді. Көптеген айғақтар мен есептер тұтқындардың мүшелерін пайда көру мақсатында алынғанын көрсеткен.Отырыста куәгер болған сарапшылар арасында құқық қорғаушылар, профессорлар мен медицина мамандары болды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 725
https://www.youtube.com/embed/NvjiviTQu-4?si=Umtip4mOQfcyG6LS"
Орал қаласының Жұлдыз шағынауданы тұрғындары үй ауласында ұялы байланыс мұнарасының орнатылуына наразы.Тұрындардың қарсы болуына қандай себеп,келесі бейнесюжетте.
Шетте орналасқан баспана иелерінің шағымы болмаса, орталықта байланыс қолжетімді. Бейтаныс кәсіпкер байланыс мұнарасын жеке тұрғын үйдің ауласына орнатпақшы болғанымен,тұрғындар құрылғының бұлай тым жақын тұруы денсаулыққа зиян деп топшылап отыр.
НАЙЛЯ НЫҒМЕТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мердігер мұнараны 2023 жылдың шілдесінде орнатуы тиіс болған. Кәсіпкер «екі тараппен келісімшарт жасасып, заңнама аясында жұмыс жүргізіп отырмын» дейді.
МАНАС ШАЙХИН МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
Мердігер мен тұрғындардың кездесуіне ауласына мұнара орнатуға рұқсат берген үй иесі бой көрсетпеді. Ал жұмысшылар болса темір қоршауды кесіп, жұмыс жүргізген.
АЛЬБИНА НӘСІПҚАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізден ешкім рұқсат сұрап жатқан жоқ. Бастысы тұрғын үй иесімен келісім жасағанын айтады. Бұл іске біздің қатысымыз жоқ деп шешіпті. Мердігермен 4-ші мәрте кездесуге келіп тұрмыз. Баспана иесі бұл жолы да қатыспады. Жұмысшылар емін-еркін жұмыс жасап жатыр. Бұны қалай түсінеміз? Біз келісім берген жоқпыз».
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сараптама жасап, оң қорытынды берген.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2023 жылы департаментке тұрғындардан осыған ұқсас 4 шағым түскен. Жүргізілген зерттеулер бойынша ұялы байланыс құрылғыларының жақын орналасуынан қауіп аз екені дәлелденген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 618
https://www.youtube.com/embed/sne0UN71SFc?si=BSbcITZz6NrUEA4m"
Қызылорда өңірінде төрт түліктің саны көбеюде.Сонымен қатар, оларға жұғатын түрлі дерттердің де қатары кем деуге болмайды.Жануарларды лдын ала егу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Десе де, ем қонбайтын сәттерде ауру малдардың өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 қорым бар.Соның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес типтік жобадағы 90 мал қорымы жасақталған болса, қалған 56-ы қарапайым шұқырлар.
АШМ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, ҚР Үкіметі және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді іске асыру мақсатында, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын-алу бойынша аймақта симулятивті оқу жаттығуы өткізілген. Оқу-жаттығу барысында сібір жарасы ауруына күдікті жағдай тіркелген уақытта алгоритмге сәйкес тиісті мекемелерге хабарламалар беру, өлекселерден патологиялық үлгілер алу, оларды ветеринариялық зерітханаға жеткізу, карантин іс-шараларын белгілеу, сауықтыру жұмыстарын жанжақты ақпараттандырған.Әдістері толыққанды түсіндіріліп, көрсетілген.
ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Сонымен қатар облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалу ауруларға 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып жеткізілген.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 627
https://www.youtube.com/embed/IkSz_KrFLqk?si=0VT3egRNR9Pt-F2Y"
«Баланың балалығы балдай болсын» деп салынған Ақтау қаласындағы балалар ойын алаңы енді дау болып тұр. Даудың басын шешуші әкімдік бәрін қалпына келтіреміз, мердігер компания жақында қайта жұмыстарына кіріседі, сәл шыдаңыздар дейді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бұл Ақтау қаласының 11 шағын ауданының 21-ші үй маңы. Кішкентай тұрғындарға арнап салынған мына ойын алаңы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бірақ, жарты жылға да шыдамаған алаңның орны болғанымен ойнайтын әткеншегінің сапасы кетіп, сырғанағының ортасы түскен. Жасанды төсеніштің сұры бар да сәні жоқ.
