- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 396
https://www.youtube.com/embed/28NN0_H2SGs?si=k0IP8nJZ1Uortp3-"
Күзгі егін орағы кезінде жазатайым болған диқаншыға қатысты іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының егістік алқабының бірінде орын алды. Қостанай облысынан келіп, күзгі жиын-терім жұмысына қатысқаны белгілі болды. Комбайншы қозғалтқыш жетегінің белдігіне түсіп қалған. Салдарынан 58 жастағы диқаншы оқиға орнында көз жұмды.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Аталған факті бойынша жергілікті полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабы, 3 тармағына сәйкес "Адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті тергеу әрекеттерінің бәрі жүргізілгеннен соң қорытынды процессуалдық шешім қабылданады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/4rFsHSh6ymU?si=Wl9gAocICtSy14EB"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/SSA4h7Bl9zI?si=bGd6R8gJ0-gotmoe"
Алматы облысының полицейлері Ұзынағаш ауылында кәмелетке толмаған қызды пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық полиция басқармасында тіркелді.
12 қазан күні таңғы сағат 6:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҒАЛЫМ НАРИМАНҰЛЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толыққандығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындау мен тергеу амалдары жүргізілуде».
Ал, қазіргі уақытта ауруханада жатқан зәбір көрушінің жағдайы бірқалыпты ауыр.
ТИМУР ҚҰРБАНБАЕВ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/YKZiLI4Xu8I?si=4kWLZgW3DdsbPTW7"
Биыл мектеп бітіретін түлектер назарына! Нарықта қай мамандықтар сұранысқа ие? Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елге керек мамандарды атады.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Әкімдіктер жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, бүгінгі күні энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет. Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осыны ескеруі тиіс».
Мемлекет алдында биыл жыл соңына дейін бір миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Негізгі басымдық жастарға беріледі. Осы талап аясында алдағы 2,5 ай ішінде әрбір өңір әкімдері жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыруы тиіс. Сондай-ақ оларға жұмыс беруші тарапынан зейнетақы аударымдары бар келісімшарт жасалуын қатаң қадағалаулары керек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 351
https://www.youtube.com/embed/Rjbyt1RTS6c?si=kLHFZZUC_ZoWGpzf"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары Төраға Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуден басталды.Қытай елінің басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Содан кейін мемлекеттер басшылары өз делегацияларымен бірге Үлкен шығыс залында келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысуға шақыруын зор ықыласпен қабыл алып, Қытайға тағы да сапармен келгенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан Сіздің осы жаһандық бастамаңызға алғашқы күннен бастап қолдау білдірді және оны ілгерілетуге белсенді атсалысып келеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын Астанада сөйлеген сөзіңізде Сіздің осы бастама туралы айтқаныңыз есімізде. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді осы мегажобаны жүзеге асыру барысында керемет нәтижеге қол жеткізуіңізбен құттықтаймын және айтулы шараның табысты өтуіне тілектестік білдіремін. Сондай-ақ Сізді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуымен және Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарындағы Қытай командасының зор жетістігімен құттықтаймын. Біз Қытайдың қарқынды дамуын ерекше ықыласпен бақылап отырмыз. Сіздің дана басшылығыңызбен Қытай әлемдік жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына жетуге батыл қадам жасап келеді».
Мемлекет басшысы жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-қытай қатынастары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.Өз кезегінде ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті. ҚХР Төрағасының айтуынша, Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайды.Келіссөз барысында тараптар сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, қаржы, көлік-транзит, атом өнеркәсібі, машина жасау, туризм, электронды коммерция және жоғары технология салаларындағы жан-жақты ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениетаралық байланыстарға жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған іс сапары аясында өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты.
Ашылу рәсіміне ҚХР білім министрінің орынбасары Ван Гуанянь, университеттің Партия комитетінің хатшысы Ни Хайдун, ректоры Дуан Пэн және Мемлекет басшысына сабақ берген университет профессоры Лю Шицинь, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік өнер мұражайының директоры, мүсін авторы У Вэйшань қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесіне айрықша тоқталды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Баршаңызға мәлім, Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы, оның әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Әл-Фараби Қазақстан аумағында туып-өсті, білім іздеп көптеген елге барды. Математика, жаратылыстану, астрономия, филология және басқа да бірқатар ілімді дамытуға зор еңбек сіңірді. Адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол философиялық туындыларында әділдік идеясына ерекше назар аударды. Қайырымды қоғам және үйлесімді мемлекет құру мәселесіне баса мән берді. Адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеді. Ғалым музыка және каллиграфия өнерін зерделеді».
Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың мұрасы білім ордасында жан-жақты зерттелетініне, сол арқылы мәдени байланыстарымыз нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар осы бастамаға қолдау білдірген Қытай Үкіметіне, Бейжің Тіл және мәдениет университетіне, Қытайдың Мемлекеттік өнер мұражайына және көрнекті мүсінші У Вэйшаньға зор ризашылығын білдірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 380
https://www.youtube.com/embed/ydPIWa3WQVY?si=D6aPk-GsuA0xr8fy"
СҚО жыл басынан бері 50-ге жуық жасөспірім қыз жүктілік бойынша есепке тұр. Ал кәмелет жасқа толмаған 32 қыз ана атанған. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендеген. Алайда, жасөспірімдер арасында жасанды түсік жасату азаймай тұр.
Биыл Петропавлда 14 жастағы қыз босанып, сәбиін бауырына басқан. Мамандардың сөзінше, бұл жас анаға өте ауыр жүк. Себебі, кәмелет жасқа толмаған қыздар психологиялық жағынан ана болуға дайын емес. Оған қарамастан өңірде жасөспірімдер жүктілігі өте өзекті мәселе болып тұр.
МАРИНА ТИМОФЕЕВА СҚО БОЙЫНША ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік тек біздің облыс үшін ғана емес, ел көлемінде де өте өзекті мәселе болып тұр. Себебі, кәмелет жастағы қыз ана болмақ түгілі, тіпті босану процессіне де дайын болмайды. Былтыр да аудандардың бірінен 14 жастағы қыз ана атанды. Қыздың жүктілігі жайында ата-анасы да, мектеп мұғалімдері де хабарсыз болған».
Жалпы 2022 жылы облыс бойынша 95 жасөспірім қыз жүктілік бойынша есепке тұрған. Биыл бұл көрсеткіш едәуір азайып, 49-ға төмендеген. Алайда, кәмелет жасқа толмаған қыздар арасында жасанды түсік жасату әлі де азаймай тұр.
МАРИНА ТИМОФЕЕВА СҚО БОЙЫНША ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ «Былтыр кәмелет жасқа толмаған 56 қыз ана атанды. Ал, 17 қыз жасанды түсік жасатты. Биыл 10 қыз баласын алдырып тастады. Сан азайғанымен, бұл әлі де өзекті мәселе болып қала береді. Себебі, жасанды түсік жасатқан қыздардың 25 пайызы енді ешқашан ана бола алмайды. Дәл осы баланы алдырып тастау салдары бедеулікке алып келеді. Әсіресе, кәмелет жасқа толмаған қыздар үшін бұл өте қауіпті операция».
ПД мәліметінше, облыс аумағында өткен соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша кәмелет жасқа толмаған қыздарды зорлаудың 17 фактісі тіркелген. Күдікті адамдар ұсталып, тиісті шаралар қабылданды.
МӘДИНА ЕРҒАЛИЕВА СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «СҚО аумағында 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған. Олардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғатын 17 қылмыс тіркелді. 2022 жылдың 9 айындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 24 фактіні құрады, төмендеу 29 пайызды құрап отыр».
Бүгінгі күні облыстық полиция департаментінде «Педофил» санаты бойынша профилактикалық есепте 14 адам тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 365
https://www.youtube.com/embed/ZpRjLlQIeIU?si=sJBmjlnugXwdlivX"
Ақмола облысының диқандары миллиардтаған сомаға шығынға батуымыз мүмкін деп дабыл қағуда. Оған себеп, егістік алқаптарды жабайы киіктер таптап кеткен. Биыл облыс бойынша 19 мыңнан астам киік тіркелді. Олардың санын анықтау үшін жыл сайын көктем уақытында «Охотзоопром» кәсіпорны тікұшақ арқылы есеп жүргізеді. Өңірде киіктерді аулау жұмыстары басталды. Оларды арнайы тормен ұстайды. Оның ұзындығы 2,5 шақырымға дейін жетеді. Жауапты мамандардың айтуынша, жануарды торға түсіру өте қиын.Атуға тыйым салынады. Сондықтан мамандар алдымен торға түсіріп, артынша сояды. Кейін ет комбинатына тапсырылады. Киік етінің бір келісі 4211 теңге. Мүйіздері "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының қоймасында сақталады.
