- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 119 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uLN8FYxzqyI?si=OzG--eU5ZBS2m3AT"
Жаздың бітуіне аздаған күндер ғана қалды. Дей тұрғанмен, жағажай жанынан демалушылар қарасының әлі де азаймай тұрғанын көруге болады. Олардың көбісі — отбасылы адамдар. Сол себепті, жауаптылар балаларға ие болуды, ережелерді сақтауды, олардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды ескертеді.
ВАСИВ ГАСЫМОВ ДЕМАЛУШЫ: «Бізде бәрі жақсы. Біз жағажайға келгенде бала қауіпсіздігін басты назарда ұстаймыз. Мен көпбалалы әке болғандықтан, бірінші кезекте қауіпсіздіктеріне мен жауаптымын. Баланы қорғау біздің басты міндетіміз деп ойлаймын».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 112 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-GhvXj6X8hg?si=_FoFjKe4ua19lpJI"
«Аялдамаға жеткенше аяқтан айырылуға шақпыз» деген Батыс қазақстандықтар БАҚ өкілдеріне уәждерін айтты.Сондай-ақ жарық мәселесі де жығылғанға жұдырық болған.
БҚО-ның Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінің тұрғындары қоғамдық көлік аялдамасының алыстығынан зардап шегіп, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне жүгінген.
БАЛЖАН ИЛЬЯСОВА БҚО МИЧУРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Енді бір ай болды. Трубканы алмай тұр олар».
ТӨЛЕПҚАЛИ ӘУБӘКІРОВ БҚО МИЧУРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздер немерелерімізді, жиендерімізді мектепке тасимыз. Қиындықтар туындайды біздерде».
№39 маршруттың соңғы аялдамасының орналасқан жеріне де тұрғындар разы емес.
ХИСМАТ АХМЕТОВ: «Балаларға кедергі келтіреді. Балдар ойнайды».
Мичурин ауылдық округінің әкімі тұрғындарға не үшін өтінішті қанағаттандырмағанын түсіндіріп берді. Белгілі болғандай мәселенің барлығы қаражатқа келіп тіреліп тұр.
МАКСИМ МУСАЛИМОВ БҚО МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:«Қазіргі таңда субсидия жоқ. Субсидия шешіп алса ұзартады маршрутты».
Жылуы мен жарығынан да келер мәселе көп. Тұрғындардың сөзінше, жел тұрса жарықтан, қар түссе жылу құрылғыларынан айырылатын көрінеді.
ТӨЛЕПҚАЛИ ӘУБӘКІРОВ БҚО МИЧУРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Біздер қыстай светтен қор боламыз. Оны қарап жатқан ешкім жоқ».
Мичурин ауылында көшедегі 128 істен шыққан жарық шам ауыстырылады. Ал, электр желілілеріне қатысты жобалар жасақталуда деп қайырды әкім Максим Мусалимов.
МАКСИМ МУСАЛИМОВ БҚО МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «1-ші сентябрьге дейін біздер ондап береміз. Сол үшін шамдар жатып кетеді. Действительно бізде мичурин ішінде ол. Госэкспертиза жібереді уже»
Тіршілік көзі мен қоса тіршілік нәрінен де құр қаламыз кейде дейді тұрғындар. Бұл жерде орталықтандырылған су құбырлары өткізілмеген. Әр үй өздеріне құдық соқтырып, солай күн көруде.
ТӨЛЕПҚАЛИ ӘУБӘКІРОВ БҚО МИЧУРИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Көшіп келгенде су жоқ болды. Қор болып отырмыз судан».
Әкімдіктің сөзінше, су құбырларын қайта жаңғырту жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Бірақ, теріс нәтиже алып, жұмыстар соңына дейін жеткізілмепті.
АЛТАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Содан кейін қайтадан осы корректировка жасап, жоспарлап отыр»
Әкімдіктегілер жобаны қайта жасақтамақ. Сәтін салса, бюджеттен қаражат қарастырылып, мәселе шешілмек. Бірақ, бұл ауылдың мәселесінің тек бір бөлігі. Бұдан бөлек жол, қоқыс сынды түрлі мәселелер таудай үйіліп тұрғаны тағы бар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 116 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BKwSP-6IDos?si=4-WYMzQuvRfb5nrV"
Қазір көкөніс пен жеміс-жидектер сататын дүкендер мен базарларда қарбыздың саудасы қызды. Бақша өнімінің бұл түрі сауда орындарында да толып тұр. Десе де қауын-қарбыздың жедел-ішек инфекциясының өршуіне себеп боларын ұмытпаған жөн. Жалпы, тұтынушылар қауын-қарбызды сатып аларда нені ескеруі керек? Бұл сауалдың жауабы келесі бейнематериалда.
Әр жазда халықтың басым бөлігі базар мен сауда орындарына қарбыздың шығуын асыға күтеді. Жаздың соңғы тамыз айы қарбыздың әбден пісіп-жетілген мерзімі болып есептеледі. Әсіресе, аптап ыстықта шөл басу үшін бұл бақша өнімнің пайдасы сөзсіз зор. Десе де, эпидемиологтардың айтуынша, көкөніс пен жеміс-жидектерден уланудың ішінде жазда ең көп таралғаны – қарбыздан улану. Оның екі негізгі себебі бар. Микробтық және микробтық емес. Бірінші жағдайда уланудың себебі жидектің қабығындағы немесе ішіндегі бактериялар мен қоздырғыштардан болады. Екіншісінде, жеміс өсіру кезінде қолданылатын нитраттар мен пестицидтер қауіп бар.
КЕНЖЕГҮЛ ҚОНЫСБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЭБД БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қарбызды сатып алған кезде, оны кеспеуге кеңес береміз. Себебі, сыртындағы лас заттар ішіне енуі мүмкін. Осы кезде улану қаупі жоғары болады. Тынайтқыштарды дұрыс қолданбау да нитраттардың жиналуына алып келеді. Қазақстанда қарбыз көбіне Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысында өсіріледі. Оны өсіру кезде агротехникалық және қауіпсіздік нормаларын сақтауға байланысты».
Бақша дақылдарымен уланудың алғашқы белгілері оларды жегеннен кейін бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін. Алдымен адамның жүрегі айниды.
КЕНЖЕГҮЛ ҚОНЫСБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЭБД БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қарбыздан уланудың белгілері: Жүрек айну, құсу, диарея,әлсіздік және дене қызуы көтеріледі. Алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде медициналық комекке жүгінген абзал. Дәргер келгенге дейін көп мөлшерде су ішіп, белсендірілген көмір қабылдауға болады. Қарбызды белгіленген орындардан сатып алу керек».
Айта кетейік, осы маусымда ерте көкөністер мен бақша дақылдарының нитраттарымен улану фактілері тіркелген жоқ. Алайда, Алматы қаласы бойынша қарбызды тұтынуға байланысты тағамдық токсикоинфекцияның 9 жағдай тіркелді. Оның негізгі себептерінің бірі жуылмаған қарбызды жеу, сондай-ақ кесілген қарбызды дұрыс сақтамағаннан болды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 123 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8EWJZ2Tf2Vg?si=q3rRSDnEqUiw14WS"
Алматы көшелерінде көк түсті жол белгісі пайда болды. Енді ақылы автотұрақ көк түсті жолақпен белгіленеді. Жаңа жоба жүргізушілердің жайлылығы мен инфрақұрлымын жақсарту үшін жасалған.
Көк түсті таңбаны бірі білсе енді бірі біле бермейді. Бүгінде бұл белгілер қаланың Қабанбай батыр және Наурызбай батыр көшелерінде пайда болған. Мамандар көк белгі көлік жүргізушілер үшін ақылы тұрақ аймағын тез айқындауға көмектеседі дейді.