ТҰРҒЫН: "Бұл айналмалы шеңберлерді тым төмен жасаған. Жерге тиіп жасалғандықтан сынып, жарамсыз болып қалды. Әуелден сапасыз жұмыс жасалды. Әткеншектер сынғасын оны алып кетті. Енді мына сырғанақта қисайып әрең тұр".
Жауаптылардың айтуынша ойын алаңынын құралдарын мердігерлер әсте сапалы түрде алып келмеген. Сол себепті, алаң 1 айда осындай хәлге түсіп тұр. Ал, әкімдіктің жауабы біреу – жұмыс жүріп жатыр.
БАХТИЯР МАҚСАТОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Мердігер мекеме өз міндеттерін негізінде толықтай орындап, балалар ойын алаңын орналастырған болатын. Алайда, бұл элементтер, сапасына сай болмай, көп ұзамай істен шыққан. Бірақ арадағы келісім шартта бір жылдық кепілдік мерзімі бар мердігер мекеме мен тапсырыс беругі арасында. Осы негіздеме аясында мердігер мекеме өзінің міндеттемелерін толықтай орындайтын болады. Яғни, жанағы айтқан екі мекен жайдағы балар ойын алаңының элементтерін толықтай жаңартып, төсенішін жаңадан ауыстыратын болады".
Ойнауға берілген ойын алаңының жаңаруы ақпан айында басталмақ. Бірақ, барлығы құбылмалы ауа-райына байланысты болмақ. Мердігер мекеме сапалы материалдармен сын болмайтын алаң жасауға кірісті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 584
https://www.youtube.com/embed/p48rkM8vwD8?si=RSS6Wx6kPxmGvCpI"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 636
https://www.youtube.com/embed/ZbqhEY7Feyo?si=TlCTn77bzddMeBWt"
Бұдан былай электронды темекі, вейп сатқандар мен оны өндіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бүгін Мәжіліс вейпке толық тиым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар енді жастар денсаулығына зиян кальянды да қолдануға тыйым салатын заң жобасын әзірлеу керек дейді. Мәжілісмендер көтерген өзекті мәселелер толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі: сатқаны үшін 50 тәулікке дейін қамалады. Әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал, қылмыстық топ құрып, аса iрi мөлшерде вейптерді таратса – 5 жылын темір торда өткізеді. Жаңа құжат бүгін мәжілісте қабылданып, сенатқа жолданды. Бұндай заң енді кальянға да қажет дейді депутаттар.
ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінде арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарды қойып, жастар көлікке салып алып қорқорлататын жағдайға жетті. Ал кальянның құрамында не бар екені, не қосып жатқаны мүлдем белгісіз. Оған гашишь те, арақ та, коньяк та қосуы әбден мүмкін. Алайда оған бақылау жүргізілмейді. Кальянды қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий болды. Тексерісті тоқтату деген заңды бұзуға болады деген сөз емес қой. Бірақ пайдаға дәндеген кәсіпкерлер мұны пайдаланып қалуға тырысты. Кальян таратушылар тек өздерінің ғана емес, қасындағы адамдардың да денсаулықтарына зиянын тигізіп жатыр».
Одан бөлек, бүгін мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау туралы заңға енетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Жаңа құжатта дәрігерлерге арналған бірқатар оң өзгерістер бар. Мәселен, енді ақ халатты абзал жандардың балаларын балабақшаға орналастыруда арнайы жеңілдік болады. Ауылға барған дәрігерлерге 9 млн теңгеге жуық көтермеақы беріледі. Ал, жыл сайын өтетін конкурс «Үздік маман» жеңімпазына 1 млн 700 мыңнан аса сыйақы төленеді.
ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бұдан басқа, медицина кадрларын ынталандыру және олардың тапшылығын қысқарту үшін ауылға жұмыс істеу үшін келетін медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді жүзеге асыру жөніндегі нормалар қабылданды».
