- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 41
https://www.youtube.com/embed/Im7XET7AhVo?si=JdFpWQ7GiU0LBe0f"
25 қазан – Республика күні – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – Қазақстанның егемендік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухты асқақтатып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын ерекше мереке.
Осы айтулы мерекеге орай Алматы қаласы Наурызбай ауданының «№207 мектеп-лицей» КММ ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, елдік мұраттары мен болашаққа деген сенімін бейнелейтін қастерлі күн. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел тағдырына жауапкершілік сезімін қалыптастыруда айрықша маңызға ие.
Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанның абыройы асқақтай берсін! Әр шаңыраққа шаттық пен береке, әр отбасына амандық пен бақыт, елімізге бейбітшілік, тұрақтылық және толағай табыстар тілейміз!
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел болсын!
Республика күні құтты болсын! Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 81
https://www.youtube.com/embed/dICAUfatHvk?si=qIwqMGVkNoFYMqVP"
Алматы қаласындағы №207 мектеп-лицейінің кітапханасында 4-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Республикам – мақтанышым!" атты танымдық-шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін ортаға салып, туған елге деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді.
2026 жылғы 19 қазанда өткен іс-шараны мектеп-лицейдің кітапхана меңгерушісі Э. С. Жамаубаева ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, ел тарихы мен ұлттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Іс-шараның ашылуында мектеп-лицей директоры А. С. Елеманова оқушыларды 25 қазан – Республика күні мерекесімен құттықтап, бұл күннің ел тарихындағы орнына тоқталды. Ол туған жерді құрметтеу, Қазақстанның тарихын білу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Бағдарлама аясында "Менің елім – Қазақстаным!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан тарихы, туған жер, мемлекеттік рәміздер, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы әдебиеттер қойылып, оқушыларға таныстырылды.
Шараның мазмұнды бөлімдерінің бірі – мектептің жас тілшісінің оқушылармен жүргізген сұхбаты болды. Сұхбат барысында оқушылар өздері дайындаған шығармашылық жұмыстарын таныстырып, Қазақстанға деген сүйіспеншіліктері мен ел болашағына қатысты ойларын бөлісті.
Кездесу соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Танымдық іс-шара жас ұрпақтың ел тарихына қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.
25 қазан – Республика күні құтты болсын!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 73
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың атақты ұстазы, ақын, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ел мақтанышы, ұлттық бірегей тұлға. Биыл Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы. Туғанына 185 жыл толып отыр. Университет деңгейінде осы аталған мерейтойға арналып арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар өте көп болды.
Ы.Алтынсарин мұраларының ішіндегі ең құнды еңбектерінің бірі деп оның аудармаларын айтамыз. Аударма көне де жаңа ғылым екендігі даусыз. Аударманың өзіндік тарихы сонау ерте ғасырлардан басталады. Қазақ аударматану ғылымының басында Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин тұр. Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль, К.Ушинский, И.И.Паульсон т.б. шығармаларын қазақ оқырмандарымен таныстырды. Атақты жазушы, тарихшы Илэр Бэлекк: «Аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс», - деп айтқандай Ы.Алтынсариннің аудармалары қазақтың төл шығармаларына айналды десек артық айтпаймыз. Зерттеуші Р.С.Каренов: «Алтынсарин аудармаларының мысал жанрының қалыптасуына негіз болуы, қазақ əдеби тілінің дамуына жол ашуы», - деп жазушының аудармашылық қызметіне жоғары баға берген.
