- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 349
https://www.youtube.com/embed/P_FKEE7ppRs?si=i-_JLaQ1DH7zc4Zc"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 378
https://www.youtube.com/embed/9vVgk-xu3Z0?si=ZXZl1jCwXjzg7MVk"
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.Шараға АҚШ, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысты.
Семинар жұмысы басталмас бұрын киелі аймаққа табын тіреген қонақтарды ортағасырлық Талхиз, Рахат қалашықтарына апарды. Бұл жоталардың бүккен сыры,ғасырлардан бері ашылмай келеді.Кей деректерге сүйенсек, ежелгі сақтардың ордасы болған дегенде айтылады.Өйткені қазба жұмыстары барысында азды-көпті жәдігерлер шыға бастады. Еліміздің мамандары Қытайлық әріптестерімен бірігіп,Рахат көне қалашығында орхеологиялық іздену шараларын 2017 жылдан бері бастап кеткен.
ДИНЬГ ИАМ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРХЕОЛОГЫ:
«Біз бірлескен жұмыстарды осыдан 7-жыл бұрын бастап кеткен болатынбыз.Өздеріңіз білесіздер,пандемиялық кезеңде біраз уақыт жұмыстарымыз тоқтап қалды.Қазір қайта жандандырып жатырмыз.Қазақтың жері,тарихи жәдігерлерге толы,біздер үшін әр табылған дүниеге үңілу қызықты».
ЛАРИСА ПЛЕТНИКОВА РЕСЕЙЛІК АРХЕОЛОГ:«Мен бір кездері Есік музейінде жұмыс жасағанмын.Сондықтан Талхиз бен Рахат көне қалашықтары маған жат емес.Расмымен де нақты зерттеу жұмыстарын жүргізсе,көптеген деректерге қол жеткізуге болады.Қазақстандық әріптестермен таңғажайып жәдігерлерді анықтауға тырысамыз. Өйткені Алтын адам шыққан өлкенің сыры,тереңде жатыр».
ГҮЛМИРА МҰХТАРОВА «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы келем деушілерге үнемі есігі ашық.Бұл жерге қазақтың тарихына қызыққан шетелдік туристер көп келеді. Айтулы мекеме мамандарының айтуынша көне Талғар қалашығындағы құнды дүниелерді жаңғырту жұмыстары кешеуілдеп отыр.
ГҮЛМИРА МҰХТАРОВА «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Семинар жұмысы 8-қыркүйек күні Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында, ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросында жалғасады. Онда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің қазіргі жағдайы, сақталуы, нысандар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмаспақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/J51Ty55yMHM?si=Wuk32TfvR86QvN9R"
Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы ғалым, профессор, қаламгер Мұрат Әуездің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Толығырақ келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен жасалған халықаралық конференция жоғары дәрежеде өтті. Тағылымды жиынның мақсаты – Мұрат Мұхтарұлының ғылыми, шығармашылық еңбектерімен қатар қоғамдық және мемлекеттік қызметінің маңызды кезеңдерін саралап, қайраткер қаламгердің рухани мұрасын насихаттау. Конференция жұмысын ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев мерейтой иесінің қазақ руханиятында алатын ерекше орнын атап өтіп, қаламгерге ерекше құрмет көрсетті.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Мұрат Мұхтарұлы есімі қазақ халқына ғана емес, барша Түркі дүниесі мен Ислам әлеміне жақсы таныс. Қаламгер Мәскеуде оқып жүрген кезеңде қазақ жастарының басын қосқан «Жас тұлпар» қозғалысының белді мүшесі, жетекшілерінің бірі болды. Семей ядролық полигонын жабу жөнінде бастама көтерген «Невада-Семей» қозғалысына мүше болып, елдік мәселелерге атсалысты. «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болған кезеңде ұлттық кинематографиядағы жаңа толықынды қалыптастырды. Қазақстан Жазушылар одағында еңбек еткен жылдары көркем аударма және әдеби байланыстар саласын дамытты».
