БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
eGov Mobile қосымшасында жеке деректердің таралып кету жағдайын тексеретін сервис пайда болды
arrow_forwardСоңғы қоңырау күні өзгерді
arrow_forwardЕлімізде криптобанктер ашылмақ
arrow_forwardСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
eGov Mobile қосымшасында жеке деректердің таралып кету жағдайын тексеретін сервис пайда болды
05-05-2025 Hits:25 Жаңалықтар sitemanager

eGov Mobile қосымшасында жеке деректердің таралып кету жағдайын тексеретін сервис пайда болды. Бұл туралы мәліметті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпарат дерегіне сүйенсек, енді азаматтар eGov мобильді қосымшасы арқылы жеке деректердің қауіпсіздігін жаңа Nomad Guard мобильді сервисі арқылы тексере алады. Сервис барлығына қолжетімді және ықтимал қауіптерді іздеу үшін күмәнді сілтемелер мен веб-сайттарды тексеру арқылы жеке деректердің таралу жағдайын оңай анықтауға мүмкіндік береді. Ақпаратта айтылғандай, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 53% жеке деректерін интернетте тапқанда не істеу керектігін білмейді. Бұл мәселе 50 мыңнан астам адам қатысқан eGov мобильді қосымшасындағы онлайн сауалнама көмегімен анықталып отыр. Сол сияқты сауалнамаға қатысушылардың 62% жеке деректерді сенімді түрде жариялаған жағдайда қалай әрекет етуді білетін болып шықты. "31%-дан астамы фишингтік сілтемелердің не екенін түсінбейді — онлайн алаяқтардың негізгі құралдарының бірі. Тек әрбір бесінші адам фишингті нақты веб-сайттардан ажырата алады. Осыған қарамастан, 92% «банк қызметкерлеріне» SMS кодтарын бермейтінін айтты, бірақ 8%-ы әлі де қате жіберуі мүмкін. Пайдаланушылар ешқашан өз парольдерін өзгертпейді және тек мәселе туындаған жағдайда ғана өзгертеді. Респонденттердің жартысынан астамы күдікті хабарламаларға тап болды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, көптеген адам қазірдің өзінде онлайн алаяқтық әрекеттеріне тап болса да, көпшілігі әлі де сандық сауаттылыққа ие емес және өз деректерін қалай қорғау керектігін білмейді. Бұл Nomad Guard сияқты қызметтердің іске қосылуының қажеттілігін көрсетеді", — дейді ұлттық ақпараттық технологиялар орталығынан. Nomad Guard сервисінде белгілі бір сілтемелерді және пайдаланушы жиі жұмыс істейтін сайттарды тексеруге болады. Бұл үшін тиісті жолаққа сілтеме немесе веб-сайт адресін енгізіп, «Тексеру» түймесін басыңыз. Тексеру нәтижелері біраз уақыт алуы мүмкін және жағдайды бақылау үшін, «Менің тексерулерім» бөліміне өтіп, соңғы нәтижені көруге болады. Сервистің басты бетінде жеке деректердің таралуына себеп болған сайттар туралы ақпарат, сондай-ақ таралған немесе жарияланған деректердің көлемі көрсетіледі. Деректер санын басу, оның толық тізімін көрсетеді. Сондай-ақ қосымша қолданушылары арнайы форманы толтыру арқылы күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын «Алаяқтық» бөлімі қарастырылған. Аталған қызметті қалай пайдалану керек: — eGov Mobile қосымшасына кіруі тиіс және «Басқа сервистер» бөліміне өтуі тиіс;— «Тексер» батырмасын басуы тиіс;— тексеру сілтемесін енгізіп, «Жіберу» батырмасын басуы тиіс;— «Менің тексерулерім» бөлімінде өтінімнің күйін қарауы тиіс. Сонымен қатар, «Тағы» бөлімінде пайдаланушылар қосымша ақпаратты қарай алады, сондай-ақ «Жаңалықтар», «Оқыту», «Тесттер» бөлімдеріне қол жеткізе алады.
Read moreСоңғы қоңырау күні өзгерді
02-05-2025 Hits:88 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде биыл соңғы қоңырау күні дәстүрлі датаға қайта оралды. Спутниктің жазуынша, биыл 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштаспақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Соңғы оқу күні жылдағыдай 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады. "Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі", - делінген хабарламада. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі. Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтіні ескертілді.