Байқағанымыз, Ы.Алтынсарин кез – келген шығарманы аудармаған. Ол аударма нұсқаларды тек ағартушылық тұрғыдан ғана саралап алған. Шағын әрі оқырманға тәрбие беретін, эстетикалық тұрғыдан сұлу шығармаларды аударған. Көбінесе прозалық шығармаларды аударған, поэзиялық шығармаларды аз аударған. «Бір уыс мақта», «Жамандыққа жақсылық», «Алтын шеттеуік», «Үш ұры», «Аурудан – аяған күштірек», «Силинші деген ханым», «Тышқанның өсиеті», «Мұңсыз адам» , «Тəкаппарлық» , «Данышпан қазы» т.б. шығармаларды аудару кезінде аударманың еркін түрін пайдаланған. Еркін аударма болса да түпнұсқаның ойын, стилін, жазушының жазу мәнерін дәл беруге тырысқан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Тұран» университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттары Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі мен аудармашылық қызметіне арналған түрлі дөңгелек үстелдер мен мерекелік іс-шаралар өткізуде. Әсіресе, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен факультет студенттері мен магистранттарының арасында «Ы.Алтынсарин – көркем аударма шебері» деген тақырыпта ашық пікірсайыс ұйымдастырылды. Онда аудармашының аударма еңбектері, аудармаларының сапасы, артықшылықтар мен кемшіліктері т.б. туралы айтылды. Болашақ аудармашылар өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар Ы.Алтынсарин шығармаларының өзге тілдерге аударылу тарихына байланысты біраз мәліметтер айтылды. Ы.Алтынсариннің аудармашылық еңбектеріне арналған ғалымдардың еңбектеріне тоқталып, құнды пікірлерімен бөлісті. Студенттер Ы.Алтынсарин шығармаларын өздері де ағылшын, неміс, француз, испан тілдеріне аударуға тырысты. Бұл қуантарлық жағдай.
Ы.Алтынсарин сияқты асыл азаматтарымыздың еңбектерімен өзге елдердің таныс болуы керек деп ойлаймыз. Тек биыл ғана емес, Ы.Алтынсариннің аударма мұраларына арналған кездесулер мен конференциялар жыл сайын дәстүрлі өткізіліп тұрады деген ниеттеміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, қауымдастырылған профессор Г.Қ.Қазыбек
Тұран университетінің "Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі" кафедрасының сениор лекторы Бектурова Э.К
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 74
2026 жылғы 7-9 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Eurasia-Pacific Uninet пленарлық кездесуі мен Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық семинарын өткізеді. Іс-шара әл-Фараби кітапханасында өтеді.
Іс-шараға университет басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, халықаралық ынтымақтастық бөлімшелерінің жетекшілері, зерттеушілер және білім беру жобаларының үйлестірушілері қатысады. Іс-шараға Қазақстан, Австрия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Үндістан өкілдері қатысады.
Үш күн бойы қатысушылар академиялық ұтқырлықты, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелерін талқылайды. Erasmus+ аясындағы ынтымақтастықтың практикалық мүмкіндіктеріне, университеттер арасында жаңа байланыстар орнатуға және бірлескен бастамалар әзірлеуге ерекше назар аударылады.
7 қазанда ресми ашылу рәсімі, Еуропалық одақтың Global Gateway бастамасы туралы баяндама мен пікірталас өтеді. Серіктес университеттердің өкілдері халықаралық білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ қатысушылар EPU серіктестерінің жобаларымен көрмеде және жоғары оқу орындарының таныстырылым алаңында таныса алады.
8 қазанда бағдарлама EPU қызметі мен Erasmus+ бағдарламасының жоғары білімді дамытуға ықпалын талқылаумен жалғасады. Тақырыптық және өңірлік дөңгелек үстелдер, сондай-ақ австриялық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Желі серіктестері үшін EPU Бас ассамблеясының отырысы өтеді.
9 қазанда қатысушылар Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін қарастырады, Азиядағы жоғары білімнің болашағын талқылайды және өз университеттерін ықтимал серіктестерге таныстырады. Іс-шара қорытындыланып, ынтымақтастықтың алдағы қадамдары айқындалады.
Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Eurasia-Pacific Uninet және Австрияның білім және интернационалдандыру агенттігі OeAD ұйымдастырады. Іс-шараның жұмыс тілі - ағылшын тілі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Асанбаева Айсара Әлібекқызы
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 93
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті ғалымдар, атақты ақындар мен жазушылар, аудармашылар шыққан. Біздің факультетіміз оларды мақтан тұтады. Үлгі тұтатын түлектеріміздің бірі де бірегейі профессор Өтеген Күмісбаев.
Өтеген Күмісбаев - ақын, филология ғылымдарының докторы, профессоры. Сонымен қатар филология факультетінің түлегі. Біз бұл есімді мақтанышпен айтамыз. Шығыс әдебиетін зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан Өтеген Күмісбаевтың «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» т.б. монографиялары жарық көрген.