ТАЛАНТ ТАЙАНОВ «АЛМАТЫ ПАРКИНГ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Бізге былтырдан бастап көптеген арыз шағымдар келіп түсті. Мәселен «Біз автотұрақтың ақылы екенін білмедік, бір түспен белгілесеңіздер екен» деген секілді біраз арыз шағымдар келіп түскен еді. Біз соны ескере келе, Алматы қаласының әкімдігінің қаулысымен коммуналдық автотұрақтар көк түсті белгімен айқындалады.Ақылы автотұрақтарға қойғанан кейін, алғашқы 15 тегін болып саналады,15 минуттан кейін ақысын төлеу керек».
Ақылы тұрақты аңғармаған көлік жүргізушілері айыппұл арқалауға мәжбүр болған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген еді.
ТАЛАНТ ТАЙАНОВ «АЛМАТЫ ПАРКИНГ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жыл басынан бастап 0011 Автотұрақтарға ақы төлемегені үшін, әкімшілік құқықты бұзғаны үшін 40 мыңнан астам айыппұл салынған. Коммуналдық автотұрақтарға пайдаланып төленбеген жағдайда. Әкімшілік кодекс бойынша.597 бабы бойынша айыппұл көрсетілген. Ол 3 мерзімдік көрсеткіш, егер жылдың соңында қайталанса 5 айлықтық көрсеткіш болып саналады».
Көк түсті жол белгісі жыл соңына дейін ақылы автотұрақтардың барлығында пайда болмақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 112 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XSGH6uIwx4I?si=jcwbqoQovbgUdN5N"
Конаевта № 7 бағыттағы автобустың ішінде отырған жолаушылар арасында жанжал туып, салдарынан біреуі екіншісіне пышақ сұғып алды. Аброй болғанда, мойын тұсынан пышақ жарақатын алған ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, кісі өлтіруге оқталған күдікті ұсталып, қамауға алынды.
ЕРНАР САЙДИЛДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Жедел-іздестіру шарасы барысында Қонаев полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 90 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SWKUPnN74n4?si=4SsSwu1lfRv5U4Ya"
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 35 қап дәрілік өсімдіктерді жинаған 2 азамат ұсталды. Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының 1994 және 2000 жылғы екі азаматтың көлігін тексеру барысында тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 1000 келі болғаны анықталды. Бұл әрекеттер қоршаған ортаны және сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін қорғау туралы заңнаманы өрескел бұзу болып табылады.
ЕРНАР САЙДИЛДИН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген өсімдіктердің нақты құрамы мен жағдайын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 118 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/DROeqrDo3hM?si=fBz0ORANUL5dCjqd"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 162 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dBQDpWGwgi0?si=dyP7ZBe3qmGCqUpy"
Ватсап месенджерлерінде Алматы қаласындағы Шаңырақ 1 және Шаңырақ 2 ықшам ауданынының ортасындағы сайда зорлық-зомбылық белгілері бар «5 жасар қыздың денесі табылды» деген ақапарат тарады. Жағдайдың мән-жайын арнамыздың тілшісі анықтап көрді.
Бұл Алатау ауданынына қарасты халық тығыз орналасқан шағын аудан. Жергілікті тұрғындар арасында дүрбелеңге салынған ешкімді көрмедік. Ватсап месенджерлерінде аталған Шаңырақ 1 және Шаңырақ 2 ықшам ауданынының ортасындағы сайда қылымыстық әрекет жасалған жерге ұқсамайды.
«Білмейсіңғой енді, құдай сақтасын. 5 жасар қызда несі бар.Нанға сүтке енді келеді көршілер. Ондай хабарды мен естімедім».
«Жоқ өзім кеше доғдырға қаралып келдім.Естімедім».
Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіде ақпаратты растамады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
АҚТОЛҚЫН ТҰРЛЫҒАЗЫ ТІЛШІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 103 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gNtAZ7iLoKw?si=QZa2mJ6RHxKPck5z"
30 шілде-Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні.Осыған орай Қызылорда да құқық қорғау оргондары мен шағын кәсіпкер әйелдер қоғамы халық көп шоғырланатын аймақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Адам саудасына алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын пайдалану арқылы адамды сатып алу, сату кіреді. Бұл Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерді қамтитын дүниежүзілік мәселе.2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп 30 шілдені бекіткен болатын.
