
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 463 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wgHfJK3lFnY?si=fGfK8pDnTRnURN3t"
Бүгін Алматыда Қарасу ықшам ауданының Мостовая көшесінің бойында автобус өртенді. Оқиға орнына Алатау ауданының құтқарушылары дереу жеткен. Қабылданған жедел шаралар мен өрт сөндірушілер келген сәттен бастап 7 минут ішінде 10 шаршы метр аумағында өрт ауыздықталған.
ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: «Өрттің алдын ала себебі – бұл автобустың маторы орналасқан бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Атап өту қажет, көлік құралдарындағы өрт тез 2-3 минуттың ішінде таралады. Осыған байланысты өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде, жолаушыларды дереу эвакуауиялық жолдардан шығаруы тиіс».
Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника тартылды. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 450 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XBp-zLTufgg?si=OceMQcB2RDekGIDF"
Бүгін таңертең Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Аброй болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.
Бүгін, 27 ақпан таңғы сағат сегіздер шамасында 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шығып, адамдар дереу эвакуацияланды.Төтеншеліктер өртті сағат 8:24-те толық сөндірді. Салдарынан Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп ұшты.
ТОЙГҮЛ ЖҰБАНЫСОВА АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАУЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Астана әуежайындағы жағдай тұрақты. Ішкі және сыртқы рейстердің ұшуына тіркеу басталды. Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді».
Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшылығы, ҚР Авиациялық әкімшілігі және әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті. Эвакуацияланған жолаушыларға салқын және ыстық сусын, жеңіл тағам ұсынылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 473 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2AMPSzFxecI?si=1csL0enUEbvWJhwh"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 488 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jpTPdJKA5S0?si=6l03fh0C-nOIEMR0"
Бұдан былай мектепке 1-ші сыныпқа қабылданатын балалар емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Оқу –ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты. Заңға осындай жаңа өзгеріс енгізілді. Себебі, емтихан тапсырту мектепке енді келген баланы күйзеліске ұшыратып, психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді мамандар. Сондықтан, заңнан бұндай норма алынып тасталды.
ҚАНЫБЕК ЖҰМАШЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл шешім неге негізділген? Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, барлық типтегі және барлық балаларға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді».
Айта кетейік, бұл өзгеріс биыл 1-ші сыныпқа баратын балаларға қатысты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 1224 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/plhmRsCjuhU?si=VbRA6YkkkCzqlhUX"
Бүгінгі қазақ қоғамында Әкелердің қадірі қаншалықты? Әр отбасының тірегі болған жандарды ұлықтау мақсатында өткен «Әке жолы-ізгіліктің іздері» атты әкелер форумына арнамыздың түсірілім тобы қатысып қайтқан еді.
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды деген нақыл сөз «әке» атауының қадір-қасиетін,мәртебесін,отбасында алатын айырықша орнын айшықтап асқақтатып тұр. Өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы жоғары,бала өміріндегі тұлғалық орны ерекше болған әкелерді бүгінгі шарада зор ілтипатпен қарсы алды.
НАЗЫМ СӘРСЕБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ТАЛҒАР АУДАНЫ, БЕСАҒАШ АУЫЛЫ №29 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
ЕРНАР ЖҮНІСОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Бір отбасының көшін ілгері сүйреп келе жатқан,тәрбиесімен де тәлімімен де ұлдарына үлгі болып бүгінгі шараға арнайы келген Айбек есімді асқар таумен тілдескен едік.
АЙБЕК МҰҚАЕВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ ӘКЕ
Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы ғана емес мейірімімен қоса қаталдығымен де ұрпақтарының бойына сенімділік қалыптастыратын,шешім қабылдай білуге,еңбекқорлыққа баулитын рухани қазына.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 457 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/TRtJ6z1H77o?si=tXm5RjmCLrRHwGSI"
Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Заңсыздық Целиноград ауданында орын алды. Жергілікті прокуратура атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн. теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 444 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZHtScOc1c-4?si=hKQd3od4aRuIpy1d"
Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ: «Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін қызмет шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды. Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді».
Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 508 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_5ELcaKf2qM?si=5xbaOBUO46qHByTs"
Сағат бойы кептелісте тұрған кез келген адам бір сәтте аспанға ұшып, қала жолдарын артта қалдыруды армандайтын шығар. Бұл қиял жақын арада шындыққа айналуы мүмкін.