Қазақ білімінің қарашаңырағы Қазақ ұлттық университетін 1963 жылы үздік тәмамдап, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социалисттік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–69), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–74) қызмет атқарды. 1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болып, 1989 жылы «ХІХ–ХХ ғғ. қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның еңбектері қазақ ғылымына сүбелі үлесі қосты. 60 жылдан астам уақыттан бері ғылымнан, шығармашылықтан қол үзбей және соңғы 40 жылдан астам ұлттық университетімізде қызмет еткен.
Аударма қиын да қызықты өнер. Аударматанушы Әбен Сатыбалдиев «Аударма ерікеннің ермегі емес»,-деп айтқандай аудармашы Өтеген Күмісбаев Шығыс әдебиетінің өшпес мұраларын қазақ тіліне тәржімалады. 2009 жыл 2 шілдесі күні «Түркістан» газетінде» жариялаған мақаласында Өтеген Күмісбаев парсы әдебиетiнiң классигi Фирдоусидің «Шахнаме» шығармасы туралы, оны кімнің нұсқасынан, қалай тәржімалағандығы туралы айтқан.
Әбілқасым Фирдауси — шығыстың белді ақындарының бірі. Ол “Шахнама” дастанын 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алына бастады. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шахнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 жылдары Мұхамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударған. “Шахнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов көп еңбек етті. “Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама” деп аталатын 3 бөлімін қазақ тіліне аударған. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын тәржімалаған.
Аудармашы Өтеген Күмісбаевтың аудармаларының бір ерекшелігі оқырманға түсінікті, ойы қарапайым, стилі жатық болып келеді. Аударма нұсқадан түпнұсқадағы ой, стиль сақталғандығы байқалады. Мысалы, « Қашқын ақын» бөлімін былай береді: «Сұлтанды өлтiрiп сабаған сатираның жаңғырығы Махмудтың құлағына тез жетедi. Сұлтан: “тезiрек ұстап алып, пiл табанына салып өлтiрiңдер” деп әмiр бередi. Сол күннен бастап Фирдоуси қашқын ақын атанады. Қыстақтан қыстаққа, таудан тасқа тығылып кете барады. Халық Фирдоусиды сұлтан қаһарынан құтқарып, алыстарға ұзатып сала бередi. Сатираның ащы уы жерден жерге, елден елге жетiп, жетесiз сұлтанды сөзбен жерлейдi. Сонда Фирдоуси Махмуд сұлтанға хатында не деген екен:
Кешiрдiң шаһы Махмуд хан
Ойлап-ойлап мен аң-таң.
Уәде Алланың аты деп,
Айтып кеткен қандай жан?
Уәдесiне тұрмаса
Бұл адамның несi адам?
Адамға “ұлық” ат қойған
Уәдесiз болса несi адам?!
Сылап-сипап қайырса,
Қолға қарға қонар ма?
Қондырғанмен қолыңа
Қаршығадай болар ма?
Алтынменен аптаса,
Күмiспенен күптесе...
Ескi құлағы елбеңдеп
Есегi тұлпар болар ма?
Жарқанаттың сүймесi -
Жарқыраған күн көзi
Күнсiз жерге үйренiп,
Сүйiп алған түндi өзi, - деп Фирдоуси уәдесiз сұлтанды қарғаға, есекке, жарқанатқа теңейдi. Сөйтiп сүйкiмсiз сұлтан бүкiл дүйiм жұртқа масқара болады».
Шығарманың құндылығын, ой оралымдарын нақты бере білген. Аудармашы Өтеген Күмісбаевтың тағы бір ерекшілігі ол ақын. Яғни поэзияның құдіретін біледі,түсінеді. Сондықтан да болар Өтеген ағай поэзиялық шығармаларды жақсы аудара біледі.
Иран әдебиеті туралы монографиясы да Шығыс әдебиетін зерттеп жүрген ғалымдарға таптырмас еңбек екендігін айтуға болады.
Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қауымдастырылған профессоры
Дауылова Динара Жакыпбековна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 2-курс докторанты
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 39
Программа «Ауыл аманаты» дает жителям сельских районов возможность развивать собственное дело, приобретать оборудование, запускать новые проекты и создавать рабочие места. Для сельского бизнеса льготное финансирование - это не только возможность получить заем. Важнее то, что происходит после: появляется оборудование, запускается производство, растет объем заказов и создаются рабочие места.
