НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектептерге хиджаппен бару мәселесі өзекті жайтқа айналды. Осы орайда оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекеменшік мектептер де ортақ заңға бағынуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желі қолданушысының баласын жеке меншік мектеп хиджабпен қабылдағаны туралы жазбасына пікір білдірді. Сөзінше оқу жүйесі толықтай ортақ заң бойынша регламенттеледі. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік мектеп бола ма, бәрі сол заңға бағынып, соның шеңберінде орындалуы тиіс.
"Барлық мектептер белгіленген заң шеңберінде, белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек. Жалпы бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге дабыл түсіп жатса, олар қарап, сол бойынша шешім қабылдайды", - деді ведомство басшысы.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Оң рульді көліктерді ел аумағына алып келуге тыйым салынады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Индустрия министрлігі "Оң рульді көліктер мен олардың корпусының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындаған. Бұйрық жобасында Қазақстанға 6 ай мерзімге оң рульді көліктерді әкелуге тыйым салуды енгізу қарастырылған.
Белгіленген тыйымның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Жоба 2023 жылғы 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Бұған дейін бұл көліктерді әкелуге тыйым 2006 жылы енгізілген болатын.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Дания билігі қоғамдық орындарда діни мәтіндерді қорлауға тыйым салатын заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Аlataunews.kz-ке сілтеме жасап.
“Заң жобасы Құранды немесе Библияны көпшілік алдында өртегендерге жаза қолданылады. Бұл тек қоғамдық орындардағы іс – әрекеттерге немесе көпшілік орындардағы жасалғандарға байланысты”, – дейді елдің Әділет министрі Питер Хуммельгаард.
Заңды бұзу айыппұлдармен немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады деп жоспарланып отыр.
Данияда шетелдік туларды өртеуге тыйым салу туралы заң бар.
Тамыз айының басында Данияның жеті оппозициялық партиясының өкілдері Үкіметтің Құран өртеніп жатқан наразылық акцияларын заңсыз ету жоспарына қарсылық білдірді. Олардың пікірінше, бұл елдегі сөз бостандығын бұзады.
Жаз мезгілінде Данияда мұсылмандар үшін қасиетті кітапты өртеп жіберген ұлтшылдардың қатысуымен көптеген акциялар өткен болатын.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматы халықаралық әуежайында туристермен тоғыз тілде сәлемдеседі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алматы қаласының туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, қаладағы туристік тәжірибені жақсарту аясында әзірленіп, жаңартылған ұшу аймағын таныстырды. Паспорттық бақылау аймағындағы кабиналар әлемнің тоғыз тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және кәріс тілінде амандасатындай жабдықталған.
“Сәлемдесу” дәстүрінің тамыры тереңде. Ол адамзат қоғамының қалыптасуының басты белгісінің бірі. База ретінде қала мен аймақтың ең танымал әрі әдемі туристік орындары таңдалды. Паспорттық бақылау аймағын жаңарту әр қонаққа Қазақстанның қонақжайлығын сезініп қана қоймай, біздің қала туралы туристік тәжірибені (visitor experience) жақсартады”, - дейді Алматы қаласының туризм басқармасы.
Туризмді дамыту тұжырымдамасы аясында қалада бірыңғай коммуникация мен навигацияны енгізу бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған. Қазіргі таңда қала қиылыстарында 52 ақпарат жаңартылды. Картадан қоса олар танымал туристік орындарға бағыттарды ұсынады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі жазды. Онда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы елорда уақытымен 11.00-ге белгіленгені хабарланған.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Шымкентте 37 жастағы келіншек үшем босанды. Дәрігерлер балалардың денсаулығы жақсы екенін айтуда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкенттегі өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 37 жастағы анасы Арайлым Сарсенбековаға дәрігерлер 8-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған.
Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ дейді дәрігерлер. Анасымен бірге үшем нәрестелерді күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған.Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы.
Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім қойған. Жас ана мен үшемдер Перинаталдық орталықтан бүгін үйлеріне шығарылды.
Еще материалы
Страница 54 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.