ЕРЖАН САҒЫНАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ АЙМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
«Қорғалжың ауданының Сабынды ауылында орналасқан «Астана Агро Продукт" серіктестігінің ет өңдейтін комбинаты бар. Биыл еліміз бойынша 2 миллионға жуық киік тіркелді. Оның күрт көбеюіне байланысты тамыздың 16-сы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Киіктердің популяциясын басқару шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Қыркүйектің 15-і мен қарашаның 30-на дейін ақбөкендердің саны реттеледі».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 377
https://www.youtube.com/embed/gLqG51EcHkw?si=bTODEfvtKkeJYGVz"
Бақытты отбасын қалай құруға болады? Бұдан былай ел жастары үй болып, тұрмыс құрар алдында арнайы оқудан өтеді. Бұған Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамашыл болған. Оған себеп: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқаны. Статистика көңіл көншітпейді.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
«Статистика көңіл көншітерлік емес. Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген. Сондықтан алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу біздің жіті назарымызда».
Ішкі істер министрлігінің дерегінше тұрмыстық қылмысқа баратындардың көбі мас күйде болады. Соңғы үш айда отбасында жанжал шығарып, жазаға тартылғандардың саны 4 есеге өскен. Қамауға алынғандардың саны да 2 есеге артқан. Сондықтан, елімізде бұдан былай бақытты отбасын құрудың негіздері арнайы оқытылатын болады.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
«Профилактикалық жұмыстардың негізі – отбасын саналы түрде құруға мүмкіндік жасау. Осылайша, үйленгісі келетін жастарға бақытты отбасы болудың негіздері түсіндіріледі. «Осыған орай БҰҰ Халық қорымен бірлесіп Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылды. Онда неке қиюға өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беру, оқыту қарастырылған. Нәтижесі сәтті болса, осы тәжірибені барлық өңірлерге енгізуді қолға аламыз».
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Жалпы отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді баланың бойына жастайынан қалыптастырудың маңызы зор. Біздің қоғам отбасылық агрессорларға және осыған ұқсас фактілердің кез келген түріне мүлдем төзбеушілік танытуы тиіс. Зардап шеккендерді, әсіресе балаларды мұндай проблемамен бетпе-бет қалдыруға болмайды».
Айта кету керек, биылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Зорлық-зомбылық көргендер үшін Республика бойынша жедел желі мен сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 357
https://www.youtube.com/embed/JciFUji5wco?si=fguyWcyBbipFvZ6y"
АҚШ өрт сөндіру қызметінің маманы Дэниел Медрано Нью-Мексико штатындағы Санленд-Парктің адамдар аз жүретін аймағына келді. Ол жерден босқындардың денесі табылды.
Соңғы 12 айда патруль Эль-Пасо секторындағы ыстықтан 60 мигрант өлімін тіркеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.
ДЭНИЕЛ МЕДРАНО – ӨРТ СӨНДІРУШІ:"Бұл біздің күнделікті жұмысымызға айналды. Денесі бір аптадан астам уақыт осында жатқан сияқты. Біз оның бұта жанында жатқанын көріп отырмыз. Бәлкім, адам көлеңкеге тығылуға тырысқан шығар. Тура осындай жағдайды біз қаладан шамамен сегіз шақырым қашықтықта байқадық ".
Белсенділер көп жылдан бері босқындар үшін шөлейт климат қауіпті екенін ескертіп келеді. Адам саудагерлері оларды жиі сусыз тастайды немесе жүк көліктерінің қапырық тіркемелеріне тығып қояды.
ФИДЕЛЬ БАКА – ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:"Оларды қатты ыстықта, желдеткішсіз жабық көлікте тасиды. Бұл адамдар ұзақ уақыт су ішпестен, аптап ыстықта бір-біріне қақталып, ауа жетпей қиналып қалады. Бұл сөзсіз қайғылы оқиғаларға әкеледі".
Жыл басынан бері ауданда өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейіп, рекордтық 148 өлімге жетті. Сектор Чиуауа шөлін, Нью-Мексиканы және Техастың кейбір бөліктерін қамтиды.
РАМИРО РИОС – ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:"Бұл мигранттар Гондурас, Венесуэла, Колумбия сияқты климаты өте ылғалды елдерден келеді. Олар шөлге шығып, бағдарын жоғалтады, жол таба алмайды ".
Нью-Мексико мен Техаста жаз бойы ауа температурасы орташа деңгейден әлдеқайда жоғары болды, ал Эль-Пасода 44 күн қатарынан рекордтық 38 градус температурадан түспеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 394
https://www.youtube.com/embed/NiHYWDrNZ7E?si=5ISEuJhHClzEKS5c"
Америкалық инженер Стюарт Тартароне технология тарихында із қалдырған тұлға. Ол 70-ші жылдары AT&T Labs компаниясының алғашқы ұялы телефондарын әзірлеушілердің бірі.