В Алматинской области оператором программы с 2023 года выступает АО «СПК «Қонаев», а администратором бюджетной программы является Управление сельского хозяйства Алматинской области. В 2026 году из республиканского бюджета на ее реализацию выделено 4,9 млрд тенге, за счет которых планируется профинансировать 355 проектов в регионе. Для предпринимателей программа становится не просто источником льготного финансирования. Для одних это возможность приобрести оборудование и увеличить объем производства, для других способ перейти от небольшой торговой точки к полноценному бизнесу.
Айсауле Айкожаева живет в селе Қайназар Жамбылского района. Она занимается швейным делом с 1998 года. Начинала она с небольшой точки в селе Ұзынағаш Жамбылского района, где продавала шторы собственного пошива. Почти три десятилетия предпринимательница развивала дело самостоятельно, и возможности для масштабирования оставались ограниченными. После того как Айсауле узнала о программе «Ауыл аманаты», она смогла приобрести швейные машины и необходимое оборудование. Сегодня во дворе ее дома строится собственный швейный цех.
«Я много лет занимаюсь швейным делом и всегда хотела развивать свое производство. Раньше большая часть дохода уходила на обслуживание кредитов в МФО - высокие проценты сильно сдерживали развитие. Благодаря программе “Ауыл аманаты” ситуация изменилась. Сейчас я чувствую, что действительно могу двигаться вперед и расширять свое дело», - рассказывает Айсауле.
Рост бизнеса уже привел и к созданию новых рабочих мест. Если раньше предпринимательница в основном работала одна, сегодня в ее команде есть швея и курьер.
«Раньше я работала в основном сама. Сейчас у меня появились сотрудники, заказов становится больше, строится цех. Когда видишь такие изменения, понимаешь, что твой труд действительно дает результат», - говорит Айсауле.
Еще один пример - Лаура Аскарова, которая несколько лет развивает придорожное кафе в Жамбылском районе. Со временем любовь к приготовлению еды подтолкнула предпринимательницу открыть собственный цех по производству полуфабрикатов. О возможности получить льготный заем Лаура узнала в акимате и подала документы на участие в программе. СПК «Қонаев» предоставила ей финансирование на пять лет под 2,5% годовых.
Полученные средства предпринимательница направила на оборудование производственной кухни: приобрела печи, тестомес, мясорубку, тестораскаточную машину и другое необходимое оборудование. Сегодня производство развивается, появился собственный бренд, растет количество заказов. Вместе с объемом работы появились и новые рабочие места.
«Я давно хотела открыть свой цех. Всегда любила готовить и видела, что людям нравится наша продукция. Благодаря программе “Ауыл аманаты” и поддержке СПК “Қонаев” я смогла приобрести необходимое оборудование и превратить свою идею в полноценное производство», - рассказывает Лаура.
Ассортимент расширяется, в цеху готовят пельмени, вареники и другие полуфабрикаты. Продукция постепенно выходит за пределы первоначальной точки продаж, а сама предпринимательница уже планирует дальнейшее расширение.
«Сейчас заказов становится все больше, и это очень радует. Мы стараемся сохранять качество и вкус, чтобы наши покупатели возвращались к нам снова. В планах — как можно быстрее рассчитаться по займу, а затем снова привлечь финансирование и расширить производство», - делится планами Лаура.
В историях Айсауле и Лауры результат виден буквально: приобретено оборудование, строится новый цех, растет количество заказов, появляются рабочие места. Для самих предпринимателей это означает переход к следующему этапу развития бизнеса. В Жамбылском районе с 2023 года 204 предпринимателя получили льготные займы на общую сумму 1,855 млрд тенге.
Такие проекты становятся частью развития сельских территорий - когда за цифрой в отчетности стоит работающий бизнес, новый сотрудник и дополнительный доход семьи.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 91
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына өз ісін дамытуға, жабдық сатып алуға, жаңа жобаларды іске қосуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ауыл бизнесі үшін жеңілдетілген қаржыландыру - бұл тек несие алу мүмкіндігі ғана емес. Ең бастысы - одан кейінгі өзгерістер: қажетті жабдықтар сатып алынады, өндіріс іске қосылады, тапсырыс көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Алматы облысында бағдарламаның операторы ретінде 2023 жылдан бері «Қонаев» ӘКК» АҚ жұмыс істеп келеді, ал бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы. 2026 жылы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 4,9 миллиард теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен өңірде 355 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер үшін бұл бағдарлама жай ғана жеңілдетілген қаржы көзі болып қалмайды. Бірі үшін бұл - жабдық сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берсе, екіншісі үшін - шағын сауда нүктесінен толыққанды бизнеске өтудің тиімді жолы.