Одан бөлек, мәжіліс депутаттары мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту, қаржы нарығын реттеу сынды проблемаларды ашық көтеріп үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Ал, депутат Бақытжан Базарбек кешегі зілзалада халықты ақпараттандырмаған ресми органдардың жұмысын сынап, жер сілкінісіне дайындықты қатаң тексеруді ұсынды.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Тұрғындар басында әбігерге түсті. Бойын үрей билеген халық жапатармағай сыртқа ұмтылды. Тіпті көпқабатты үйлердің терезесінен секіруге дейін барды. Көліктерімен қала сыртына шығып кетпек болғандарда есеп жоқ. Оның соңы ұзынсонар кептеліске ұласты. Бұл – еліміздің ең үлкен қаласы, жан-жақты дамыған, инфрақұрылымы мықты Алматыдағы жағдай. Абырой болғанда, ғимараттар құламады, адам шығыны жоқ. Десе де, мұндай жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?!»
Осылай деген депутат апатқа дайын болатындай мәдениет қалыптастыру керек деді. Ол үшін дереу халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әр адамды сауаттындару керек дейді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 572
https://www.youtube.com/embed/eTFQ2o6xOOI?si=Zf3HU3zWdGYdCrkx"
Алматы облысына қарасты Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді.Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, жағымсыз жағдай, таңғы сағат 7 шамасында орын алған. Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сағат 7:20–да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен отқа оранған. Сонымен қатар, шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күш-құралдары жөнелтілген. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі — өрт туралы кеш хабарлаудың салдарынан болған. Тілсіз жау, сағат 9:12–де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеді.Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
АЗАМАТ ӘЛҒОЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.Қызыл жалынды сөндіруге Алматы облысы ТЖД 37 қызметкері мен 14 техникасы және Алматы қаласынан 22 маман мен 4 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 589
https://www.youtube.com/embed/i_ab-aw8BOA?si=t5KCwoXPKIE-UokP"
Тұлғалардың тағылымын тыңдап,тәрбие тамырына нәр жүгірту мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы білім ошағының ұжымы, балалар мен жасөспірімдер театры тарландарымен кездесу өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған шарада өнер саңлақтары мұражай аралаудан бастап,өз кезегінде қолтаңбаларын қалдырды. Қонақкәде жоралғысымен ән билерін арнаған мектеп ұжымына өнер иелері өмірдегі, өнердегі ойларымен маңызды сұқбат жүргізіп, алғыстарын жеткізді.
ЖОМАРТ ЗЕЙНӘБІЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ
Өнеріміз бен мәдениетімізді рухани тұрғыдан келешек ұрпақтың бойына сіңіру басты мақсатымыз дейді білім ошағының басшысы.
АСҚАР САРБАСОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ 86 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 528
https://www.youtube.com/embed/F4LsddWiSA8?si=DsMWmjpQssKMN-xs"
Қырғызстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 23 қаңтарда болған 7,1 балдық жер сілкінісі салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты.
Мұндай мәліметтерді Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары таратып отыр. Сәрсенбі күні таңертеңге дейін 1100-ден астам афтер сілкініс тіркелді. Олардың ең күштісінің магнитудасы 5,7, ал оның ошағы алдыңғысынан екі шақырым жерде болған. 7,1 балдық зілзаладан кейін 1100 афтер сілкінісі болған. Қытай сейсмологиялық орталығының дерегіне сүйенсек, магнитудасы 5,7-тен көп зілзала тіркелген.
Оның эпидошағы алдыңғысынан екі шақырым жерде орналасқан. 12 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Тұрғындардың басым бөлігі спорт залдарын паналап жатыр. Жығылғанға жұдырық. Қытайдың оңтүстік-атысындағы Юньнань провинциясында көшкін жүріп, тұрғын үйлерді басып қалды. Апат Чжаотун қаласында болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұнда қаза тапқандар саны 31-ге жеткен.
Сонымен бірге 900-ге жуық адам баспаналарын тастап кетті. Құтқару жұмыстарына аяз пен қардың жаууы кедергі келтіруде.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 545
https://www.youtube.com/embed/VJLk2N7yDV4?si=Z_YJqRlxRAZJZ2xt"
Петропавл қаласындағы бірінші гимназияның 6-шы сынып оқушысы азаматтық қорғаныс құралдарының түр-түрін жинаумен әуестенеді. 12 жастағы оқушының коллекциясында бүгінде 30-дан астам жәдігер бар.
