- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 211
https://www.youtube.com/embed/rI5Iapmxjho?si=cDdPJEKGiU89nVU6"
Бүгін Алматыда жол активтерінің ұлттық сапа орталығының жергілікті атқарушы орган өкілдеріне арналған оқу-семинары өтті. Жиынның мақсаты - жергілікті мамандардың жол құрылысы саласындағы біліктілігін арттыру және автомобиль жолдарының ақуалын жақсарту.
Жол активтерінің ұлттық сапа ортылығының мәліметінше, Қазақстандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдеріндегі қызметкерлердің тек 10%-ы жол саласы мамандығын аяқтаған. Аталған салада арнаулы білім алмағандықтан жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында сметалық құжаттарды толтыруда, тапсырыс беруші тарапынан техникалық құжаттарды даярлауда олқылықтар орын алып, түрлі қателіктер кетуде. Осындай кемшіліктердің алдын алу үшін орталық мамандары жергілікті әкімдіктің жол саласына жауапты қызметкерлеріне оқу семинарын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Алматы қаласының аудан әкімдіктері мен қалалық әкімдіктің 30-ға жуық қызметкері қатысты. Сонымен қатар, білікті мамандар қазіргі жол сапасы жөніндегі сауалдарға да жауап берді.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Қазіргі уақытта жол саласына көп қаражат бөлініп жатыр. Сондай-ақ, әлемдік стандарттарға сай жаңадан асфальт-бетондар салынып жатыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарға жоғары қабаттарына полимер асфальт-бетондар қолданылады. Осы өзіміздің ірі мегаполистерді алғанда, Алматы-Астана қаласы бойынша үлкен магистральді жолдарда қала ішіне полимер асфальт-бетондар кеңінен қолданылып жатыр. Оның пайдасы – қарапайым асфальт жолдарға қарағанда ұзақ уақыт ақаусыз қолданыста болады».
Сондай-ақ, мамандар жол салу кезінде орын алатын заңсыздықтар болса, тапсырыс берушіге қандай шаралар қолданатындығын да тілге тиек етті. Айтуларынша мердігер компанияға немесе авторлық-технозорлық мекемелерге арнайы айыппұлдар салынады.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Ол анықталған ақауға байланысты салынады. Мысалы, сол анықталған обьекті бойынша техникалық қадағалау ұйымының инжинеріне шағымдансақ, кемінде 500 мың теңгенің көлемін құрайтын айыппұлдар және де сол сәйкестікке әкелген технозорлардың көбісі өздерінің аттестаттарынан айырылу жазасы да қарстырылған. Болмаса 6 айға немесе 3 жылға аттестанын айырып тастау жазасы да қолданылады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/Cv_lVk57Wrs?si=wqvfH6kg3Jor-cS3"
«Ауыр қылмыс жасады» деген күдікпен бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Нақтырақ айтқанда жыл басынан бері еліміз бойынша полицейлер 130-дан астам бопасалаушылық қылмыспен айналысқан фактілерді ашты. Олардың арасында алаяқтық, ұрлық, тонау, қорқыту жолдарымен ақша тапқан студенттер де бар. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:« 8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды. Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр».
Тәртіп сақшылары ел азаматтарынан қандай да бір қылмыстың жасалғанына куә болса, бірден полицияға хабарласуларын сұрайды. Өйткені, басты мақсат- ел тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 231
https://www.youtube.com/embed/tPKDfxHwE4o?si=4dRPb1vN2DshvLbI"
Елімізге танымал спорт журналисі, комментатор Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Рабат Жәнібеков – қазақтың тұңғыш спорт комментаторларының бірі. 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында, дүниеге келген. 40 жылға жуық – қазақ телевизиясында редактор, спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Бүкілодақтық спорттық шараларды қамтыды.