Айсұлу Айқожаева Жамбыл ауданының Қайназар ауылында тұрады. Ол 1998 жылдан бері тігіншілікпен айналысады. Кәсібін Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы шағын нүктеден бастап, өзі тіккен перделерді сатумен айналысқан. Кәсіпкер бұл істі өз бетінше дамытып келді, алайда бизнесті кеңейту мүмкіндіктері әрдайым шектеулі болды. Айсұлу «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы білгеннен кейін тігін машиналары мен қажетті жабдықтарды сатып ала алды. Бүгінде оның үйінің ауласында жеке тігін цехы салынып жатыр.
«Мен көп жылдан бері тігін ісімен айналысып келемін және әрқашан өз өндірісімді дамытқым келді. Бұрын табыстың үлкен бөлігі микроқаржы ұйымдарындағы несиелерді өтеуге кететін - жоғары пайыздық мөлшерлемелер бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтірді. “Ауыл аманаты” бағдарламасының арқасында жағдай өзгерді. Қазір алға нық қадам басып, кәсібімді кеңейте алатынымды шынайы сезінемін», - дейді Айсұлу.
Бизнестің өсуі жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етті. Егер бұрын кәсіпкер негізінен жалғыз жұмыс істесе, бүгінде оның командасында тігінші мен курьер бар.
«Бұрын өзім ғана жұмыс істейтінмін. Қазір жанымда жұмысшылар бар, тапсырыстар көбейді, цех салынып жатыр. Осындай өзгерістерді көргенде, төккен теріңнің нәтижесін сезінесің», - дейді Айсұлу.
Тағы бір мысал - Жамбыл ауданында бірнеше жылдан бері жол бойындағы дәмхананы дамытып жүрген Лаура Асқарова. Уақыт өте келе тағам әзірлеуге деген қызығушылығы кәсіпкерді жартылай фабрикаттар өндіретін жеке цех ашуға ынталандырды. Жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі туралы Лаура әкімдіктен біліп, бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарын тапсырды. «Қонаев» ӘКК» оған бес жыл мерзімге жылдық 2,5 пайызбен несие берді.
Алынған қаражатты кәсіпкер өндірістік асүйді жабдықтауға жұмсады: пеш, қамыр илейтін аппарат, еттартқыш, қамыр жаятын машина және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінде өндіріс дамып, жеке бренді қалыптасты, тапсырыс саны артып келеді. Жұмыс көлемінің өсуімен бірге жаңа жұмыс орындары да ашылды.
«Мен өз цехымды ашуды баяғыдан армандадым. Әрқашан тамақ дайындағанды ұнататынмын және адамдарға біздің өнімдеріміз ұнайтынын көріп жүрдім. “Ауыл аманаты” бағдарламасы мен “Қонаев” ӘКК-нің қолдауының арқасында қажетті жабдықтарды сатып алып, өз идеямды толыққанды өндіріске айналдыра алдым», - дейді Лаура.
Ассортимент те кеңейіп келеді. Қазір цехта тұшпара, мәнті, вареник және басқа да жартылай фабрикаттар дайындалады. Өнімдер біртіндеп бастапқы сауда нүктесінің шеңберінен шығып, жаңа тұтынушыларға жол тартуда. Кәсіпкердің өзі де бизнесін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Қазір тапсырыстар көбейіп келеді, бұл өте қуантарлық жайт. Сатып алушылардың қайта келуі үшін өнімнің сапасы мен дәмін сақтауға тырысамыз. Жоспарда - несиені мүмкіндігінше ертерек өтеп, кейін қайтадан қаржы тартып, өндірісті ұлғайту бар», - дейді Лаура өз жоспарларымен бөлісіп.