Read moreЕлімізде криптобанктер ашылмақ
27-04-2025 Hits:187 Жаңалықтар sitemanager

Қазақстанда криптобанктер ашылуы мүмкін. Үкімет криптобанктерді ашу мәселесін зерделеуге кірісті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Спутникке сілтеме жасап. Дерекке сүйенсек, қазіргі кезде министрлер кабинеті цифрлық активтер бойынша түзетулер пакетін дайындап қойған. Соның аясында криптобанктерді ашу мәселесі де талқыға салынады. Себебі ондай қаржы институттары цифрлық нарықтың жаңа қатысушыларын тартып қана қоймай, цифрлық активтер бойынша операциялардың ашықтығын да қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ криптобанктер осы саладағы жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Комплаенс, блокчейн-талдау мен AML мамандарына сұраныс аратды. "Осыған байланысты үкімет Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты экожүйені қалыптастыруда шешуші рөл атқара алатын криптобанктерді ашу әлеуетін қарастырып жатыр", - дейді Бектенов. Оның сөзіне қарағанда халықаралық тәжірибе негізінде қаржылық реттеу шаралары да болуы керек. Үкімет криптобанктер нарығындағы қаржының көлемін де есептеп шыққан. 2024 жылы 5,29 млрд доллар болды. 2034 жылға қарай оның көлемі 63,15 млрд долларға дейін өседі деген болжам бар. Ал цифрлық активтердің жалпы саудасы бір жылдың ішінде 134 процентке өсіп, 2024 жылы 18,83 трлн АҚШ долларын құрады.
Read moreҚазақстанда кредитке тағы шектеулер енгізіледі
20-04-2025 Hits:183 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде кредит алуға қатысты бірқатар шектеулер қабылданды. Заң аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша шаралар қарастырылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Спутниктің жазуынша, Парламенттің төменгі палатасы кредит алуға қатысты тағы бірқатар шектеулер қабылдаған. Сенаттан кейін оны бірден президенттің қол қоюына жібереді. Онда кімдерге кредит берілмейтіні, қандай шектеулер енгізілетіні және банктік жұмыстарға қандай өзгерістер енгізілетіні толық қамтылған. Кредит кімге берілмейді Мәжіліс депутаттары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заңды қабылдап, жоғары палатаға жіберді. Осы құжатқа сәйкес, кредитке қатысты бірқатар маңызды шектеулер енгізіледі. Олар: әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру уақытында несиелер мен шағын несиелерді бермеу; несие алуға алғаш рет өтініш берген адамның банкте немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болуы; шағын несиелер бойынша айып өндіруге тыйым салу; 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несиені "электронды үкімет" порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана рәсімдеу; мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдерді және табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға арналған қайырымдылық ұйымдарынан түскен ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына тыйым салу; тұтынушылық кепілсіз онлайн несиелерді беру үшін 24 сағаттық "салқындату кезеңін" енгізу. Айта кетері, "салқындату кезеңі" – бұл ойлануға берілетін уақыт. Мәселен, банкте немесе микроқаржы ұйымы тұтынушылық кепілсіз онлайн кредитті беруге келіссе, оны алатын адамға ойлануға бір тәулік, яғни, 24 сағат беріледі. Осы уақыттың ішінде ол кредит алуға қаншалықты мәжбүр екенін ой елегінен өткізе алады. Ай сайынғы төлем екі есеге азаяды Заң аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша шаралар қарастырылған. "Бұл санаттағы азаматтардың экономикалық жағдайы нашарласа, міндетті түрде кемінде үш ай мерзімге айыппұл есептемей несие мен микрокредиттер төлеу кейінге шегеріледі. Сондай-ақ олардың ай сайынғы төлемі 50 пайызға немесе одан да көп мөлшерге азайтылады", - дейді депутаттар. Қандай комиссияларды алып тастайды Алдағы уақытта кредиттер бойынша кейбір комиссияларға да тыйым салынады. Атап айтқанда, банк несиесін ішінара немесе мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу алынып тасталады. Ал шағын несиелер бойынша кез келген тұрақсыздық айыбы мүлдем болмайды. Бірақ шағын кредитті қайтармағаны үшін есептелген айыптар қалады. Сондай-ақ, қарыз алушылардың жүктемесін азайту мақсатында банк несиесі немесе шағын несие шарттары бойынша сақтандыру агенті комиссиясының шекті мөлшері 10 пайыз болып белгіленді.