Биыл ұялы телефон арқылы алғашқы коммерциялық қоңырау шалынғанына 40 жыл. Әрине, бұрынғы модель қазір қалтаға салынған ықшам құрылғылардан өте өзгеше болған. Телефондардың құрамдас бөліктері технологиялық прогреске қарай азайып барады. Әуелі олар үйлерден кейін көліктерге қондырылған еді.
СТЮАРТ ТАРТАРОНЕ – ИНЖЕНЕР: "Команда алпысыншы жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың басында қалыптасты. Мен Bell Laboratories-ке 1972 жылы ұялы телефон тек жобада болған кезде келдім. Осы командамен біз барлық техникалық жұмысты жүргіздік және 1983 жылы алғашқы коммерциялық қоңырау соғылды. Бұл алғашқы ұялы телефондардың бірі. Ол бүгін Сіздердің қолдарыңызда ұстап отырғандарыңыздан біршама өзгеше. Себебі, оны көлікке орнатқан. Багажда таратқыш, жоғарыда антенна болған".
AT&T ұялы телефондар мұрағатын 1983 жылдан бері сақтап келеді. Алғашында ауқаттыларға ғана қолжетімді болған гаджеттер кейіннен көпшіліктің күнделікті қолданыстағы құралына айналды. Инженер Тартароненің айтуынша мұндай жетістікті тіс қаққан бизнесмендерде болжай алмаған.
СТЮАРТ ТАРТАРОНЕ – ИНЖЕНЕР: "Әзірлеме аяқталғаннан соң біз мұндай қызмет үшін нарықта орын жоқ деген қорытындыға келдік. Осыған ұқсас зерттеулерді шамамен он жыл өткен соң жүргізген. Дәл сол қорытынды жасалды. Сондықтан ешкім де бүгінгідей жетістікті болжай алмады".
Ұялы байланыс тарихындағы алғашқы қоңырауды 1983 жылы 13-қазанда Дэвид Мейлан жасады. Бұл бақытты жан ол уақытта сақтандыру агенті болып жұмыс істеген. Ол Чикагодағы AT&T жарнама шарасы кезінде ұялы телефонға қоңырау шалған. Автокөлік телефонын бірінші болып сатып алған ол телефон түтігін, магистральдық таратқышты және антеннаны қосқан. Антенна бүкіл қала бойынша AT&T орнатылған бірнеше ұялы байланыс мұнарасына қосылған.
ДЭВИД МЕЙЛАН – АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ЖАСАҒАН АДАМ: "Менде радиотелефоны бар автокөлік болды. Мен оны бизнеске пайдаландым. Ол жақсы жұмыс істеді, бірақ онымен байланысу өте қымбат болды ".
Ал 1973 жылдың 3 сәуірінде пайда болған ұялы телефон Мартин Купердің өнер табысы. Портативті телефонмен бірінші болып қоңырау щалған да өзі. Ол өз командасы Motorola компаниясында бес ай бұрын жасалған ұялы телефонды қолданған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/ywDAruo7u98?si=SVX8ZMsNHa4LGJrA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
https://www.youtube.com/embed/_n-KCH6vK0c?si=NdsBXgmOCf_YGeLj"
Бүгінде Алматыда Тілендиев көшесі бойымен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде. Эксперименттік тәртіпте бұл учаскеде жердегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдындағы апатты жағдайларды болдырмау үшін зигзаг таңбасы қолданылды. Бұл жолақ ҚР Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілмеген.
Айтулы белгілер көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап келе жатқанын білдіру үшін қолданылады.Сонымен қатар, мұндай сары жолақ бұл учаскеде басып озуға, кері жүруге, осы аймақта қайта бұрылуға болмайтыны туралы қосымша дабыл ретінде қызмет етеді. Көрсетілген эксперимент оң нәтиже берген жағдайда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері ауданында зигзаг таңбасын қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Ең танымал зигзаг таңбасы 1970-ші жылдардан бастап, алдымен Ұлыбританияда, содан кейін басқа елдерде қолданыла бастады. Жолдардағы ерекше жолақтар басқа жол белгілеріне қарағанда тиімді болып шықты және жаяу жүргіншілер мен көлік иелерінің қауіпсіздігін арттыруға көмектесті.
Еще материалы
- Қоқыс полигондарының жыры таусылар емес
- Хамас шабуылынан кейін Израиль оларға соғыс жариялап, 360 мыңға жуық резервшіні шақырды
- Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жаза да, тексеріс те күшейеді
- БҚО-да білдей бір жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды
Страница 162 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.