Айсұлу мен Лаураның мысалынан бағдарламаның нәтижесі анық көрінеді: жабдықтар сатып алынды, жаңа цех салынып жатыр, тапсырыс саны өсуде, жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпкерлердің өздері үшін бұл - бизнесті дамытудың келесі кезеңіне өту деген сөз. Жамбыл ауданында 2023 жылдан бері 204 кәсіпкер жалпы сомасы 1,855 миллиард теңгеге жеңілдетілген несие алды. Мұндай жобалар ауылдық аумақтарды дамытудың маңызды бір бөлігіне айналып отыр. Есептегі құрғақ санның артында нақты жұмыс істеп тұрған бизнес, жаңа жұмыс орны және отбасының қосымша табысы тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 120
https://www.youtube.com/embed/tl0BKjhrVQU?si=lrlUJvXZxDtYb61O"
Ұстаздар күніне орай №207 мектеп-лицейінде білім алушылардың мұғалім еңбегіне деген құрметін арттыруға бағытталған "Ұстазға мың алғыс!" челленджі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың білім беру мен тәрбие үдерісіндегі еңбегіне ризашылықтарын жеткізді. Оқушылардың ізгі тілектері мен алғыс сөздері ұстаз еңбегінің жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызын айшықтай түсті.
Челлендждің негізгі мақсаты – педагог мәртебесін дәріптеу, білім алушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін қалыптастыру және мектеп қауымдастығы арасындағы өзара сыйластық құндылықтарын нығайту.
Шара барысында айтылған алғыс сөздер ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастықтың, құрмет пен сенімнің мәнін көрсетті. Мектеп ұжымы мұндай бастамалардың оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға және ұстаз еңбегін бағалай білуге ықпал ететінін атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 178
https://www.youtube.com/embed/0ZjyCU0Y8Qs?si=yWKMTcWPRiY8UC5P"
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінің оқушылары "Кітап оқитын ұлт" республикалық кітап оқу марафонына қатысып жатыр.
Аталған бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, көркем әдебиет арқылы олардың білім көкжиегін кеңейтуге және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Марафон аясында мектеп оқушылары арнайы ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша шығармаларды оқып, олардың мазмұнымен танысады. Оқу барысында білім алушылардың шығармаларды түсінуі, өз ойларын қалыптастыруы және оқыған кітаптары бойынша пікір білдіруіне басымдық беріледі.
Мектеп ұжымының айтуынша, мұндай жобалар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сөздік қорын молайтып, сыни ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
"Кітап оқитын ұлт" марафоны аясындағы жұмыстар мектепте оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға және тұрақты кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен жалғасады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/R7ZguRjSFeA?si=CvQERdNPjB_KjNaR"
Алматы қаласындағы №207 мектеп-лицейінде Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Білім беру ұйымының ұстаздары мен қызметкерлері қатысқан шарада мұғалім мамандығының қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы атап өтілді.
Мерекелік жиында мектеп оқушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қойылымдарын орындады. Оқушылардың өнер көрсетуі ұстаздар еңбегіне деген құрметтің көрінісі болды.
Іс-шара барысында білім беру саласында еңбек етіп жүрген мұғалімдердің кәсіби қызметіне назар аударылып, олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі рөлі сөз болды.
Мектеп ұжымы үшін Ұстаздар күні – педагог еңбегінің маңызын айқындайтын және ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтатын айтулы күндердің бірі. Мұндай іс-шаралар оқушылардың мұғалім мамандығына деген құрметін арттырып, білім мен тәрбиенің сабақтастығын қалыптастыруға ықпал етеді.
№207 мектеп-лицейінде өткен мерекелік шара ұстаздарға деген құрметті білдіріп, мектеп қауымдастығының бірлігін айқындайтын мазмұнды кездесуге ұласты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 132
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп аумағын көркейту, жасыл желек көлемін арттыру және білім алушылар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Мектепке қолдау көрсету мақсатында 1-сынып оқушысының ата-анасы Ескермесова Гульзира Кенесбековна өз қаражаты есебінен 50 түп хризантема, 20 түп туя және 2 түп қарағай көшетін сыйға тартты.