Read moreЕлімізде электросамокаттарға да нөмір тағу міндеттелмек
16-04-2025 Hits:191 Жаңалықтар sitemanager

Қазақстанда электросамокаттарға нөмір тағу міндеттелуі мүмкін. Қазіргі уақытта самокаттар мен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу ұсынысы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың дерегіне сүйенсек, бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім еткен. Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында самокаттарға қатысты талаптарды күшейту мүмкіндігі жайында сұрақ қойылды. "Біз Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша түзету дайындап жатырмыз. Атап айтқанда, шетелде қолданылатын тәжірибені енгізу туралы ұсыныс бар. Осы орайда Швейцарияның тәжірибесін зерттедік, яғни ол жақта мемлекеттік нөмірлер тек самокаттарда ғана емес, велосипедтерде де бар. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті", - дейді С. Әділов. Оның айтуынша, бұл ұсыныс қазір талқыланып жатыр.
Read moreҚазақстан онлайн қызмет бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді
13-04-2025 Hits:202 Жаңалықтар sitemanager

Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша алға шықты. Соңғы деректерге сүйенсек, үздік 10 елдің қатарына кірген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық сайты жазды. Рейтингте 193 ел қамтылған Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматта қолжетімді, оның ішінде 90,8%-ын eGov Mobile платформасы арқылы алуға болады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Қытай, АҚШ, Германия, Австралия және БАӘ сияқты дамыған елдерден озып шықты. "БҰҰ деректері бойынша, Қазақстан 2024 жылы 193 елдің арасында үздік ондыққа кіріп, Оңтүстік Корея, Дания, Эстония, Сауд Арабиясы, Украина, Сингапур, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапониямен бір қатарда тұр", — делінген хабарламада. Қазақстаннан кейінгі орындарда орналасқан елдер: Қытай – 11-орын Германия – 12-орын Аустралия – 14-орын Нидерланды – 15-орын БАӘ – 16-орын АҚШ – 17-орын Ал ТМД елдері Қазақстаннан айтарлықтай төмен орналасқан: Армения – 53-орын Ресей – 56-орын Өзбекстан – 59-орын Әзіебайжан – 67-орын Қырғызстан – 89-орын Беларусь – 97-орын Тәжікстан – 130-орын Түрікменстан – 172-орын.
Read moreҰлттық бірыңғай тестілеу қағидаларына өзгеріс енді
08-04-2025 Hits:215 Жаңалықтар sitemanager

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. "ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығы арқылы немесе жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында, не болмаса Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ұйымдарда өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға өтініш (қағаз және электрондық форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында онлайн режимде қабылданады", — делінген құжатта. Министрдің бұйрығына сәйкес, негізгі өзгерістер мүгедектігі бар мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу тәртібіне қатысты. Сондай-ақ құжатта келесі мәселелер атап өтіледі: Шетел тілін (ағылшын тілін) меңгеру деңгейін жалпы еуропалық шетел тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар өз қалауы бойынша ағылшын тілі бойынша бейіндік пәннен немесе «Шетел тілі» (ағылшын) арнайы пәнінен босатылады; TOEFL ITP, TOEFL IBT, IELTS секілді ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға немесе конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат мәліметтерін көрсетуі тиіс; SAT, ACT, IB, A-Level, TOEFL ITP, TOEFL IBT, IELTS сияқты халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініш беру деректер базасына мәліметтерді енгізіп, сертификат көшірмесін жүктеуі қажет. ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, алайда тестілеуге қатыспаған талапкерлерге, тест өткізу күндері бос орын болған жағдайда, сол кезеңнің ішінде бір күнге тестілеуге қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл мүмкіндік келесі дәлелді себептер болған жағдайда қарастырылады: денсаулығына байланысты, тестілеу күнімен сәйкес келетін № 026/у нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы немесе амбулаториялық картадан үзінді жазба/ауру тарихынан анықтама болған жағдайда; «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 1-бабы 13) тармақшасында көрсетілген жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған жағдайда; республикалық және халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауларына (ғылыми жарыстарға), орындаушылар байқауларына, кәсіби шеберлік байқауларына және спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда (жаңа норма); төтенше жағдайлар болғанда. Сонымен қатар: — ҰБТ қағаз форматында тапсыратын талапкер құжаттарды қоса тіркеп, мемлекеттік комиссия төрағасының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді; — ҰБТ электрондық форматында тапсыратын талапкер құжаттарды қоса тіркеп, Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді.