Ұзақ уақыт Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы қызметін де атқарды.Сондай-ақ артынан өкше басқан жастарға өнеге болып, спорт журналистикасына ізбасарларын тәрбиелеп кетті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/fC6L8z5mqh8?si=B70dKKlABjTsY_6n"
Азық-түлік бағасы үкіметтің басты назарында. Жағдайды көріп біліп отырмыз, қажет болса, интервенция жасауға дайынбыз дейді ұлттық экономика министрі. Жауаптылар азық-түлік бағасының қымбаттауын өңдеу өнеркәсібінің аздығымен байланыстырады. Айтуларынша қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тағамның 19 түрінің қымбаттамауын тежеп отырған көрінеді. Ал, үкімет басшысы Олжас Бектенов болса, өңделген өнім шығаруға инвестиция тарту керек дейді. Премьердің пікірі бойынша айтулы жұмыс елімізде баяу жүріп жатыр.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Арнайы экономикалық аймақтар институты әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымай отыр. Ал, озық елдердің көбі арнайы экономикалық аймақтарды инвестиция тартудың тиімді құралына айналдырған. Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйенсек, тартымдылығы жағынан салық және кедендік жеңілдіктер тек үшінші және төртінші орындарда тұр. Ал, бірінші позицияда қолайлы әкімшілендіру және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құралдары орналасқан. Біздің арнайы экономикалық аймақтарды реформалау әрекетіміз олардың тиімділігін арттыра алмай келеді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 240
https://www.youtube.com/embed/WQzXt6OLqRU?si=gjvnOnPzMZyq1GtE"
Жер сілкінісін алдын ала болжау еш мүмкін емес. Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов осылай деді. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұра алмаймыз, тек алдын алу жұмыстары мен халықты үрейге бой алдырмас үшін оқыту шараларын ғана жасау қолдан келеді дейді. Кеше Алматыда дабыл сиренасы іске қосылып, дер арада жедел штаб ашылды. Үш мыңға жуық адам қабылдау пунктеріне орналастырылды. Оның ішінде 906 бала бар. Ағымдағы сағатта қалада ахуал тұрақты. Арнайы комиссия қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ: «Жер сілкінісін кез келген төтенше жағдай сияқты алдын ала болжау мүмкін емес.Осыған байланысты министрлік оның алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекетке дайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ. Жедел топ қаладағы 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру объектілерінде 650-ден аса сабақ өткізді. Адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынама таратты. Кеше менің бұйрығыммен халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметшілер жіберілді. Қазір еліміз бойынша сеймикалық жағдай тұрақты».
Ерболат Досаевтың айтуынша биыл мамыр айының соңында Алматыда құны 475 млн теңге болатын жер сілкінісі кезінде шұғыл хабар тарататын арнайы жүйе іске қосылады. Бұл құрылғының артықшылығы барлық абонент үшін жедел әрі жаппай тез арада хабар таратады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов «бағымызға қарай, бұл жолы айтарлықтай зардап болған жоқ». Алайда, арқаны кеңге салатын кез емес, қашан да төтенше жағдайлар министрлігі мен жауапты күштік құрылымдар сақадай сай болуы тиіс деді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек екенін айтады. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қаупіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 240
https://www.youtube.com/embed/Wuokm1OXDyM?si=cH49Lj-kFU9ernkj"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 202
https://www.youtube.com/embed/bZo06VfxhQY?si=VUcHc3uMGc9PB6i-"
Боливиялық әскери және азаматтық қорғаныс қызметкерлері елдің солтүстігіндегі су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, су, дәрі-дәрмек жеткізу үшін каноэмен аймақтарға жөнелтілуде.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің ауданды су басқан. Өзен жағасында маниок өсірген едік. Қазір бәрінен айырылдық. Ештеңе қалмады».
Өткен аптада Анд аймағында, Амазонка мен Боливияның орталық аңғарларында толассыз жаңбыр жауды. Ұлттық метеорология және гидрология қызметінің мәліметі бойынша, ақпан айында жауын-шашын нормадан әлдеқайда көп болған.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Мен үйім үшін алаңдаймын. Өйткені, ол су астында қалды. Әзірше анамның үйінде түнеп жатырмыз. Су мен жарықтың жоқтығынан бұл жерден шығу қиын».
Боливия 28 ақпанда Акре өзені арнасынан асып кеткен соң төтенше жағдай жариялады. Салдарынан 14 елді мекеннің 570 отбасы баспаналарын тастап, уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр болды.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Мен су тасқынына байланысты үйден кетуге мәжбүр болдым. Қазір бұнда тамақ әзірлеп, оны басқалармен бөлісемін. Құдайдың көмегімен біз үйге ораламыз деп үміттенемін».
Биылғы маусымда Эль-Ниньо табиғи құбылысы су тасқынын күшейтеді. Боливияда орын алған апат салдарынан қазірдің өзінде 40 адам қаза тапты. Ел бойынша 15 мыңнан астам отбасы зардап шекті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 321
https://www.youtube.com/embed/Sq2keuHbVzA?si=8s8sJu23Qzbo_gHy"
Олимпиада қалашығының символдық кілті Париж 24 ұйымдастыру комитетінің төрағасына табыс етілді. Франция Президенті Эммануэль Макрон оқиғаны «символдық» деп атады.
