
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 326 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nU9VyZed8II?si=MERKYAfQDxyW7Gby"
Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жалпы қуаты 150 МВт жеті су электр станциясының каскадын салу жоспарланып отыр. Дегенмен бұл электр станциясыны салу көпшілікті оның ішінде ғалымдардың, қоғам өкілдерін алаңдатып отыр. Бүгін Қазақстан баспасөз клубында баяндамашылар құрылыс жұмыстары экологияға әсер ететіні, Ешкіөлмес ескерткішінің табиғи археологиялық ландшафтына орны толмас зиян келтіретіндігін атап өтті.
Ғалымдар мен белсенділердің пікірінше, құрылыс техногендік және экологиялық апат қаупін тудырады. Бұл жаһандық маңызы бар мәдени және тарихи мұраның орны толмас жоғалуына әкелуі мүмкін. Аймақ халықаралық спорт жарыстарын өткізу мүмкіндігінен де айырылуы мүмкін, бұл сайып келгенде оның туристік тартымдылығына әсер етеді.
МҰХТАР ТАЙЖАН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ «10 ГЭС салынайын деп тұр екен. Ол Жетісу облысы Көксу өзенінде салынбақ. Ол мына табиғатымызға әсіресе петроглифтерге, ежелгі қорғандарға жаман әсер етеді деп қорқып отырмыз. Негізі заң бойынша, алдымен сараптама жасау керек екен, не бар не жоқ. Өзен қай деңгейге дейін көтеріледі екен, астында не қалады екендігі, қандай құндылықтардан айырылып қалатынымыз зерттелу керек. Бұл біздің талап емес, заң талабы сондай. Сол үшін жаңа тағайындалған Ермек Көшербаевтың назары осында болу керек деп есептеймін. Сондай-ақ Аида Балаеваның, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың назары осында болу керек»
Құрылыс нәтижесінде құрылыс алаңдарынан төмен орналасқан Көксу өзенінің алқабында орналасқан елді мекендер техногендік апат қаупіне ұшырауы мүмкін, себебі бұл аумақ сел және сейсмикалық қауіпті аймақ болып саналады. Көксу өзенінің аңғарында орналасқан көптеген археологиялық ескерткіштер, қоныстар, қорымдар, жойылуы мүмкін.
ОЛЬГА ГУМИРОВА «ОХОТНИКИ ЗА ПЕТРОГЛИФАМИ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ “Көксу өзенінде су электр станциясының құрылысына байланысты су тасқыны нәтижесінде тарихи ландшафттың мүлде өзгеріп, кейбір археологиялық нысандар: қола дәуірінен бастап (б.з.б. 2-мыңжылдықтан 19 ғасырдың ортасына дейін) қоныстар, қорымдар, жартастағы суреттер жойылып кетуі мүмкін. Олардың кейбірін ғалымдар әлі зерттеген жоқ. Бұл ЮНЕСКО қамқорлығымен өзен аңғарында гео немесе ұлттық саябақ құру мүмкін емес, яғни археология мен тарих тұрғысынан бірегей бұл аймақ өзінің туристік тартымдылығын жоғалтады»
Баяндамашылар электр энергия тарихи тамырларға нұқсан келтірмей өндірілуі керектігін, Жетісудағы ГЭС-тің құрылысы мен Қазақстан аумағындағы кез келген құрылыстың тарихи ескерткіштерімізге нұқсан келтірмей жүргізілуі үшін шұғыл шаралар қабылдану қажеттігін атап өтті. Қоғам қайраткерлері мен ғалымдар Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің атына құрылыстың толық әрі сенімді жобалық құжаттамасын беруді сұрап, ашық хаттар дайындаған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 316 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EqZ57B8uL-Q?si=rodrwFbJONpmsgCP"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bxcHOzpa6oQ?si=HrTtx4BStQ-Z7LbE"
Қазақстан Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалды.Берік Уәли 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының , «Парасат» , «Құрмет» ордендерінің, ҚР Президенті Алғысының , ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің және 5 мерекелік медальдің иегері.Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.«НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы. «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі. «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі, «Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі. «Нұр Отан» партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.«Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымын атқарған болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 422 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/khCcrz8Jf4A?si=6OtXAo2OWHA54arY"
Алматыда көрнекті түркітанушы, қазақ тіл білімінің белді өкілі, академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықованың 100 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Аталмыш жиын қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның еңбектерін талқылап, оның ғылыми мұрасын зерделеуге арналды.
Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді.Қазақ тіл білімінің ілгері басуына өлшеусіз үлесін қосқан Рәбиға Сыздықтың артына қалдырған мол мұрасы,қаншама жастарға азық болып келеді.Әсіресе педагогика саласына жүргендерге таптырмас қазына десек артық айтқандық емес.Биыл Рәбиға Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл толып отыр.Осыған орай жауапты министрліктердің мұрындық болуымен «Инновация,тәжірибие,даму:Педагогикалық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп отыр.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Рәбиға Сыздық – қазақ тіл білімінің фонетика, орфография, лексикология, тарихи грамматика, әдеби тіл тарихы, тіл мәдениеті сияқты салаларында терең зерттеулер жүргізген ғалым. Оның «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Абай тілі сөздігі», «Сөз құдіреті», «Ясауи хикметтерінің тілі» және басқа да еңбектері қазақ тілінің тарихы мен дамуын зерттеуде баға жетпес үлес болып табылады. Ғалым қазақ жазба ескерткіштері мен әдеби мұраларын лингвистикалық тұрғыда зерттеуге ерекше мән берді. Ол қазақ тілінің орта ғасырлардан бергі даму жолын ғылыми тұрғыдан саралап, тарихи жазба ескерткіштер тілінің ерекшеліктерін анықтады. Сонымен қатар, Рәбиға Сәтіғалиқызы Абай шығармаларының тілін зерттеген тұлға.
НАҒИМА ӘБЗЕЛБЕКҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ «ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Халықаралық ғылыми-конференция барысында отандық және шетелдік тілші ғалымдар Рәбиға Сыздықтың ғылыми мұрасын жан-жақты қарастырып, оның қазіргі қазақ тіл ғылымындағы рөліне тоқталды.Сонымен қатар ғалымның еңбегі сараланған екі бөлімнен тұратын жинақтың тұсау кесер рәсімі орын алды.
НҰРЖАМАЛ ДҮЙСЕНБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №176 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Рәбиға Сыздықова – қазақ тіл ғылымының алтын діңгегі. Оның еңбектері қазіргі заманғы қазақ тілінің дамуына зор ықпалын тигізіп, болашақ ұрпақ үшін құнды ғылыми мұра болып қала береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 356 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jjWWBTOP2h8?si=dn-prujryW4hT-7d"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 336 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/s6mHRa8dyWk?si=5QxARZcIThV_AZ8f"
Әкімшілік айыппұлдар мен салық берешегін өндіру бойынша жеке сот орындаушысына төленетін 25 пайыздық ақыны үнемдеудің жолы қандай? Айыппұл арқалаған азаматтардың жеке сот орындаушысының қатысуынсыз берешегін өндіру қалай жүзеге асып жатыр?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң алғаш рет оңайлатылған іс жүргізу институтын енгізді.Борышкерлерден 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешегін өндіру бойынша атқару құжаттарын автоматтандырылған тәртіпте, яғни жеке сот орындаушысының қатысуынсыз орындауды көздейді.
ҚАЙРАТ ПИЛАЛОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Оңайлатылған іс жүргізудің негізгі мақсаты азаматтарды жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босату арқылы оларға түсетін қаржылық жүктемені азайту болып табылады».
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкерлерге қатысты мәліметтер борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп,іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң банк шотындағы ақшалай қаражатқа тыйым салу түріндегі мәжбүрлеу шаралары қолданылады.Атқару парағын орындау іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.Борышкердің атқару құжатының талаптарын орындамауы әрі қарай орындауға жеке сот орындаушысына беруге негіз болып табылады.
