
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/Asitj_zA_y0?si=vmLXzuErztyy_ngJ"
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешеніндегі әжетханасының бейне ролигі тарады. Іші лас, санитарлық ережелер сақталмаған кешеннің жайы көпшіліктің ашуын туғызды. Видеодан спортшыларға арналған кешеннің тазаланбағанына біраз уақыт болғанын көруге болады. Қолқаны алатын жағымсыз иіс пен әжетхананың ит байласа тұрғысыз жайы көрсетілген.
«Мынау Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт коплексінің әжетханасы. Мынандай жағдайда тұр. Иесіз қалған әжетхан секілді. Оданда жаманы бар. Мына жаққа бармай-ақ қояық».
Осы жағдайға байланысты Атырау облысының атқа мінерлері пікір білдірді. Айтуларынша, спортшылар мен қызметкерлер аталған дәретхананы пайдаланбайды. Алдағы уақытта бұл жерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
ТІЛЕКҚАБЫЛ ЕСДӘУЛЕТОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 473
https://www.youtube.com/embed/fOrpn_fjGs4?si=a4wZ5wz_NpbLNldy"
Бүгін Жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мен БАҚ өкілдері Алматы қаласындағы жатақханалардың жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екенін көріп қайтты.
Биыл елімізде 27 жатақхана салу жоспарланған болатын.Онда 10 000 нан аса орын қарастырылған. ЖОО-да орын алып отырған мәселелердің оңтайлы шешімін табуда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Жалпы бүгінгі таңда Республика бойынша 27 жатақхана аяқталады деп күтіліп отыр.Бүгінгі таңда 10 жатахана пайдалануға берілді,құжаттар қабылдануда.Алматы қаласында және Астана қаласында бізде былтырғы жылы ең көп жатахана тапшылығы болған болатын.Сондықтан Инфроструктураның қаншалықты студенттерді қабылдауға жеткілікті екендігі, оларды жатаханамен қабылдау ЖОО-на міндеттеме тапсырылғандықтан бұрынғыдай грантпен немесе ақылы түрде бүкіл студенттерді жинап алуға мүдделі емес.Яғни бірінші кезекте, тек қана қаржы мәселесі емес,бірінші кезекте студенттерге жағдай жасау мәселесі тұр.Жалпы қазір ЖОО биылғы оқу жылына құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.Сондықтан келіп түскен өтініштер негізінде университеттерде қазір тапшылық жоқ».
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Сәбит Құрманжанұлы жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтті.
СӘБИТ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:«Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚҰУ қарасты 15 жатақхана, 23 оқу және әкімшілік ғимараты бар.Жатақхананың салынғанына 70 жыл болған.Қазіргі таңда жалпы университет бойынша 56 пункте дабыл кнопкасы іске қосылған.Университет қазір 5890 студентіне біз орынды қамтамасыз ете аламыз.Одан бөлек, 3 жекеменшік хостелдермен келісімшартқа отырдық, 1500-2000 студенттерді қамтамасыз ету жоспарлануда.Келісім шарт толықтай жасалынды.Біз бірінші кезекте ережеге сәйкес көпбалалы отбасылар,әлеуметтік деңгейі төмен балаларға беріледі».
Оңтүстік астанамыз Алматыдағы жатақхана жыры жаңа оқу жылы жақындағанымен жедел шешуді талап етеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 633
https://www.youtube.com/embed/Cx8vZsS-fKA?si=4AqlA6i7Olrm3oGw"
Жарты жыл жан түршігерлік оқиғаны бастап өткерген 16 жасар қыздың тағдыры көптің жағасын ұстатты. «Не Молчи!» қорының таратқан мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған қызды сыныптастары жыныстық құлдықта ұстап, тәнін саудалап, табыс тапқан.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қыз тәнін саудаға айырбастаған ашкөз, намыссыз жасөспірімдердің қылығы бүгін желіні шулатуда. Алты ай бойы зорлық көріп, азапталған, бопсаның астында қалған бейкүнә қыздың қазіргі жағдайын анасы былай деп күйіне айтты.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: «Ол күлмейді не жыламайды. Тамақ та ішпейтін болған. Қызым барлығына көніп, қабылдап үйренген секілді. Ең сорақысы, ол бұның барлығын автоматты түрде жасады».
Қыздың тәнін саудалаған сорақылар, атақты Қыздар.нет сайтында айына кемі екі-үш миллион теңге табыс тапқан. Сондай ақ, мектеп оқушылары «біреуге тіс жарсаң, Астанадағы «көкелерімізге айтып, әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытқан.