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Татарстан жазушылар одағының төрағасы Зайдулла Ркайл, Татарстан халықтары ассамблеясының төрағасы Ирек Шарипов, ҚР Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова қатысып, мерейтой иесін құттықтап, өз сыйлықтарын тарту етті.Сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Голландия елдерінен келген ғалымдар, ақын-жазушылар, еліміздің зиялы қауым өкілдері, Мұрат Әуездің замандас-достары және ҚазҰУ-нің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.Шара барысында шығыстанушы, түркітанушы, тарихшы ғалымдар Роберт Эрмерс, Сафар Абдулло, Александр Қадырбаев баяндама жасап, профессор Мұрат Мұхтарұлының әдеби және саясаттағы зор үлесі мен жетістіктеріне тоқталды.Конференцияда Мұрат Мұхтарұлының түрік тіліндегі «Birliktelik» (Бірлік) кітабының тұсауы кесілді. Бұл жинақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен жарық көрді.Жиын соңында мерейтой иесі жиылғандарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы әрі қарай секцияларда жалғасты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/ijVXLikgWiY?si=2FG_5xtq284LOmkz"
Дүние жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың инвазивті түрлерінің таралуы әр онжылдықта төрт есе өсіп, экономикалық зиян келтіруде. Бұл статистиканы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынып отыр.
Ұйым 1970 жылдан бері зерттеумен айналысып,шығынды есептеп келеді.Зерттеуді 49 елден келген 86 сарапшыдан тұратын топ төрт жыл бойы жүргізді. Олар 37 000 паразиттік түрдің ғаламдық әсерін зерттеді. Қорытындыларға сәйкес, олармен күресуге кететін шығын жылына кемінде 423 миллиард долларды құраған. Сонымен бірге инвазиялық түрлер өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің 60% жойылуының негізгі себебіне айналады.
ХЕЛЕН РОЙ БҰҰ ӨКІЛІ:
«Біз инвазивті бөтен түрлердің биоәртүрлілікке ғана емес, жалпы қоршаған ортамыздың өмір сүру сапасына да үлкен қауіп төндіретінін анықтай алдық. Қазір 37 000-ға жуық бөтен түрлер тіркелген. Мәселе одан сайын қиындай түседі деген сөз».
Инвазивті түрлер - көбінесе адам әрекетінің нәтижесінде жаңа аумаққа енетін өсімдіктер немесе жануарлар. Жаңа ортада олар жиі көптеп өседі. Нәтижесінде олар жергілікті түрлерді өзгертуі немесе толығымен ығыстыруы мүмкін, сонымен қатар табиғи биологиялық әртүрліліктің төмендеуіне әкеледі.
ХЕЛЕН РОЙ БҰҰ ӨКІЛІ:
«Мысалы, кейбір тұщы су мидиялары бар, олар көбейіп, құбырларды бітеп тастайды. Кейбір өсімдіктер, мысалы, су арналарының жүзу жолдарына кедергісін келтіруі мүмкін. Бұл ірі компаниялар немесе жергілікті қауымдастықтар үшін мәселе тудырады».
Инвазивті түрлер жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына әкелетін патогенді тасымалдаушылар болып табылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/VHCkwOpV5I4?si=QmhxyrWBAFTfsSOW"
Оңтүстік Кореяда 50 мыңға жуық мұғалімдер Сеулде митинг ұйымдастырды. Ұстаздар қауымы қарама қайшы әрекеттерге қарамастан құқықтарының қорғалуын талап етіп отыр.
Мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен олардың ата-аналары тарапынан қысым көрсетушілік жиілеген. Осыған байланысты соңғы кездері білім берушілердің кейбір әріптестері өз-өзіне қол жұмсаған.Шеруді ұйымдастыруға ат салысқан, бірақ аты-жөнін атамауды өтінген бастауыш сынып мұғалімі әріптестерінің қайғылы қазасынан кейін білім саласындағы жағдайдың қиындайтынын алға тартты.
ШЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
«Ұстаздың өмірден өткеніне 49 күн болды. Алайда шындық әлі ашылған жоқ. Біз бүгін білім беру органдары мен үкіметті жағдайды анықтауға және жақсартуға шақыру үшін жиналдық».
ШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ:
«Сабақтарға кедергі келтіретін негізсіз үлкен жүктемелер және оқушылар мен олардың ата-аналарынан шамадан тыс шағымдар көп болды».
Ата-аналар мен оқушылар Сеулдегі бастауыш мектеп жанындағы мемориалға гүл шоқтарын қоюға жиналды. Шілде айында бұл оқу орнында мұғалім өлі күйінде табылған. Бұған дейін ол оқушылар мен олардың ата-аналарының қысымына шағымданып келген екен.
ОҚУШЫ:
«Менің білімді болып өсуім ұстаздарға тікелей байланысты, мұғалімнің қайтыс болуы өте қайғылы жағдай».
Ұстаздың өз-өзіне қол жұмсауынан кейін мемлекеттік мектеп мұғалімдерінің шағымдары күрт өсті. Олар ата-аналар мен оқушыларға тәртіптік жаза қолдану үшін тым қатыгездік танытты деп әділетсіз айыпталып жатқандарын жеткізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/vQfpKAqdLwY?si=nXfqSmT3-TBIhIah"
Жетісу облысы,Кербұлақ ауданында 100-ден астам мүгедек қарт пен 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар тегіс мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары олармен тұрақты байланыста. Сұраныстарын анықтап, тиісті қолдау көрсетіп отырады.
Сарыөзек ауылының тұрғыны Гүлмира Қасымова 4 баланың анасы. Кенжесі Нұртас туғаннан сал ауруына шалдыққан. Мүмкіндігі шектеулі ұлының күтіміне мемлекеттен әлеуметтік көмекті тегін алады. Сонымен қатар, аптасына 2 рет әлеуметтік қызметкерлер арнайы үйіне келіп, оңалту жұмыстарын атқарады. Гүлмира Қасымова сала мамандардың еңбегіне дән риза.
ГҮЛМИРА ҚАСЫМОВА САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Баламыздың медосмотр, бәрін өткізіп береді. Парталмен жататын кезде санаториға жіберді биыл,каляскамызды береді,карсет береді. Аяғына артапет аяқ киім береді. Әлеуметтік қызметкерлердің қыздары бір нәрсе айтсаң екі етпей бәрін жасайды. Әлеуметтік ұжымына рахметімді айтамын».
Кербұлақ ауданында 111 мүгедек, жалғызбасты қарттар мен 67 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оларға арнайы 36 маман, әлеуметтік қызмет жасайды. Негізінен медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-еңбек, мәдени және экономикалық құқық сияқты 8 бағыт бойынша көмек көрсетеді. Солардың бірі, Әлия Демеева. Ол, 10 жастағы Сезімге бар білгенін үйретіп, оңалып кетуіне септесіп жатыр. Жас бүлдіршінге аутизм диагнозы қойылған
ӘЛИЯ ДЕМЕЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: «Көбінесе педагогикалық бағытта сурет салдыртамыз.Арасында дамытушы ойындар ойнатып жаттығулар жасап аламыз. Балалардың көбінесе ойлау қабілетін қол маторикасын, саусақ маторикасын дамытамыз. Осындай ойындар арқылы».
Кербұлақ ауданының "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде " мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбалары, протездер, ортопедиялық аяқ киімдер, балдақтар және басқа да қажетті керек-жарақтар беріледі. Жыл басынан бері электронды порталға 560-қа жуық өтінім келіп түсті. Ол бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
МАРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВА КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «200 адам гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді. Санаторный курордқа жыл басынан 103 өтініш түскен. Бүгінгі күні 60 адам демалып қайтты. 4 адам өздерінің таңдаған жағы бойынша демалып жатыр. Қалғандары өздері таңдаған уақытында жылдың аяғына дейін барады».
Жалпы, мемлекеттік қызметтердің 13 түрі көрсетілген. Оған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу кіреді.