Екі ірі компания әуе таксилеріне мөлшерлеме жасайды. Олар өз әзірлемелерін Сингапурдағы авиашоуда көрсетті. Hyundai Supernal және Eve Air Mobility алдағы екі-төрт жылда электрлі жетекті әуе таксилерін ресми түрде іске қосуға үміттенеді.
ШИН ДЖАЙВОН - Supernal БАСШЫСЫ: "Жерүсті көлігі де дамып, жетілдірілуде. Бірақ қалалық аудандардағы адамдардың мобильділігінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер үсті көлігі жеткіліксіз болады, сондықтан бізге аспанды ашуға тура келеді".
S-A2 Supernal компаниясының электр ұшағы сегіз бұрандамен жабдықталған және ұшқыш пен төрт жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның жүріс қоры - 40-60 километр. Тігінен ұшып көтеріледі және қонады. Сынақтар биыл басталады. Компания сондай-ақ сертификаттау саясаты мен мәселелерін талқылау үшін түрлі елдердегі реттеуші органдармен келіссөздер жүргізуде.Бразилиялық Eve Air Mobility фирмасы, Embrarer ұшақтарының үшінші ірі өндірушісінің еншілес компаниясы, сондай-ақ әуе таксиін әзірлеуде. Бұл тігінен ұшып көтерілетін және қонатын электр ұшағы. Ол 2026 жылға қарай шығарылады деп күтілуде. Ол көмірқышқыл газын шығармай, 100 шақырымға жуық қашықтықта төрт-алты жолаушыны тасымалдайтын болады. Мұндай көлік көп жылдар бойы авиациялық өнеркәсіптің зиянды шығарындыларын қысқарту мүмкіндігі ретінде қарастырылды. Алайда батареяның қызмет ету мерзiмiн шектеу және нормативтiк кедергiлер бұл технологияны iске асыруға мүмкiндiк бермедi. Дегенмен, қазір аккумуляторлар бағасының құлдырауы мен технологиялық жетістіктердің арқасында нарыққа ірі ойыншылар шығады. Олар үшін әзірге түрлі елдерде әуе көлігіне құқықтық шектеулер кедергі болып отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 489 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/e2uL93waVGs?si=N5imDMnhskps_dZ2"
Шетел жаңалықтарына кезек берсек. Тағылымдамадан өтуші дәрігерлердің жаппай ереуілі кезінде Оңтүстік Корея денсаулық сақтау саласындағы қауіптілік деңгейін ең жоғары деңгейге көтерді.
Премьер-Министр Хан Док Су кеңесте мемлекеттік ауруханалар медициналық жүйеге жүктеменің артуына байланысты ұзақ уақыт жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ үкімет шұғыл шаралар қабылдай бастайтынын айтты.
ХАН ДОК СУ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Біз Премьер-Министрдің төрағалығымен қауіпсіздікке қатер төндіретін орталық штаб құрып, жалпы үкіметтік комитет құратын боламыз. Бұл тиісті министрліктермен және елдің барлық қалалары мен провинцияларымен жаппай әрекет ету жүйесі болады ".
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ереуілге Оңтүстік Кореяның барлық ординатор-дәрігерлері мен интерндерінің 64% қосылды.
ХАН ДОК СУ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "22 ақпандағы жағдай бойынша біз жүз ірі ауруханадан тағылымдамадан өтуші дәрігерлер саны бойынша мәліметтер алдық. 8900-ге жуық дәрігер-тағылымдамадан өтушілер жұмыстан босату туралы өтініш берді, олардың 7800-і өз жұмыс орындарын тастап кетті ".