Бұл ауыл Париж орталығынан жеті шақырым жерде орналасқан және 52 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 82 ғимарат бар. Спортшылар үшін 3000 пәтер дайындалды. Құрылысқа екі миллиард еуроға жуық қаржы жұмсалды. Жұмыста 4 мың адам жұмыспен қамтылды.
ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Мен бұл барлықтарыңыз үшін өте эмоционалды күн екенін білемін. Сіздердің атқарған істеріңіз үшін бәріңізді мақтан тұтамын. Сіздер бұны уақытында, бюджет пен әлеуметтік стандарттарды сақтай отырып жасадыңыз. Ойындар кезінде спортшыларды ең жақсы жағдайлар күтіп тұр».
Ауыл 14 мыңнан астам спортшылар мен жұмысшыларды қабылдайды. Одан кейін мұнда Паралимпиада ойындарының 9 мың қатысушысы тұрады. Сондай ақ, тәулік бойы асхана жұмыс істейтін болады. Ол күніне 40 000 порция дайындай алады. Спортшыларға ыңғайлы болу үшін тренажерлары бар фитнес-орталық, сондай-ақ екі сауна салынды. Сонымен қатар, спорттың әртүрлі түрлері бойынша жеті жаттығу алаңы бар. Аумақта аурухана мен допингке қарсы орталық ашылады. Ауылды аралау үшін 200 велосипед сатып алынған және электрлі автобустар болады.
ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:«Біз ғасырдың шытырман оқиғасына қатысып отырмыз. Өйткені, бізде Олимпиада және Паралимпиада ойындары жүз жылдан кейін алғаш рет өтпек».
Олимпиададан кейін ауыл 6000 адамға есептелген тұрғын ауданға айналады. Мұнда екі мектеп, шулы қабырға, Парижге апаратын велосипед жолдары және Сена өзені арқылы өтетін жаңа көпір болады. Кеңсе ғимараттары 6000 қызметкерді қабылдай алады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 288
https://www.youtube.com/embed/B0tx2Kcof7g?si=lSvfchZjY_zjeS_C"
Қызылорда да қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көңіл көтеретін орындарда түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.Қала қауіпсіздігін сақтау, заңға қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейд жұмыстары барысында 10-ға жуық көңіл көтеретін орындар тексерілді. Аралау кезінде тәртіппен тазалыққа мән беріліп, бірнеше заң бұзушылықтар үшін айыппұл мен ескерту қағаздары табысталды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Маг» кафесінде аса ауыр қылмыс орын алған болатын, сонымен қатар «Золотая рыбка» және «Винни пух» кафелерінде ұрлық пен бұзақылық фактілері тіркелген.
ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Жалпы рейдтің жұмыстың мақсаты қылмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу болады. Біз әр аптаның жұма,сенбі,жексенбі күндері қатал рейдтің шаралары өткізіледі. Қаламызда қылмыстық,бұзақылық әрекеттер көбейіп кеткен. Бұндай әркеттер түңгі 00-05ке дейін ашық болатын сыраханаларда орын алады. Осындай әрекеттердің салдарын алдыен алу үшін жедел әркеттер жасаудамыз».
Мұндай рейдтер қылмыстың алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері тұрақты түрде өткізілетін болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 278
https://www.youtube.com/embed/CwCpMUffCNo?si=EvGjHLs0E-BV3bYm"
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы қызыл аймақта тұр. Ондағы 15 елді мекенді су басуы мүмкін. Осыған байланысты қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі уақытта аталған елді мекенге 20 аса техника жұмылдырылып, 42 мың текше метрге жуық қар полигонга шығарылған. Сондай-ақ, бұл жұмыстар тәулік бойы жалғаспақ.
АХМЕТХАН ТОБЫЛБАЕВ СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БОЙЫНША БАС ИНСПЕКТОРЫ: «Аудан әкімінің тапсырмасына сай көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалғызілікті адамдар және халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасылар басты назарға алынды. Олардың үйлерінен қар шығару жұмыстары алдағы 1 ай көлемінде жүргізіледі».
Көктем келсе үйінің маңын су басатын Бескөл ауылының тұрғыны Надежда Баскакова да өз шағымын жеткізді. Ол бұл үйде 50 жылдан аса тұрып келеді екен. Тағы да үй маңын су алмас үшін, уақытылы қарды шығару өте маңызды дейді зейнеткер.