ҚАЙРАТ СҰЛТАНБЕКОВ КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Былтыр 640 әлеуметтік қызмет көрсетсек, биыл міне 8 айдың ішінде 348 қызмет көрсетіп отырмыз. Ол өтініштер, сурдо құралдары керек кезінде заявка берілді. Керекті құралы болса пошта арқылы жеткізіп береді. Жеткізіп бергеннен кейін біз ақшасын төлеп береміз».
Жалпы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мамандардың біліктілігі жоғары бағаланады. Сонымен қатар мейірімділігі аса маңызды. Жүректен шыққан жылу ғана жүрекке жетеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/W-is_njKy60?si=QtvsvGvy5ccwB21p"
Бүгінгі таңда «Даму» қоры еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Алматы қаласы бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарға назар аударсақ.
Қордың міндеті кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің негізгі борышының бір бөлігін субсидиялау.Екіншіден кепілзат жеткіліксіз жағдайда 85 пайызға дейін кепілдендіру. Бұл екі бағыт жалпы ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Үшіншіден жеңілдетілген несиелендіру. Төртіншіден қолдау тапқан кәсіпкерлердің жобаларына мониторинг жүргізу. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша жеті айдың қорытындысы бойынша 111 млрд тенге несиелік портфель құрайтын 1900 ге жуық кәсіпкер қолдау алған. Оның ішінде көбісі микро және шағын кәсіпкерлер.
ЖАНДОС НҰРҒАЗИНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША «ДАМУ» ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мына қолдау алған кәсіпкерлер ішінде әртүрлі салада бар. Атап айтқанда оның ішінде өңдеу өнеркәсібі. Көлік және жүк тасымалдау кәсібі. Одан кейін мына әлеуметтік бағыт саласында білім беру саласы. Денсаулық саласында басым бөлігі көрсетілген. Мемлекеттік бағдарламаның ішінде өзінің талабында тізімі бар. Сол талаптарға сай кәсіпкерлер жүгініп мемлекеттен қолдау алуға мүмкіндіктері бар».
Әр кәсіпкердің жобасы түрлі салада болғаннан кейін кейбір кәсіпкерлер мемлекет тарпынан қандай қолдау бар екендігін бірі білсе,бірі білмей жатады. Сондықтан Даму қорына жүгініп өз кәсібін,өз жобасын жан-жақты талқылап ары қарай кәсіптерін дөңгелетуге, мемлекет тарапынан жеңілдік несие тартуға мүмкіндік алуға болады.
ЖАНДОС НҰРҒАЗИНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДАМУ ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің басты мақсатымыз алған несиелерінің борышын төмендету. Қазіргі уақытта 21 де 75 пайыз құрайтын болса оның 13 те 75 пайызын мемлекеттік даму қоры арқылы субсидия алып негізгі борыш бойынша 8 пайызын төлеп отырады. Біз несиелендіру бойынша жұмысымызды атқарудамыз. Әр бағдарламаның өз талабы бар. 2015 жылдан бері жергілікті әкімшілікпен бірігіп Алматы бизнес жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл бағдарлама тек қана Алматы қаласы бойынша жүзеге асады. Кәсіпкерлер Алматы қаласы бойынша кәсіптеріне қолдау ала алады».
Бұл бойынша 75 млрд теңгеге 625 кәсіпкер қолдау алған. Бөлінген қаражатты екінші деңгейлі банктерге үйлестіру арқылы жүзеге асырылған. Бұл жерде мемлекеттік бағдарламалар мен Алматы қаласының кәсіпкерлері қамтылмаған жобаларды Алматы бизнес бағдарламасы бойынша қолдау алуға болады. Басым салаларында шектеу жоқ. 7 пайызбен 100 млн теңгеге дейін 5 жылға айналым қаражатын толтыруға,инвестициялық бағытқа жаратуға мүмкіндіктері бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/pBAGZz70qEg?si=dmBkTVDMSDgQhXQ_"
Ақмола облысында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі жалғасуда. Қазіргі уақытта шаруашылықтардан пайдаланылмай жатқан 142,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен.