ҚАЙРАТ ПИЛАЛОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде Алматы қаласы Әделіт департаментінде 19266 атқарушылық іс қозғалып,онын 12 048 аткару ондириси аякталган мемлекет пайдасына аударылған сома 4 017 171 694 теңгені құрайды.Қазіргі уақытта 6 993 атқарушылық өндіріс бар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z5oCKCBUMxY?si=w6L0SIgfLRDCa7tw"
Су тасқынының алдын алу бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов СҚО-на жұмыс сапары барысында дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Оған Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Төтенше жағдайлар министрі , Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қатысты. Жиын барысында бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта, еліміз бойынша 9 облыста су тасқыны қаупі жоғары. Қазгидромет» РМК-ның алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес, ақпан айында ауа райы жылы болады. Наурыз айында да ауа температурасының жоғары және жауын-шашынның көп болуы су тасқыны қаупін арттырады.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Биылдан бастап су тасқыны кезеңіне арналған гидрологиялық болжамға қоса, әр аймақ бойынша егжей-тегжейлі ақпарат пен кеңестер беріліп жатыр. Олар қауіпті аймақтарда орналасқан нақты елді мекендердегі судың ең жоғары деңгейі мен шығынын, гидрологиялық бекеттердегі ағынның көлемін және су тасқыны басталуының болжамды күндерін көрсетеді».
Сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков өз сөзінде «Tasqyn» ақпараттық жүйесі туралы баяндады. Жүйеде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 гидробекетте су тасқынын модельдеу жүргізіледі.
МӘЛІК ОЛЖАБАЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Tasqyn» ақпараттық жүйесінде 7 күнді қамтитын қысқамерзімді және ұзақ мерзімді болжам көрсетіледі. Сондай-ақ, жүйе су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері бойынша жедел мәліметтер автоматтандырылған, қауіп-қатерді ертерек ескертуге мүмкіндік беретін GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен біріктірілген. Мәселен,СҚО-да Есіл өзеніне ұзақмерзімді болжам бойынша 19 сәуірде су деңгейі қатты көтеріліп, Октябрьское ауылына қауіпін тигізуі мүмкін».
Жалпы, бүгінде еліміз бойынша стратегиялық маңызы бар учаскелерді қоса алғанда 1 мың шақырымнан астам канал, 153 мыңнан астам өзен арнасы тазартылып, 200-ден астам нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілген.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ «Демеу Қазақстан» Корпаративтік қорының қаражатымен 2004 жылдан бастап еліміздің 6 өңірінде жалпы ұзындығы 12,4 шақырымды құрайтын 59 қорғау бөгеттері қалпына келтіріліп жатыр. Айта кету керек, былтырсу тасқыны кезінде 17 облыс пен Астанадағы елді-мекендерді қорғау шеңберінде 576 км-ны құрайтын 276 бөгет үйінділер салынды. Оларды заңдастыру және коммуналдық меншікке қабылдау жұмыстарын тездетіп аяқтау қажет».
Бүгінде ел бойынша су тасқыны қаупі бар 1200-ден астам елді-мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. Сондай-ақ, 822 шақырым су бұру жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Автомобиль және темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық аумақта түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар барлық өңірде тасқынның алдын алу шаралары толық көлемде аяқталған жоқ. Бұл жекелеген елді-мекендерге айтарлықтай қауіп төндіретін атап өткен жөн».
Жиын соңында Премьер – Министр Олжас Бектенов әлі де шешілмеген мәселелер бар екенін айтты. Сондықтан министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма беріп,су тасқыны кезеңіне дайындықты 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ziRcvbn6Rzg?si=BfUZHj0znA90EGTt"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cCp7HNqqnz4?si=8fScoPBFqmaWCfxI"
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор, өмірін өнерімен өрнектеген Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Оның шығарған және сүйемелдеген 300-ге жуық музыкалық жазба Қазақ радиосы мен телевидениесінің «Алтын қорында» сақталған. Сонымен қатар халық арасында кеңінен тараған 80-ге жуық әннің авторы.
Ағайша Исағұлованың қазақ эстрада өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның 1968 жылы құрған «Айгүл» ансамблі республика ғана емес, Кеңес Одағының көлемінде, алыс шетелге де аты шықты. Вокалды аспаптық халық ансамбль атақты «Досмұқасан», «Гүлдер» топтарының ашылуына да мұрындық болды.
АҒАЙША ИСАҒҰЛОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: «Көзді ашып жұмғанша мен 80 жасқа келіп жеттім. 80 жасқа келудің өзі түрлі-түрлі ғажап, өмірдің соқпақтарын өтіп келдік. Аман-есен осыған жетуім қара шаңырағым үйімнен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мені құшағына алып, мені бүгінге дейін аялады. Сондытан мен рахмет айтамын Университетімнің ұжымына алғыс айтамын. Осы жерге келіп тұрған менің әріптестеріме университет ректоры Гүлмира Әмірханқызының адами қасиеті өте жоғары, білімді осындай шараны ұйымдастырып, апайға алғыс деп атқанына рахмет.»