ДИНАРА СМАИЛОВА #НЕМОЛЧИКЗ ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Полиция, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, мектеп басшылығы қызды іздеудің орнына, бұл отбасының әлеуметтік жағдайы нашар деп шешіп, ата-анасын ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Мектеп басшылығы мен педагогтар уәкілетті органдардан оқушының сабаққа қатыспағанын жасырып, емтихандар бойынша жалған баға қойған».
Жантүршігерлік оқиғағағ қатысты Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 482
https://www.youtube.com/embed/F2CQ8ga3BWQ?si=tsm1KJGQX_W_itCl"
Маңғыстауда нәпақаларын жалған дипломмен тауып келген 60 мұғалім бірнеше жыл жұмыс істеген. Алаяқтық дерегіне қатысы барлар жұмыстан босатылыпты. Олардың қатарында 20 жылдан бері жалған құжатпен қызмет атқарып келгендер де болған. Олардың осы күнге дейін алған жалақыларына қатысты, әрі оған қосылған үстемақыға байланысты сотқа шағым түсіпті. Бұл бағыт бойынша өзге мектептерді тексеру де жалғасын таппақ.
БАҚТЫГҮЛ ӨМІРБЕКОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «2023-ші, 2024-ші оқу жылы ғой. Сол кездегі мониторинг кезінде, басым көпшілігі бізде Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен қаласынан болып шықты өкінішке орай. Бұл жерде Мұнайлы ауданында 26, Жаңаөзен қаласында 13. Негізі қазіргі таңда барлығы тексеруде. Еңбек ақысы еңбек нарығы бойынша еңбек етті ол мекемеде, оны ешкім жоққа шығармайды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 389
https://www.youtube.com/embed/gVmayF80ieU?si=prIelPMryVd687hk"
Оралда дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатына оқушыларды конкурстық іріктеуге байланысты шу шықты.
Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған және Айти мектепке баласын оқыту үшін емтихан тапсыртқан бір топ ата-ана білім басқармасының алдында жиналды. Оқушылар маусымның 8-інде тест тапсырады. Ата-аналар осының нәтижесінде балаларын мектепке қабылдауын талап етуде.
МҰРАТ НҰРҒАЗИМОВ АТА-АНА « Ең көп жинаған жүз бала өтіп тұр. Бесінші сынып екеу, алты және жетіден бір сынып бар. Сол сыныптарға балалар өтсін делінген. 564 бап бойынша қайтадан емтихан тапсырылмайды...»
Ата-аналар Сәкен мен Айти мектепке оқушыларды қабылдау үшін қайтадан тест тапсыртуға үзілді-кесілді қарсы. Олар балаларымыз қанша жыл осы емтиханға дайындалды. Талай ақылы оқу орталығының табалдырығын тоздырдық. Енді баламызға екінші қайтара сынақ тапсыру керегін қалай түсіндіреміз деп сұрайды.
ЛУНАРА ОРАШАЕВА АТА-АНА « Түстік деп қуанып жүрдік. Енді он күн ішінде жариялау керек еді. Бұл кісілер ештеңе жарияламады, сот болып жатыр депте айтпады...»
Бұл жерде ата-аналардың үш тобының мүддесі бар. Олардың біріншісі емтихан нәтижесі күшінде қалып, балаларының оқуға түскенін қалайды. Екінші топ – балалары оқуға түсе алмай қалғандар. Олар емтихан кезінде әділетсіздік болғанын алға тартады. Үшіншісі – шақыртылмай, емтиханға қатыса алмай қалғандар. Басқарманың мәліметінше, Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектеп базасында 8 маусым күні «Недвижимость Сити» ЖК өткізген емтиханның қорытындысы мектептер тарапынан техникалық сипаттамаға және мемлекеттік сатып алу шартының талаптарына сәйкес емес деп танылды. Осыған орай емтиханның қорытындысы заңды тұрғыда шешімін тапқанға дейін 2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау мектептер әкімшілігінің шешімімен уақытша тоқтатылған.
