- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 222 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZaZGlvMhhO4?si=cDWil_7yrc5vcUPx"
Экс-министрге қатысты атышулы сот процесі бүгін қайта жалғасты. Жоспар бойынша бүгін жарыссөз өтуі керек еді. Сот отырысы сағат 10:00-ге жоспарланған болатын. Алайда, конвойлармен туындаған мәселеге байланысты Бишімбаев пен Байжанов сот залына уақытына жеткізілмеді. Сондықтан, сот отырысын түстен кейінге қалдырды. Алайда, жарыссөз тағы болмады. Себебі, прокурорлар Байжановқа қатысты тағылған айыпты өзгертуді сұрады. Олар Бишімбаевтың туысы Байжанов марқұм Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын білді, біле тұра аса ауыр қылмысты жасырды деп отыр.
САЯХАТ НҰРБЕК МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: «Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар: 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау). Айыптау тарапы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады. Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралады».
Енді Байжановқа қатысты айыптаудың жаңа тұжырымы қабылданатын болады. Осыған байланысты сот отырысы 2 мамырға шегерілді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 588 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lxMl-3CAuh4?si=Kssr3V9C21ab21ZD"
Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл.Қиын-қыстау заманның қыспағын көрген тұлғаның ел тарихынан алар орны ерекше. Мамандар, Ілияс Жансүгіровтың халқына сіңірген еңбегінің өз уақытында бағаланбай қалғанын, оның Алаш арыстарымен бірге ел тәуелсіздігі үшін күресу жолындағы жанкештілігі өскелең ұрпаққа терең насихатталуы керектігін алға тартуда. Тектіден тұяқ қалған,олар да әке жолынан алыс емес,ғылым жолында. Ілияс Жансүгіровтың кенже ұлы Болаттың жары, Алаш ардақтысының келіні Қарлығаш Қаңтарбаева атасының ұрпақтары үшін қатты қорыққан айтуда. Кеңес үкіметінің кесірі,бала-шағасына тимесе екен деп алаңдаған.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАҢТАРБАЕВА І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ КЕЛІНІ
Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған уақыттары, елім деген азаматтар халық жауы деп танылып,жазықсыз өлім жазасына кесіліп отырған. Ілияс Жансүгіровте зұлмат саясаттың құрбаны. Тарихты қолдан жасағанымен, ақиқаттан аттау мүмкін емес.Өз алдына Тәуелсіз ел болған Қазақстан, арыстарын ақтап, өскелең ұрпаққа үлгі етуде. Өйткені ұлыларды ұлықтау,бүгінгі ұрпақтың парызы.
ӘЛИЯ ҚАСҚЫРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ №130 ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Ұлылардың шығармаларын насихаттау,баршаға ортақ міндеттің бірі деп санаймыз.Өйткені өскелең ұрпақ,олардан үлгі алады.Ілияс Жансүгіровте қазақ халқы үшін жанын берген тұлға,біздің білім шаңырағы арнайы декадалар өткізіп,оның болмысын ашып, тұрақты түрде насихаттап отырады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 188 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/efhzjgMBkv0?si=zeOTfe7i6XTC96iG"
"Үйіне қаңғыбас иттерді жинап алған!" Осылай деген Қызылордадағы Ақмешіт тұрғын ауданының халқы өз шағымдарын жеткізді.
Мына көпқабатты үйдің 5-ші қабатында үйіне қаңғыбас иттер ұстайтын әйел тұрады. Біртүрлі тірлік жасап жүргенін байқаған тұрғындардың сөзінше жасы 67-ге келген Камила даладағы қаңғыбас иттерді шынжырлап, үйіне апарып қояды екен. Қарсылық білдірген әр тұрғынға қарғыс сөздермен жауап беретін болған.
МЕРУЕРТ ПАК ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Құтыру, эхинококкоз, қышыма, қотыр сынды аса қауіпті аурулар иттердің бойында бары анық. Сондай иттерден 7 жасар 3-топтағы мүгедек баласын арашалап үлгергендердің бірі - Әсем Төреханова.
ӘСЕМ ТӨРЕХАНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Камиланың көршілері есіктерді ашып, иттерді босатып жібергенімен, ол қайтадан оларды күшпен кіргізіп алатын көрінеді. Арнайы мамандар иттерге ұйықтататын дәрі беріп, оларды өздерімен алып кетті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 260 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2dLgdlSWVKw?si=mlK6SDeMDVo77Q9N"
Маңғыстаулық 64 жастағы велошабандоз Рәббім Борашев мамырдың 3-і күні Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолға шығады. Бейнеулік спортшы бұл жолғы сапарын Баку қаласынан бастайды. Ол осыған дейін ең ауқымды тур - Маңғыстаудан Алтайға велосипедпен сапарлатқан. Ол жерде 5406 метр биіктікке шыққан. Әзербайжаннан, Батуми қалаларына баруға бекінген. Ол Парижге дейінгі жолды 2 айда жүріп өтуді жоспарлап қойыпты. Рәббім Борашевтың негізгі мамандығы - архитектор. Зейнет жасындағы спортшы жасы алпысты алқымдасада алда өтетін барлық велошерулерде төбе көрсетіп, сайыстарға белсенді қатысуды жоспарлар отыр.