НАДЕЖДА БАСКАКОВА БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Шынымды айтсам менің үйімнің аумағынан қарды шағурға мамандар алғаш рет келіп тұр. Өте ризамын. Себебі, жыл сайын көктемде осы қар еріп, су басатын.Бізге қар шығару өте қиын. Бірақ шамамыз келгенше өзіміз істейтінбіз. Көршілерім өте жақсы. Өз үйлерінің аумағын қардан тазалағанда бізге де көмектеседі».
Бүгінге дейін ауданнан 28 үй қардан тазартылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 218
https://www.youtube.com/embed/_M1KfivUe-0?si=MQCP77UfJrtcMVBQ"
Ақмола облысында бес ауылдың халқына тиесілі отыз төрт мың гектардан астам жер жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрын бұл жер телімдерін біріктіріп алған серіктестік оны тұрғындардың келісімінсіз банкке кепілдікке қойып, қарызын өтемеген. Салдарынан халыққа тиесілі жер үшінші тұлғаға сатылып кетіпті.
Жайылымынан айырылыған жұрт қазір төрт түлікке өріс таппай отыр. Ауыл іргесіндегі жердің бәрін бәз біреулер иемденіп алған. Мал кірсе, айыппұл салады. Пай үлестері де берілмейді.
ЖҰМАБЕК ТІЛЕУЛИН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Ауылдың ішінде қара малға ие бола алмай жатыр. Шөп жоқ. Мал жаятын жер жоқ. Сол малға қарап отырмыз. Жұмыс дейтін жұмыс жоқ. Пенсионерміз. Білмеймін қалай күн көретінімізді. Бала -шаға бар. Жастардың ауылда тұрмайтыны сол».
Зеренді ауданына қарасты бес ауылдың мыңдаған тұрғыны қазір қайда барып, кімге шағымданарын да білмейді. Кезінде жерлерін бір шаруашылыққа біріктірген.Алайда, оның жылдар бойы банкте кепілдікте тұрғанынан мүлдем бейхабар болған.Себебі, рұқсат сұраған ешкім жоқ,-дейді олар.
АЛПАМЫС ҚОЖИН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Бір адам қол қойып, менің жерімді банкке сал деп айтқан емес қой. Қолдың бәрі подделенный. Оның бәрін судья, адвокатымызбен жүріп , соның бәрін доказывали. Енді қайда баруға болады? Кімнен барып көмек сұрауға болады?».
Тұрғындардың айтуынша, кезінде жерді банкке кепілдікке қою үшін жалған құжат жасалғаны сараптама арқылы дәлелденген. Мұндай әрекетке барған серіктестік басшылығымен байланысқа шығу мүмкін болмады. Ал жергілікті билік қазір жекенің қолында тұрған, бірақ пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруды көздеп отыр.
АСХАТ АХМЕДЬЯНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Тұрғындар қарсы шығып, жыртылмай қалған жерлер бар. Біз соны мемлекеттік қорға қайтарғымыз келеді. Олар пайдаланылмай, жәй жатыр. Қазір сол жер телімдерін сатып алған серіктестікке хат жаздық. Егер олар келіссе, ауылдың шекарасын кеңейтеміз».
Ашынған халық заңгер жалдап, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментке арызданған. Бірнеше құзырлы органдарға да хат жолдапты. Енді мәселе шешілмесе, жоғарғы сотқа дейін баруды көздеп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 305
https://www.youtube.com/embed/MryHQp-MkI8?si=Dz1F2yXU7T2Bt9JK"
Көпшілік жер дүмпуін орын алған жағдайда не болмаса,өтіп кеткеннен кейін хабардар болып жатады.Әрине бұл мамандардың шапшаңдығы мен сейсмикалық технологияның мүмкіндігіне байланысты болары сөзсіз.Десекте бұрынғы ата-бабаларымыз табиғаттың тосын сыйын алдын ала біліп отырған. Зілзаланың боларын алдымен жан-жануарлардың мінез құлқына қарап таныған.Сондай-ақ аспан әлеміндегі өзгерістер арқыры айтып келмейтін апаттан хабардар болған. Айтулы мәселеге байланысты арнамыздың тілшілері танымал этнографпен байланысқа шығып, пікірін білген еді.
БОЛАТ БОПАЙҰЛЫ ЭТНОГРАФ
Жер мен аспан әлемінің құбылысына ерекше мән берген қазақ халқы, табиғаттың тосын мінезіне ерекше жормал жасай білген. Нәтижесінде сақтық шараларына жіті мән бере білген. Этнограф Болат Бопайұлымен зілзаланың салдары төйірегінде толық сұхбатты арнамыздан осы сенбі сағат 21-30 да «Арнайы репортаж» бағдарламасынан көре аласыздар.
Еще материалы
Страница 83 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.