Мерейтойлық кешке өнер және мәдениет саласының майталмандары, университет оқытушылары мен студенттері, профессордың шәкірттері және әріптестері қатысты.
ГҮЛМИРА ҚАНАЙ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: «Ағайша апай екеуміз көтеріліп келе жатсақ, 18- жасымнан бастап өмірім өтіп жатыр деді. Қаншама жыл елге, университетке еңбегі сіңген біздің профессор Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз. Осында отырған қыздарымыздың барлығына жұғысты болсын. Сіздердің өмірлеріңіз де осындай тамаша жетістікке толы болсын. Сіздерде әлемнің үлкен сахналарында өнер көрсетіңіздер. Елімізді танытып, университетіміздің даңқын асыра беріңіздер. Университетіміздің рухы, жүрегі өзіңізсіз апай».
Іс-шара барысында Ағайша Исағұлованың педагогикалық және шығармашылық еңбектері туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай Ағайша Исағұлованы мерейтойымен құттықтап, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті атынан сыйлық табыстады. Түлектер ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sld_qHm1Kf8?si=GHxbPmzRUNRWRo81"
Білім мен тәрбие – қоғам дамуының басты тірегі. Осы орайда, педагогика саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген белгілі азаматтар Мұхтар Ботабайұлы мен Ертай Сұлтанұлы жастармен жүздесті. Бірі ұстаз,бірі шәкірті. Екеуі де ұстаздардың ұстаханасына айналған киелі шаңырақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде қызмет етеді. «Абайдан-Абайға» деп аталған басқосу барысында Абай университетінің өкілдері еліміздегі тұңғыш оқу орнының жетістіктерімен бөлісіп, 95 жылдан аса терең тарихы бар университет халықаралық және отандық рейтингтерде педагогика саласында көшбасшы болып табылатынын, жоғары оқу орны қабырғасында Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Баймен Алманов, Темірбек Жүргенов сияқты ұлы тұлғалар сабақ бергенін атап өтті. Мұхтар Ботабайұлы талай таланттарды түлеткен Абай мектебін 13 жыл басқарса, шәкірті Ертай Сұлтанұлы бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде проректоры болып еңбек етеді.
МҰХТАР БОТАБАЙҰЛЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Кездесуге қатысқан жастар ұстаздардың өмірлік тәжірибесінен үлкен әсер алып, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарының артқанын атап өтті.
ЕЛДОС НӘДІРБЕК ОҚУШЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 297 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yFTp2B-QPRU?si=MrrOY6tEuTGZvWUY"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IXxS4rjOMjo?si=uNzKA9z9uD4T_cOx"
Өткен көктемде СҚО өңірінде су тасқыны болып, Есіл өзеніне жақын орналасқан елді мекендер мен Петропавлдың бірнеше шағын ауданы су астында қалған еді. Биыл мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін апаттың алдын алуда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен Заречный ауданының тұрғындарына қоныс аудару ұсынылды. Былтырғы тасқынға дейін 913 адам тұрған бұл маңда қазіргі таңда 251 үй және 521 адам қалған. Оның 160-ы пәтер болса, қалғаны – жеке тұрғын үй. Сондай-ақ мектеп және ерлер колониясы орналасқан. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, қоныс аудару процесі заң аясында жүргізіледі. Әкімдік тұрғындарға жаңа баспана немесе ақшалай өтемақы алу мүмкіндігін ұсынып отыр.
ӘСЕМ АЙТУЛОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Ол жерге бөгет салу тиімсіз болғандықтан, тұрғындарды көшіру қажет деген шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қалада екі көпқабатты үй салынып жатыр, және Заречный тұрғындары заңға сәйкес сол жерге көшірілетін болады. Егер пәтер алғысы келмесе, ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі бар. Ал өз үйлерінде қалғысы келетіндерге ешқандай шектеу қойылмайды – бұл олардың өз еркі.+ 01:41 – 02:02 Ол жерде түзету колониясы да бар, және қазіргі таңда оның жаңа орны таңдалып, басқа жерге көшірілетін болады. Сонымен қатар, қалада 500 орындық жайлы мектеп салынып жатыр. Егер қажеттілік туындаса, оқушылардың барлығы сол мектепке көшірілетін болады».
Тағы басқа мақалалар...
28 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.