Ақмола облысында барлығы 400 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Шаруашылықтардан пайдаланылмай жатқан 257,4 мың гектар алқап алынды. Биыл сот шешімі бойынша 52 жер телімі мемлекет меншігіне өтті. Аумағы 48,8 мың гектар.
АЯН БЕКСЕЙІТОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сондай-ақ, департаменттің талап-арыз жұмысы жалғасуда. 58,3 мың гектар алқаптағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 15 талап-арыз соттардың қаралуында. Сондай-ақ, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жалпы ауданы 372,7 мың гектар болатын 58 субъектіге қатысты 2022 жылы бұрын берілген нұсқамалар бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлануда».
Жылдың басында аудандар мен Степногорск қаласының әкімдеріне облыс бойынша пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықтармен берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары белгіленді. Бұл, жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты жұмыстың толығымен орындалуын қамтамасыз етпек.
АЯН БЕКСЕЙІТОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біржан сал ауданында ҚазБФ, ЛТД, ЖШС-мен 19 мың гектардан астам жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ, Біржан сал ауданы бойынша «Баймырза Агро» ЖШС-на 8 мың гектар жайылым өз еркімен қайтарылу жоспарланып отыр».
Өңірде пайдаланылмайтын және заңнаманы сақтамаған жерлерді алып қою жөнінде облыстық ведомствоаралық кіші топ құрылды. Жоспарға сәйкес, биыл ҚР заңнамасын елемей пайдаланылмаған және берілген 400 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерді қайтару.
ДУЛАТ СЕРДӘЛІ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ведомствоаралық кіші топ биыл 30-ға жуық отырыс өткізді. Жиында онда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару мәселелері қаралған. Жыл басынан өңірде 94 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 274,2 мың га алаңда 56 ұйғарым берілді. Олар бойынша салықты 20 есе есептеу үшін облыстың мемлекеттік кірістер департаментіне материалдар жіберілді».
Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару және халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса бермек. Ол қатаң бақылауда,- дейді ведомство өкілдері.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382
https://www.youtube.com/embed/QLMkEzO1swU?si=BzZb8w6oyimOpcAC"
Ақтау қаласында құрылысы жүріп жатқан үйдің бір қабатында апат болды. Шатырда монтаж жұмысын жүргізу кезінде арнайы жабынды құлап, бүтін бір подъездегі пәтерлердің төбесі ортасына түсті. Алдын ала жарнасын төлеп қойғандар, үйді пайдалануға берген жағдайда да қоныстануға үрейленіп қалдық дейді.Ал мердігер мекеме өкілі олқылықтың бәрін ретке келтіреміз, алаңдайтын еш негіз жоқ деп отыр.
Бұл кадрлар дәл сол күні оқиға болған жерде түсірілген. Жұмысшылардың бірі апаттан кейінгі көріністі телефонындағы бейнекамераға жазып алған. Видеожазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Пәтерлердің біріне алдын ала толықтай төлем жасап, қоныс тойымды тойлаймын деп жоспарлап қойғандардың бірі Аманбибі Сахиева. Орын алған оқиғадан кейін көшіп келуге уайымдап қалдым дейді ол.
АМАНБИБІ САХИЕВА САЛЫМШЫ:«Салынбай жатып құлап жатыр. Естіп жатырсыңыз, көріп жатырсыңыз. Сыртынанда көрініп тұр әне. Бәрін жауып тастаған. Мынау сапасыз үйлер кілең. Салынбай жатып құлап жатыр. Елдің, халықтың қорқынышы күшті. Кірген уақытта ол қалай болады»
Ал мердігер мекеме өкілі барлық мәселені рет-ретімен шешіп, олқылықты жоямыз деп сендірді. Тұрғындарды сабырға шақырып, апат орнын қалпына келтіретіндерін айтты.
ҒАБИТ ОҢБАЕВ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:«Тұрғындарға айтарым ешқандай уайымдамасын. Бәрін өзім қадағалаймын. Барлық құйған монолитный участкаларды армировать етіп, барлығын востоновить етіп қоямыз».