Ұсынылған гүлдер мен көшеттер мектеп аумағына отырғызылып, білім беру ұйымының айналасын абаттандыруға үлес қосты. Көгалдандыру жұмыстары мектеп ауласын эстетикалық тұрғыдан жақсартып қана қоймай, оқушыларға табиғатты қорғаудың және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіруге бағытталған тәрбиелік мәнге ие.
"Таза Қазақстан" акциясы аясындағы мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Мектеп ұжымы білім ордасының көркеюіне қолдау көрсетіп, экологиялық бастамаға үлес қосқан Ескермесова Гульзира Кенесбековнаға алғысын білдіреді.
Таза әрі жасыл орта қалыптастыру – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ортақ жауапкершілік. Бұл бағыттағы әрбір нақты іс келешек ұрпақ үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 78
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде факультет өкілдеріне тест тапсырмаларын әзірлеу және оларды Univer ақпараттық жүйесі мен Moodle қашықтан оқыту жүйесіне орналастыру тәртібін түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті.
2026 жылғы 24 қыркүйекте ҚазҰУ-дың Филология факультетінде тест тапсырмаларын әзірлеу, рәсімдеу және цифрлық білім беру жүйелеріне енгізудің жаңартылған тәртібіне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Академиялық және тәрбие жұмысы сүйемелдеу департаменті Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесіп өткізді.
Бірыңғай талаптан — бірыңғай стандартқа
Семинар барысында қатысушыларға академиялық үдерістерді реттейтін жаңа және жаңартылған ішкі нормативтік құжаттар таныстырылып, тест тапсырмаларын әзірлеу мен пайдаланудың жаңартылған тәртібінің мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.
Ішкі нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер жөнінде А.А. Мусинова ақпарат берді. Оқыту семинарының негізгі мақсаттары мен міндеттерін А.Т. Ботаева таныстырды. Цифрлық офицер К.О. Кохан цифрлық құралдарды пайдалану және ақпараттық жүйелердегі жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. Академиялық және цифрлық инновациялар офисінің өкілі И.И. Круговых цифрлық құралдарды қолдану ерекшеліктері мен ақпараттық жүйелердегі жұмыс тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ факультеттердің оқыту кестесін толтыруының дұрыстығын тексеру мәселесіне арнайы көңіл бөлінді. Семинардың практикалық бөлімінде белгіленген әдістемелік талаптарға сәйкес тест тапсырмаларын әзірлеу, рәсімдеу және Univer мен Moodle жүйелеріне жүктеу тәртібі көрсетілді.
Цифрлық құралдар — білім сапасын арттырудың маңызды тетігі
Тестілеу үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін жаңарту бағалау материалдарын әзірлеу мен қолданудың бірыңғай қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.
Оқытушылардың, кафедралардың, факультеттердің және тиісті құрылымдық бөлімшелердің өзара үйлесімді жұмысы академиялық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, белгіленген талаптардың бірізді орындалуына мүмкіндік береді.
Іс-шараға ОААиКҚ, ОААиЦИ, ДИТ және ОР өкілдері, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, Оқыту мен білім беру сапасы жөніндегі академиялық комитеттердің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Қатысушылар құрамының ауқымды болуы жүргізіліп отырған жұмыстың жүйелі сипатын көрсетеді. Бұл өз кезегінде университеттің әртүрлі деңгейлерінде жаңартылған талаптарды іске асырудың мақсаттары мен тетіктерін біркелкі түсінуге мүмкіндік береді.
Академиялық үдерістерді цифрландыру
Univer және Moodle жүйелерінде тест тапсырмаларымен жұмыс істеу — ҚазҰУ-дағы білім беру үдерістерін цифрландыру және академиялық басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстардың маңызды бөлігі.
Әдістемелік талаптарды цифрлық технологиялармен ұштастыру бағалау рәсімдерін біріздендіруге, тест тапсырмаларының сапасын арттыруға және білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс университетте бірыңғай академиялық стандарттарға, заманауи цифрлық технологияларға және сапаны қамтамасыз ету мәдениетіне негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Факультеттермен жаңартылған талаптарды енгізу бойынша жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жалғасын табады.
Саткенова Жайна Багашаровна, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Аккузова Айнур Абдыжалиловна, PhD, доцент м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультетінің Оқыту мен білім беру сапасы жөніндегі академиялық комитетінің төрағасы
Еще материалы
Страница 1 из 256

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.