РӘББІМ БОРАШЕВ — ВЕЛОШАБАНДОЗ «Денсаулық болса, бәрі аманшылықта болса, барлығын жүріп өтуге тырысамын. Менің жасымда олимпиада чемпионы болу қиын шығар. Бірақ сонда олимпиада үшін бір тоннадай тер төгетін шығармын деп ойлаймын».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 227 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/S3Zg1WdS6W8?si=crJHB-hfNTO2PCMc"
Орал қаласында орналасқан "Телеорталық аумағы" деп аталатын саяжайдағы тұрғындардың сөзінше үйлерін су алғанына бір айға жуық уақыт өтсе де, биліктегілер не ақшалай көмек бермеген, не үй алуға құжаттарын дайындамаған. Қазір тұрғындар жақындарының үйін жағалауға мәжбүр.
«Речник», «Зенит», «Орбита», «Вишенка» тұрғындары әлі күнге дейін ешқандай өтемақы алмағанын, биліктегілердің бір адамы келіп, көмек қолын созбағанын айтып назданды.
ДИЛЬЯРА МИФТАКОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: "Комиссияны күтіп тұрмыз. Акт керек дейді. Не акт екенін де түсіндірмейді".
РИНАТ ҚАБДОЛЛАЕВ САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
ЗИНАИДА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: "Қоңырауымызға жауап бермейді. Мына жерге жиналғанымыздың себебі сіздер арқылы үнімізді жеткізу".
СӘУЛЕ КӨШЕКЕНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Қарашаның уәжін тыңдауға үлгеріп келген билік өкілінің жауабы мынау.
ЕРЛАН МАРАТҰЛЫ КОМИССИЯ МҮШЕСІ: "Өзіміздегі тізім бойынша барлығыңыздың арызыңызды қабылдаймыз. Жоспар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Сабырлық танытыңыздар. Сіздерден басқа да саяжайлар бар".
93 тұрғын арыз-шағым түсірген. Барлығының күтіп отырған жауабы біреу. Ол - шағымның шетте қалып кетпей, тезірек шешімі табылса.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 180 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VVnuMGypKfo?si=ldEPL_YxZBr9y2jD"
Қазақстанда автокөлік бағасы арзандауы әбден мүмкін. Себебі, үкімет отандық автомобиль өндірісін арттырмақ ниетте. 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол жұмыс кезең- кезеңімен іске асырылады. Биыл 20%-ға, келер жылы – 30%-ға, ал 2026 жылы - 40%-ға көбейтіледі. «Жалпы отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жақсы, өнеркәсіп өркендеуде» - дегені сол еді Қанат Шарлапаевтың басы дауға қалды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отставкаға кетуі керек. Депутат Бақытжан Базарбек солай дейді. Айтуынша, жауапты министр өнеркәсіпті өркендете алмай отыр. Статистикада нақытылық жоқ. Инвестор туралы ақпаратты құпия ұстауда. Депутаттарға ашық ақпарат айтпаса, демек халықты алдап отыр дейді.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жүйкеңіз шыдамаса Парламентке келмеңіз. Альберт Павлович, мен министрдің жауапкершілік мәселесін көтергім келеді. Ол Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттардың ескертуін елемей отыр. Министр мырза, сіздің жүйкеңіз шыдамаса, Парламентке келмеңіз. Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беру үшін келдіңіз. Депутат дегеніміз халық. Депутаттар ыңғайсыз сұрақтар қойса да жауап беріңіз. Сіз халықтың алдында жауап беруіңіз керек».
Министрдің есебіне қарасақ, «басқа Қазақстан» деген Бақытжан Базарбектің ойын әріптесі Мұрат Әбенов те қостай кетті.
МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Депутат Бақытжан Базарбек дұрыс айтты. Бүгін министр не үшін келді? Бұл есеп беру емес қой. Біз "Ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет" деп айтамыз. Дегенмен де Үкімет сағаты келіп, ақылдасып, проблеманы ортаға салып, бір-бірімізге шыңдықты айтатын жер ғой. Мен бостан босқа айтқан жоқпын. Өткен жылы 170 жоба іске асуы керек болды. Ол зауыттар жұмыс істеуі керек еді. Оның сегізі ғана акт бойынша іске қосылған. Бірақ бұл туралы бірде-бір ақпарат естіген жоқпыз».