Компания сәулет-құрылыс басқармасынан барлық құжатты алған. Құрылыс жұмыстарын бастау туралы рұқсат қағазы да бар. Оқиға орнына бас мемлекеттік құрылыс инспекторы барған. Құрылыс материалдарының жобаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкестігін тексеруге шешім қабылданыпты.
ДӘУРЕН ӨТЕПҚАЛИ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:«Мен барған кезде барлық фактілерді скрыват ету, жасыру жұмыстары жүргізілген. Сынған плиталардың барлығын жинап тастаған. Орнына басқа жаңадан бетон төсеген. Яғни біздер тура болған күні бара алмадық. Енді біздің тарапымыздан шешім қабылданды. Жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргіземіз».
Айта кетейік, плиталар құлаған жерде жұмысшы жатқан. Ол бетон құламай тұрып, бірнеше минут бұрын бөлмеден шығып кеткен екен. Абырой болғанда апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/x9PC6o4AP3w?si=7CkkhDwtBpEV1BWO"
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Албания Президенті Байрам Бегайды қарсы алу рәсімі өтті. Екі ел басшыларына Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.Содан кейін Қазақстан мен Албания президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Қазақстан астанасына келгені үшін Албания Президентіне алғыс айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Бұл – тарихта Албания Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Сіздің ресми сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан Сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас жасауға ниетті. Біз екі тараптың мүддесіне сай келетін көптеген салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол деп санаймыз. Екі аптадан соң елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Сіздің сапарыңыздың осы айтулы датамен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар».
Өз кезегінде Албания Президенті Байрам Бегай Астанаға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.Екі жақта кездесуден кейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Албания Президенті Байрам Бегай екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен келіссөздер жүргізді.Тараптар сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Албания арасындағы серіктестіктің негізгі мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін зор мүмкіндік пен әлеует бар екеніне назар аударды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/bUoAPTaz5ik?si=r98h4XTNVPZJGSjb"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 379
https://www.youtube.com/embed/b_UmD6Ptsm4?si=2AU7QuBy6HNJW3O_"
Жаңа оқу жылынан бастап Алматы қаласында Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Бүгін қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамен жобаның таныстырылымы өтті.
Алматы қаласында жалпы білім беретін 215 мектеп бар. Бұл автобустар қаладағы қажеттілігі жоғары 30 мектепке қызмет жасамақ, күніне 8258 оқушыны тасымалдамақ. Ағымдағы жылы қалалық білім басқармасының қолдауымен «АлматыЭлектротранс» ЖШС 100 мектеп автобусын сатып алған.Оған жергілікті әкімдік тарапынан 1,4 млрд теңге қаражат бөлінген. Шаһарда бала санының артуына байланысты,тағы да 50 автобус алынбақ.Ол келесі жылы жүзеге асатын болады.
ЛӘЗЗАТ ЖЫЛҚЫБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда 8258 бала. Бірақта, күннен күнге мектептерден, ата-аналардан сұраныс түсіп отыр. Сондықтан, менің негізгі бұл жердегі айтайын дегенім, бұл жоба тоқтап қалмайды. Ары қарай қажеттілікке байланысты жалғасын табады. Мысалы, қазір біз жалпы қала бойынша қазір12500 астам қажеттілік бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан, келесі 2024 жылға біз тағы да 50 автобус қосуды жоспарлап отырмыз. Егер де, одан да көп туындайтын болса, Алматы қаласының әкімдігінде бұны да ары қарай ұлғайтуға, көбейтуге толық мүмкіншіліктері бар».
Мектеп автобустары барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес жасалынған. Автобустың ішіне: апаттық шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі және бейнебақылау камералары орнатылған.Әр мектеп бойынша маршруттық парақтар әзірленген. Тасымалдау уақыты кезінде автобустың ішінде 1 мектеп қызметкері жетекшілік етеді.
Еще материалы
Страница 184 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.