Егор Папст азаматтық қорғаныс құралдарын 2021-жылдан бері жинаумен айналысып келеді. Жиынтығындағы алғашқы газтұтқышты әкесі тарту еткен екен. Бұл жеткіншектің осы заттарға деген қызығушылығын оятқан.
ЕГОР ПАПСТ ОҚУШЫ: «Қорғаныс құралдарын жинауға деген қызығушылық Чернобыль атом электр станциясы туралы бағдарламаны көрген сәтте басталды. Коллекциямдағы алғашқы газтұтқышым – ГП 5 деп аталады. Қазір жинағымда газтұтқыштардан бөлек, арнайы кітаптар да бар. Ата-анам да менің қызығушылығымды құптап, коллекциямның көбеюіне үлес қосып жатыр».
Егордың жинағына қызығушылық туындап гимназияда көрме де ұйымдастырған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де бұл бастаманы қолдап отыр.
ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ «Осы Петропавл қаласының бірінші гимназиясында 6 сынып оқушысы газқағарлар жинайды деген ақпаратты естіп, осында келіп отырмыз. Шынымды айтсам осында жас жеткіншекте қызығушылығы барын көріп тәнті болып отырмыз. Егер бұл бала болашақта көрме жасаймын, газқағарларын баршаға жариялаймын десе, ТЖ атынан қолдау көрсетеміз».
Егор жәдігерлер қатарын толықтыра түспек ниетте. Гимназияда ұйымдастырылған көрме наурызға дейін жалғасады. Өйткені 1 наурыз – дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 584
https://www.youtube.com/embed/6dVOsrQ7Ig0?si=wEcI1FxxuLzoPaix"
Француз фермерлері ауыл шаруашылық наразылықтары кезінде қаза тапқан әйелді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Арьеж департаментінде болды. Белгісіз себептермен көлік жолға қойылған сабанға соғылды. Ал, оның артында бір отбасы тұрған. Апат салдарынан фермер әйел оқиға орнында көз жұмды. Күйеуі мен қызы ауыр жарақат алды.
Диқандардың шеруге шыққанына екі апта болды. Фермерлер Франциядағы жолдарды жауып тастады. Наразылық білдірушілер үкіметті фермерлерден өнім бағасын төмендетуді талап етпеуге, сондай-ақ экологиялық стандарттарды жеңілдетуге шақыруда.
КРИСТОФ БЕЭВАР ФЕРМЕР: «Мәселе мынада, стандарттарды кеңселерде отырған адамдар белгілейді. Шенеуніктер бізге жаһандық жылыну мен климаттық қауіптер туралы айтады, бірақ олар сусыз тұқым өнбейтінін түсінбейді. Сосын бізге егінді суғарсақ та айыппұл салады. Жаңбыр жауса, бізге егін егуге тыйым салған. Ол үшін де айыппұл арқалаймыз. Біз шаршадық».
АЛЕКСИЯ ПЕЛЛЕТЬЕ ФЕРМЕРДІҢ ҚЫЗЫ: «Шынымды айтсам, бәрі өте қиын. Кейін әкемнің шаруашылығын ары қарай басқару маған жүктелген. Бірақ бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы қиындап жатыр және бұл өте қорқынышты. Францияда шағын шаруа қожалықтары жойылып, олардың орнын ірі қожалықтар басып жатқанын көріп отырмыз».
ЛЮК СМЕССАР FNSEA ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: «Бес айдан кейін Еуропарламентке сайлау болады. Ауыл шаруашылығы саласын тағы да стратегиялық маңызды деп атаған жөн, фермерлерді бақылауды доғарады деген үміт бар. Біз халықты асырау үшін жұмыс істейтін парасатты адамдармыз. Бізді заңға бағынбайтындар дегенді тоқтату керек ».
Франция - Еуро одақтың ең ірі ауыл шаруашылық өндірушісі. Алайда үкімет саясаты көбінесе фермерлерді наразылық білдіруге мәжбүр етеді. Осындай іс-шаралар қазір Германия, Польша, Румыния және Нидерландыда ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, Еуропалық комиссия жақында 2014 және 2023 жылдар аралығында фермерлер мен басқа өндірушілерді қолдау үшін 63 шара қабылдағаны туралы айтты. Оған 2,5 миллиард еуро жұмсаған.
Еще материалы
Страница 145 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.