Министр мәжіліске келіп, жалған ақпарат беруде деген депутаттар Қанат Шарлапаев жұмыс істей алмаса, орнын босату керек деген пікірде.
МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Барлық шекараны ашып қойдық. Ресейлік барлық зауыттар бізде қаптап кетті. Кубрей зауыты, асфальт шығарытын зауыт, цемент зауыты барлығы жабылудың алдында. Министр ол туралы бірде-бір сөз айтпайды. Бізге әдемі сұрақ беріп, күліп жауап беріп тұр. Менің ойымша күлетін нәрсе емес. Жылайтын нәрсе».
Министр депутат Мұрат Әбеновтың сынын орынды деп қабылдаса, ал, мәжілісмен Бақытжан Базарбектің сынымен келіспейді. Айтуынша, инвестор тартуда аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Тек шет елдік емес ішкі инвесторларға да жағдай жасалу керек деп санайды. Алда, бұл айтылған пікірлер бойынша жұмыс істейміз деп уәде берді. Айтпақшы, утильалым бойынша еш өзгеріс болмайды. Утильалым құны азаяды деген бос сөз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 262 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VZl07uf6u8s?si=TQTjbGsTs-crrAuD"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 208 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/EFEzRKg1QOo?si=jthHa7gee2P_Xart"
Өндірістік орындарда кадр тапшылығы бар.Осынау олқылықтың орнын толтыру үшін,кәсіптік техникалық білімі бар мамандар қажет.Бүгінде Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен айтулы мәселені реттеу үшінмаңызды қадамдар жасалып жатыр.
Жастарды кәсіптік салаға бейімдеу үшін, оларды қызықтыра білу маңызды. Сонымен қатар дұрыс бағыт-бағдар беріп, тұлға болып қалыптасуына ықпалымызды тигізуіміз керекті.
ГҮЛНАР СҮЛЕЙМЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚБЖТҒӘО ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Алматы қаласындағы көпсалалы колледжінің базасында өтіп жатқан фестивальға 5- мыңға жуық жастар қатысты. Мақсат, келешек мамандық иелеріне жанжақты ақпарат беру,кәсіптік білім беруді жетілдіру.
АЯУЛЫМ СЕРІК СТУДЕНТ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 288 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/khRbrcK6yhY?si=tSE2cxZ0e8WY1xr0"
Өндірістік орындарда кадр тапшылығы бар.Осынау олқылықтың орнын толтыру үшін,кәсіптік техникалық білімі бар мамандар қажет.Бүгінде Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен айтулы мәселені реттеу үшінмаңызды қадамдар жасалып жатыр.
«Жас маман» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан бырлық кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарына қыруар қаржат бөлініп, жастардың практикалық тұрғыдан шыңдалуына мынадай техникалар алынған болатын. Қала басшылығы жаңа технологияның күшімен өндірілетін өнімдерді кәдеге жаратуға байланысты маңызды міндеттер жүктеген.
БОЗЫМБАЕВ АЭМК ДИРЕКТОРЫ
Білім мекемесінің өндірістік базасымен танысқан жұмыс беруші тарап,көптеген өзекті мәселелерді талқылады. Мақсат, өз ісін жетік меңгерген жастарды үйрету, жұмысқа қабылдау. Тағы бір айта кететін мәселенің бірі, бұл жерде кәсіпкерлердің жеке қаражатының есебінен білімді жетілдіру орталықтарын салуда.
АЯН МЫРЗА КӘСІПКЕР
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 369 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NML-SHg7V28?si=ied2o5cqdeIj92jM"
Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданында Қарасай,Жамбыл аудандарының құрметті азаматы, спорт ардагері Ыбытаев Сейітқали қажы Есімбекұлының құрметіне арналған кіші жасөспірімдер арасында бокстан V-ші ашық Республикалық турнир өтті. Шараға арнамызда қатысып қайтқан еді.
Жыл сайын дәстүрге айналған шараға еліміз бойынша 8 облыстан жалпы саны 161 спортшы 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы жарысқа қатысушыларды құттықтай отырып, салтанатты түрде шараны ашты.
ӘДІЛБЕК ҚАМБАРҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылғы турнирдің ерекшелігі көрші Өзбекстан мемлекетінен де арнайы келген 12 спортшы бағын сынады. Шаршы алаңның шаңын шығарып жеңімпаз тұғырына көтерілген спортшылар марапатқа ие болмақ.
ЕЛАМАН ЖҰМАШЕВ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Еліміздің ертеңі жастарымызды дұрыс жолға бағыттап,елін жерін сүйер азамат қылып өсіру, әлем алдында халқымыздың мәртебесін асқақтатар ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз дейді ауданның құрметі азаматы.
СЕЙІТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ
Бүгінгі турнирде Өзбекстандық қарсыласынан басым түскен Жамбыл ауданының тумасы Бекнұр Жұмабек бапкерінің үтітін ақтап,болашақта еліміздің көк байрағын желбіретер чемпион болуды мақсат еткен.
БЕКНҰР ЖҰМАБЕК ЖЕҢІМПАЗ
Бүгінгі шараның өскелең ұрпақтарымыздың бойына ұлттық рух сыйлап,жан дүниелері не елінің мақтанышы болу бақытын сыйлағанының куәсі болдық.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 253 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/IFvI7m-RnVM?si=rH2Je_v9XX_sjz1s"
Ақтау қаласының іргесінде орналасқан Атамекен елді мекенінің тұрғындары ауыл ішіндегі жолдың жоқтығына наразы. Көпшілік қарапайым такси қызметіне де зәру екендерін айтып ашуын білдірді. Себебі шақырту алған көлік үйдің маңына келмей көшенің басынан күтеді екен. Ал таксидің көшеге кірмеуіне жолдың жоқтығы себеп.Қажетті инфрақұрылымнан мақұрым қалған ауылдық ағайын, бұл жағдай мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиын екенін алға тартуда.
Ауыл тұрғыны Роза Алламбергенова жол азабын көріп жүргеніне 20 жылдай болғанын айтады. Сал ауруымен ауыратын 24 жастағы қызын әрі-бері тасу үшін діттеген жеріне жете алмай әлек.Такси шақырса, үйдің маңына келмейді. Амал жоқ, көшенің басына жаяулатып баруға тура келеді. Ал жыңбыр жауған күндерді айтпасақта түсінікті.
РОЗА АЛЛАМБЕРГЕНОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
«Такси шақырсам, мына көшені біліп алған, бір такси келмейді. Мен үйімнен мына полинклиникаға 3 км шықпайды. Соған 2500 теңгеге апарамын. Қайтып келе жатқан кезде такси ана жерден мысалы мына көшеге кірмейді. Үйімнің қасында магазин бар. Соған келе жатқан доставкаға екі-үш рет мініп келгенмін».
ЖӘМИЛА АБАЖАНОВА АУЫЛ ТҰРҒЫН:
«Мына жолымыз жаман. Бала-шаға сабаққа бара алмайды. Шаң, көше тар, машиналар білмим қалай жүргендерін. Жаңбыр жауса ешқайсымыз жүре алмай қаламыз. Мына тұрғындарға қиын болып жатыр».
Тақтайдай болу керек тас жолдың бүгін-ертең төселетін түрі жоқ. Алдымен бұл жерге кәріз құбыры жер астына салыну керек. Содан кейін асфальтты реттейміз дейді жергілікті билік өкілдері.
АБЗАЛ ТАСТАНОВ - АТАМЕКЕН АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бұл жұмысқа асфальттау қызметі кірмейді. Жолдарды күтіп ұстау, знактарды ауыстыру, сырлау, және жол белгілерін сызу, көшелерге құм төгу жұмыстары, аталған жұмыстар белгіленген жоспар бойынша жасалады, мамыр айының басында “Арман” тұрғын үй массивін қойып отырмыз жоспарға».
Ауылдың мәселесі бұл ғана емес,көше жарықтары да сын көтермейді.Көбісі күйіп кеткен.Айтулы жағдайды реттеуге әкімдік тағы да уәдесін үйіп-төгіп отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 200 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KGFB96lCaAk?si=HxqGzxRLFZLnhLKq"
Алматыдағы автобус апатына кінәлі деп танылған Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үш адамның өмірін қиған қоғамдық көліктің апатына қатысты қылмыстық іс бойынша бүгін жарыссөз өткен болатын, онда айыпталушы өз кінәсін мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Сотталушы көзіне жас алып тұрып, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұраған еді. Алайда, жәбірленуші тарап бұл үкіммен толық келіспейді. Олар автобус жүргізушісі мен автопарк басшылығы да жазаға тартылуы керек дейді.
ДАРХАН АХМЕТЖАНОВ СОТТАЛУШЫ: «Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұлдың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Қайтыс болғандардың туыстарына, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алғандардың жазылып кетуін тілеймін. Өзімнің отбасымнан кешірім сұраймын».
ТАКЕН ШӘКІРОВ СУДЬЯ: «Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес, жазаны неғұрлым қатаң тағайындалған жазаны сіңіру арқылы Дархан Ахметжановты түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын».
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Естеріңізге саламыз, қайғылы жағдай 2023 жылдың 22 желтоқсанында болды. Сол кезде жергілікті полиция №47 автобустың жолаушысы жанжал кезінде жүргізуші әйелді ұрды,содан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалды деген қорытынды шығарған болатын.
Тағы басқа мақалалар...
58 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.