ЕЛДОС САФУЛЛИН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ « Комиссия құралады. Оны толығымен зерделейді. Мүмкіндігінше тест қайта тапсырмай барымен шешім қабылдауға тырысады. Бірақ, адал қарау керек»
Арнайы комиссия үш күннің ішінде оқушылардың мәселесін жан-жақты зерттемек. Ата-аналар бұл жағдай оңынан шешілмесе наразылық білдіріп, алаңға шығамыз деп отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 310
https://www.youtube.com/embed/ZNPwMCXr9tc?si=wJZL_maIxhyMwNJ_"
Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, олар 11 және 5,5 ( бес жарым) жылға бас бостандығынан айырылды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:«Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады. Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын сату барысында ұсталды.Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 366
https://www.youtube.com/embed/mOXMSkzzNug?si=mV99KOACqccwpNng"
Енді су шаруашылығы саласындағы отандық мамандар Америка Құрама Штаттарында біліктілігін арттырып, сол жақта өндірістік тәжірбиеден өте алады. Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ, Геологиялық қызметімен ынтымақтастық орнатты. Өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсетеді. Демек, елімізге АҚШ сарапшылары көптеп келетін болады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Америка Құрама Штаттарымен су шаруашылығы саласында талқылайтын мәселе өте көп. Бұл мемлекеттің аталған салада тәжірбиесі мол. Соңғы заманауй технологиялар қолданылады. Сол технологияларды біздің елде де енгізу қажет. Қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру да маңызды. Отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар бар. Алдағы уақытта біртіндеп сол бағдарлама аясында мамандарымыздың біліктілігін арттыратын боламыз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 346
https://www.youtube.com/embed/3qZf1XVpcq4?si=WApyLVxc63gaNulh"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 390
https://www.youtube.com/embed/9TW0jXO1K2o?si=Qsx1r1k6tPIJ6jo3"
Алматының Атакент көрме орталығы аумағында орналасқан екі қабатты дәмхана өртеніп кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Оқиға орнына 5 минутта жеткен өрт сөндіру қызметі үш учаскеге бөлініп, үздіксіз су беру арқылы қызыл жалынды дер кезінде сөндірді. Дәмханадан үш газ баллоны сыртқа шығарылды. Кәсіпкерлік нысанының шатыры жанып кеткен.
ТЛЕУБЕРДІ МӘДИЕВ ТЖД ӨР СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Кафенің екінші қабаты толық өртке оранды. Өртті сөндіру желдің ұйытқуы мен және кафенің ағаш құралдары мен жабдықталғандықтан қиындық тудырды.Бұдан бөлек кафеден екі метр жерде төрт жанар-жағармай орналасқан. Жалпы, жағармай қоры 2,5 тонна болды. Күш пен құралдардың дер кезінде және жлдам әрекеттің арқасында өрт 21:17 минутта тежеліп, 21:33 минутта толық жойылды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 374
https://www.youtube.com/embed/hRikpt_5QNs?si=rEpJ1mFyGXzcdWcX"
Маңғыстаудағы Батыр ауылында асыл тұқымды ешкімен шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер бір түнде жер сипап қалды. Қаңғыбас иттер 40-қа жуық ешкісін тамақтарынан жарып, қырып кеткен. Нәпақасынан бір күнде айырған иттерге шарасызбыз дейді. Себебі итке тиісуге болмайды деген заң бар. Әкімдік оқиғадан хабардар,алайда нәтиже жоғын алға тартты мал иесі.
Құмар Нұрпейсова 29-шы шілде күні таңғы уақытта қораға келіп, қырыққа жуық қырылып қалған малын көреді. Бірен сараны келесі қораға өтіп аман қалған. Шаруа иесі 5 бұралқы иттің ауыл ішіне қарай қашқанын көріп, соңынан қуғанымен жете алмаған.
ҚҰМАР НҰРПЕЙСОВА ШАРУАШЫЛЫҚ ИЕСІ «Бәрін тек мойнынан тістеп, қырып кете берген ғой. Ешқайсысын жемеген. Ішінде бір ешкімнің қарнын жарған. Қалғанының бәрінің тек мойнынан тістеп кете берген. Осы ешкілерді “Нұр Капитал” бағдарламасымен 15 ешкіні 400 мыңнан 6 млн-ға алдырғанмын. Қазір енді 7 ай төлейтін уақытым қалды».
Құны қымбат ешкінің бағасы 400 мың теңгеден басталады. 40 бас ешкі шамамен 15 млн теңгеден астам. Кәсіпкер шаруашылықты қолға алған кезде несие алыпты, енді қарыздан құтылуға санаулы айлар қалғанда банкротқа ұшырадым дейді. Сүтінен қаймақ, ірімшік дайындап, отбасын асырап қана қоймай, несиесінде жауып отырған. Енді Құмар Нұрпейсова не істерін білмей дал болып жүр.
ҚҰМАР НҰРПЕЙСОВА ШАРУАШЫЛЫҚ ИЕСІ «10 жыл болды ғой енді айналысып жатқанымызға. Бүткіл Ақтауды, Мұнайлы, ауырып жатқан кісілерді, кішкентай балаларды, түгел қамтамас етіп отырдық. Құрт, ірімшік, үлкен кісілерге қаймағын тасып отырғанмын мен. Енді былай қарағанда бір отбасыны, 9 адамды асырап отырған мал бұл.Енді маған жартысы болсада көмектессе, тағы ешкі алып, осы үйреніп қалған жұмысымыз ғой».
Оқиға болған күні әкімдіктен мамандар келіп, шығынды есептеп, АКТ толтырып, әр ешкіні суретке түсіріп кетіп қалған. Содан бері үн-түнсіз дейді шаруа иесі. Шыққан шығын өтеле ме?- деген сауалға жауап таппай әкімдіктің де, кәсіпкерлік бөлімнің де есігін қағыпты.