СҰҢҒАТ САЙФУЛЛА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰҚҚКБ ЖЕКЕ УӘКІЛІ
Егерде осындай жағдайға тап болсаңыз «102» нөмірі бойынша немесесенім телефондарына хабарласып,жүгінуге болады дейді тәртіп сақшылары.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 94 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/cdfks1sLcKs?si=dxVD984oAElJgPME"
Республикалық жолдардың тек 3 пайызы ғана қауіпсіз. Оларды толық жөндемейінше жол апатынан қаза табатын адам санын азайту мүмкін емес. Ол аз десеңіз, қала сыртындағы жолдар да стандартқа сай келмейді. Осылай деген Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгін Үкіметте баяндама жасап, сапасыз жолдар мен жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен адам шығыны азаймай тұрғанын айтты. Бас полицей үкіметтен автомектептерді бақылауына қайтаруды сұрайды. Айтуынша, сонда ғана жол-көлік апаттары азаяды.
Қара жол қателікті кешірмейді, еркелікті көтермейді дейміз. Жыл сайын 2 мыңнан аса адамның ажалы осы жолдан келеді, 19 мыңдай жолаушы жылда түрлі дене жарақатын алады. Биыл жол ережесін бұзу 58%-ға, қарсы жолаққа шығу деректері 70%-ға көп. Ұсталған «мас» жүргізушілердің саны да 15%-ға өсіп кеткен, барлығы әкімшілік қамауға алыныпты. Мас күйінде қайта басқару фактілері бойынша қылмыстық істердің саны 20%-ға көбейген.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: «Апаттардың өсуіне себептер біріншіден, тіркеу тәсілдерінің өзгеруі, екінші автотранспорттардың өсуі, былтырғы жылдан бері 608 мыңға өсті. Инфрақұрылым жағдайы. Төртінші жүргізушілер сапасы. Аталған мәселелерді шешу жолдары қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету концепциясында көзделген. Оның тиімділігі көбіне әкімдіктермен уәкілетті органдардың белсегділігіне байланысты. Қазір бұл байқалмайды. «Vision Zero» тек Алматы мен Павлодарда бар. Қалған әкімдер жарақат алу бағдарламасында жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар көрсетпеген ».
Көліктерді былай қойғанда соңғы кездері жол ережесін мопед жүргізушілері көп бұзады. Биыл жыл басынан бері 39 мың жүргізуші анықталып, тиісті жазасын алған. Оның ішінде 202 азамат кәмелетке толмағандар. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылыпты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Биылдың өзінде мопедтердің қатысумен болған апатта 27 адам қаза тапты. Масқара дерек. Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз?»
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: «Көбіне мопедті басқаратын жасөспірімдер мен курьерлер. Қазіргі таңда заңнамалық шараларды қабылдап жатырмыз. Бірінші - бүкіл маподтерді тіркеу жұмысын жүргізу. Кейін мемлекеттік нөмір беріледі. Яғни мопед жүргізу үшін куәлік керек болады. Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр».
Бұдан былай жүгенсіз жүргізушілерге жаза қатаяды. Оны ІІМ өзі ұсынып отыр. Әйтпесе, заңға бағынбайтындар кесірінен адам өлімі көбейгенін министр баяндамада бір емес бірнеше мәрте атап өтті.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: «Шілдеде Қарағанды облысы «Алматы-Екатеринбург» трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 аптада 3 жол көлік оқиғасы болды. Онда 9 адам қаза тауып, 14 жарақат алды. Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болды, 4 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты. Мұндай фактілер әр аймақта бар. Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет».