Дәрігерлер медициналық ЖОО-да қабылдау квотасын ұлғайту жоспарына байланысты ереуіл жасай бастады. 2025 жылдан бастап квоталарды 2000 орынға ұлғайту жоспарланып отыр, Бүгінде бүкіл ел бойынша 3000-ден сәл асады. Оған қоса, 2035 жылға қарай лимитті 10 мың орынға дейін көтергісі келеді. Билік бұл шарамен ауылдық жерлердегі дәрігерлер тапшылығының орнын толтырғысы келетінін, сондай-ақ хирургия, педиатрия және акушерлік сияқты мамандықтар бойынша дәрігерлер санын арттырғысы келетінін айтады. Дәрігерлер бұл білім беру мен қызмет көрсету сапасына қауіп төндіреді, сондай-ақ олардың жалақысына әсер етеді деп мәлімдейді. Тағылымдамадан өтуші дәрігерлерге жұмыс орындарына оралу туралы бұйрық берілді. Бірақ бұл әсер еткен жоқ. Билік, сондай-ақ, егер олардың әрекеттері пациенттердің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, ереуіл ұйымдастырушыларды тұтқындаумен қорқытты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 541 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VJo2AvVOI9w?si=Yt1wqCpA_D-5gu0b"
Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. Еске салайық, бұған дейін Ұлттық Олимпиада Комитеті президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 558 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Sye28ulVMLc?si=0dMmP0Zbxelow3sd"
Орал қаласының Зачаганск кентінде 5 қабатты үйлердің бірнеше пәтерінде екі аптадан астам уақыттан бері ыстық су жоқ. Соның салдарынан баспаналарда жылу қысымы бәсеңдеген.
Жығылғанға жұдырық дегеннің күйін кешкен тұрғындар ыстық сумен қоса үйлері қоса суып әбден берекелі қашқан.Мөңкеұлы көшесінде орналасқан бұл үйлер 2017 жылы пайдалануға берілген. 91-ші үйдің бірінші кіре берісіндегі бірнеше пәтерде екі аптадан бері ыстық су жоқ. Тұрғындардың айтуы бойынша, мәселенің бәрі қарама-қарсы орналасқан 9 қабатты үйлердегі сорғының дұрыс орналаспауынан туындаған.
АСЛАН АЛИПКАЛИЕВ ТҰРҒЫН
«Жайықжылуқуат» мекемесінің мамандары, жылу қарқынының бәсеңдеуіне ауа райын себеп болды дейді.
БЕКБОЛАТ КАМЕШОВ «ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 407 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QtulcF81z-A?si=yZqbgt-yFHlHZzoH"
Алматыда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Осы кезеңде қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкпе дертін алдын алу мен емдеуді насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітеді. Сондай-ақ, жасырын туберкулез инфекциясын анықтау үшін заманауи зертханалық тест енгізілді. Бұл әдіс тегін және қолдануға оңай дейді мамандар.
Туберкулездің дифференциалды диагностикасын жүргізу үшін Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында Жапонияда шығарылған 64 тілімді компьютерлік томограф қолданылады. Бұл заманауи құрылғы туберкулезді басқа аурулардан ажыратуға және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
ЖАНАР САПИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "2024 жылдан бастап Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығында квантиферрондық тестпен тексеру басталды. Соңғы 10 жыл ішінде туберкулезды емдеуге түрлі өзгерістер орын алуда және дәрігерлерге қарсы-шағымдарға байланысты. Соның нәтижесінде аурудың төзімді түрлерін емдеу ұзақтығы 24-30 ай болса, 6-9 айға қысқарды. Жаһандық қор, денсаулық үшін серіктестер, кенси ви сияқты халықаралық ұйымдардың көмегімен туберкулезды анықтау және емдеу бойынша, әлемде қолданылып жатқан заманауи әдістер біздің елімізде де қолданылуда".
Маманның айтуынша, бүкіл әлемде туберкулез инфекциясының жасырын түрін емдеу жүргізілуде. Алайда, көптеген ата-аналар балалардағы жасырын өкпе індеті инфекциясын профилактикалық емдеуден бас тартады. Бұл әсіресе туберкулезбен ауыратын және аурудың белсенді түрінің даму қаупі жоғары балаларға қатысты.
ЖАНАР САПИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ "Бұл қала тұрғындары арасында туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық барлығына осы қауіпті аурумен күресудің маңыздылығын және емделіп жатқан науқастарды қолдау қажеттігін еске салады. Оның ішінде Алматы қаласының әкімдігі туберкулезбен ауыратын 922 науқасқа 41 400 теңгеден ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде қаражат бөлді. Үкіметтік емес ұйымдардың қаражаты арқылы 63 науқасқа жол жүру билеттері, азық-түлік пакеттері және т. б. түрінде көмек көрсетілді”.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда туберкулезбен ауырған және одан сәтті айыққан үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Адамдар үшін індеттен емделетінін түсіну маңызды. Туберкулезбен күресудің маңызды кезеңі – ауруды ерте анықтау және зертханалық диагностика жүргізу болып табылады.
Тағы басқа мақалалар...
125 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.