БЕКБОЛАТ ҚАБАТБАЕВ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ол бойынша енді біздің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан және Батыр ауылдық округі мамандары және ветеринарлық станция бөлімі тарапынан АКТ жасақталып, тиісті басқармаларға, мысалы ауылшаруашылық басқармасына шара алу бойынша хат жолданды. Қазіргі таңда нәтижесін күтудеміз. Аталған кәсіпкерлікті, шаруа қожалықты қолдау мақсатында облысымызда “Бір ауыл-бір өнім” бағдарламасы аясында берілетін 5 млн грантқа, яғни жергілікті тауар өндірушілерге арналған кәсіпкерді қолдау мақсатында, сол жобаға қатысуға ықпал жасап жатырмыз».
Құмар Нұрпейсова кәсіптің қыр сырын меңгерген жан. Қаржылай қолдау көрсетіліп, шығыным өтелсе, ешкі басын көбейтіп, көпшілікті сүт өнімімен қамти беремін деп отыр. Несие алуға ниеті соқпай отыр,себебі мойнындағы қарыздан құтылу үшін көрер таңын көзбен атқызуда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 291
https://www.youtube.com/embed/IgO_n8S1lK8?si=VnRz6ParenEAev1Z"
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданбақ. Дәл осы қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған еді.
Томас Бахтың айтуынша, боксты алып тастау туралы айту әлі ерте. Мұндай шешім қабылданса, ол халықаралық бокс жарыстарын өткізу үшін ұлттық ұйымдардың бірігуі қажет екенін баса айтты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 324
https://www.youtube.com/embed/wmpRJx7X5CM?si=obg1730Qn2pGVR7C"
Ұлттық парктер: экологиялық туризімнің жаңа моделі. Бүгінде еліміздің әр өңіріндегі саябақтар абаттандырылып, туристердің сүйікті орнына айналған. Өткен жылдың өзінде аталмыш жерлерге 2 млн астам адам келген.
Іле-Алатау ұлттық паркі Қазақстанның інжу-маржаны. Саябақ бүгінде елімізді шет елдіктерге танытып қана қоймай, туристік ортаны қалыптастырып келеді. Өткен жылдың өзінде Алматы облысының бюджетіне 7 млн теңгеден астам қаражат әкелген.
АРҚАУ ШАНТАЕВ «ІЛЕ-АЛАТАУЫ МҰТП» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Іле-Алатауы ұлттық паркінің даму қарқыны жоғары. Тек осы 7 айдың ішінде 475 мың турист келген. Былтырғы көрсеткіш 412 мың болған. Оның ішінде 4%-ға өсіп отыр. Ұлттық парк аумағында орналасқан 46 туристік маршруттардың абаттандыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Бүгінде 28-і абаттандырылды. Биылығы жылы осы жұмыстар жалғасын табады. 12-і туристік маршруттарды екі әкімдікпен бірлесе отырып, толық абаттандырамыз деп ойлаймыз. Жалпы көрсеткіш 46 маршруттың 87%-ын бүгінгі күнде абаттандырып қойдық».
Тұмса табиғаттың тылсым құблыстарының мекені – қорықтар. Еркеше қорғауға алынған қорықтар мен ұлттық парктерді тамашалауға асығатын туристердің саны жыл сайын артып келеді. Еліміздегі ұлттық саябақтарға 2022 жылы 2 млн турист келсе, 2023 жылы 2,5 млнға жуық турист сапар шеккен.
ТҰРҒАМБАЕВ ДАНИЯР ҚР ЭТРМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Туризімнің жаңа концепциясы жүзеге асырыла бастады. Оның ең бірінші тұжырымы ауыр ғимараттардың барлығын қонақ үй солардың инфаструктурасын ұлттық парктің шекарасына, кіре берісіне салу. Ұлттық парктің ішінде соқпақтар мен маршруттарды абаттандыру. Дүниежүзілік қоршаған орта бойынша, қорықттың категориясы ең жоғары. Ол жерде қорық аймағының айырмшылығы ұлттық паркте жеңіл нысанды ғимараттарға салуға болады. Сондай-ақ телімдерді қысқа және ұзақ мерзімге пайдалануға беруге болады. Ал қорықтарда ондай шаруашылық жұмыстарға жол берілмейді.
Еліміздегі ерекше қорғалатын аймақтарда туризімнің дамуы құптарлық іс. Дегенмен туристердің табиғатты таза ұстауы өзекті мәселелердің бірне айналған. Ұлттық саябақтардың басшылары аумақты абаттандырып, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің еркеше қорғауда екенін атап өтті.
Еще материалы
Страница 60 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.