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық жүйе енгізіліп жатқанын айтты. Осы мақсатта республика бойынша жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелер де қойылуда. Енді мұндай жаңа технология жақын арада маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге де орнатылуы мүмкін.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 96 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Lkh_dHdhync?si=KEAKgZmPgL1-NswL"
Петропавлдық Анвар Файзуллин қауіптен қорғау мен әсемдік үшін құрылыс қалдықтарынан көне Еуропа стильінде қамал тұрғызған. Тіпті, сарайдың айналасына түрлі ағаштар егіп, жасыл түсте әсемдеген.
Жардың жиегінде салынған сарайға қарап, құдды ертегідегі патшаның қамалы ма дерсің. Бірақ бұл – Анвар шебердің ауласы.
АНВАР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕР «Бұл ата-анамның үйі. Осында туып өстім. 2014 жылы ұлым үйіміздің қасынан жер сатып алды. Міне, ол жер осындай биік жар болды. Әрине, қауіпті. Сондықтан, бұлай тұрғаны маған ұнамады. Қауіптің алдын алу мақсатында, әрі әсемдік үшін осындай ғимараттар салдық. Жар құламауы үшін өсімдіктер де ектік».
10 метр биіктіктікте орналасқан қамалға арнап баспалдақ орнатса, жан-жағын бекітуге мыңнан аса тас қолданылған. Сарайдың әдемілігіне қарап, үлкен күштің кеткенін әсте аңғаруға болады.
АНВАР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕР «Мен бұл қамалды салу үшін қарапайым заттарды қолдандым. Олар тас, кірпіш және шифр. Жалпы, құрылыстан қалған заттардың барлығын кәдеге жараттым. Әрине, мен секілді қарт адамға бұндай биіктікке шығу қиын. Құлап кетіп, мерт болуым мүмкін еді. Бірақ, мен қорқып жата берсем, мұндай әсемдік ешқашан пайда болмас еді. Егер, менің үйімнің ауласы басқаша болса, басқа стильдегі ғимарат салатын шығармын. Кім білсін?!»
Сарайдың терезесі мен қақпасын жасауға темір сымды пайдаланған. Әрбір бөлшегіне ерекше мән беріп, ептілікпен жасауға шебердің 10 жылы кеткен.
ДИЛЯРА ФАЙЗУЛЛИНА ШЕБЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ «Менің жасым 9-да. Маған атамның қасында жүріп, оған көмектескен қатты ұнайды. Біз бірге түрлі өсімдіктер егеміз. Менің досмтарымның барлығы атам туралы біледі. Қатты қызығады. Мен атамдықатты жзақсы көремін және мақтан тұтамын».
ДАМИР ФАЙЗУЛЛИН ШЕБЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ «Мен өскенде атам секілді сәулетші болғым келеді. Қазір жасым 10-да. Атаммен қасында жүріп, көп нәрсе үйренемін. Осындай зәулім, керемет ғимараттар салу менің арманым».
Көзге оттай басылатын сарайдың жанынан жай өту мүмкін емес. Себебі, ол сондай асқан шеберлікпен тұрғызылған. Сол себепті де, тамашалауға келетін қарашаның саны да қалыңдаған.
ВЛАДИСЛАВ КИМ, ТУРИСТ «Бүгін Петропавлдағы небір әсемдікке куә болып жатырмыз. Анвар Файзуллин керемет кісі екен. Қалдықтарды тастамай, осындай ғажап дүние жасап отыр. Үйінің ауласының кез келген жері әсемдікке толы».
ЕЛЕНА КИМ ТУРИСТ «Бұл ғажап көріністі көру барлық адам үшін қолжетімді. Ешқандай ақы сұрамайды. Үй иелері өздері қарсы алып, барлығымен таныстырды. Өте ризамыз. Осындай шебер, жайдары жандар көп болсын».
Шебер зәулім сарайдың айналасындағы ағаштарды корей бағына ұқсатып жасаған. Барлығы жасыл түспен көмкерілген. Тіпті, жеміс-жидек ағаштары да бар. Бұның барлығы келушілерге ерекше әсер қалдырары сөзсіз.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 115 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/B69MMjNWtKU?si=XTfKNU2S6d60UwMA"
Тағы басқа мақалалар...
26 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.