Read moreЗаң күшіне енді: Мопедтер де көлік құралы болып саналады
05-04-2025 Hits:241 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде мопедтерге қатысты заң толықтай 5 сәуірден бастап күшіне енді. Бұл күннен бастап оларда көлік құралы болып саналады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Заң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек. Онсыз айыппұл салынады. Мопедті тек айыппұл тұрағынан алып кетуге мүмкіндік болады. Спутниктің жазуынша, бұл ережеге бағынбағандарға айыппұл да қомақты. Талап-ереже мынадай: Айыппұл көлемі қанша Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі болуы қажет. Ал иесі А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы шарт. Бірақ А немесе В санаты болса, мопедті басқаруға рұқсат беріледі. Мопедті тіркеусіз жүргізгені үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі – 39 320 теңге. Осылайша бүгіннен бастап мемлекеттік нөмірі және тиісті құжаты жоқ мопедтерді жүргізуге тыйым салынған. Бұл шектеу максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтерге де қатысты. Сақтандыру полисі қымбаттайды Заң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек. 7 сәуірден бастап ондай полистердің бағасы көтеріледі. Мәселен, Алматыда 16-25 жастағы мопед жүргізушісі жаңадан А1 санатындағы куәлікті алса, бір жылдық сақтандыру полисі 24 324 теңгеге түседі. Ал 7 сәуірден кейін ондай полистің бағасы 43 784 теңгеге дейін көтеріледі. Сақтандыру полисі рәсімделмеген мопедтер бірден айып тұрағына қойылады. Ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркейді Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, VIN-код (сәйкестендіру нөмірі) болмаған не шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қажетті құжаттар тексерістен кейін беріледі. Бұл ретте мопед тексерілген жыл шығарылған жылы болып есептеледі. Ал мемлекеттік нөмір қолданыстағы тәртіпке сәйкес беріледі, яғни жүйе нөмірді автоматты түрде таңдайды. Мопедті айып тұрағынан қалай шығарады Айып тұрағында тұрған мопедті шығарып алу үшін алдымен иесін растайтын құжаттарды көрсету керек. "Ол үшін сату-сатып алу келісімшартын немесе техникалық төлқұжатты ұсыну қажет. Сондай-ақ жеке куәлік пен айыппұлдың төленгені туралы түбіртек көрсетіледі. Соның негізінде мопедті айып тұрағынан шығаруға болады", - дейді полицейлер. Айта кетері, 5 сәуірден кейін де мопедті тіркеуге қоюға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Сол жерде жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды түрде көрсетуге болады. Сосын техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеріп, мемлекеттік бажды төлейді. Олар: мопедті тіркегені үшін - 983 теңге (1,97 доллар); тіркеу туралы куәлік беру - 4 906 теңге (9,8 доллар); мемлекеттік нөмір - 5 504,8 теңге (11,05 доллар).
Read moreҚазақстанда тағы бір айыппұл түрі енгізілмек
02-04-2025 Hits:245 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде тағы бір айыппұл түрі енгізілмек. Әзірге оның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Спутниктің жазуынша, жаңа айыппұл SIM-картаны үшінші тұлғаға бергені үшін тағайындалады. Әзірге министр әкімшілік жауапкершілік бойынша қолданылатын айыппұлдың нақты көлемін айта алмайтынын жеткізген. Қазіргі кезде министрлік осы мәселе бойынша ұсыныстарды жинап жатыр. "Әзірше айыппұлдың нақты көлемін айта алмаймыз. Меніңше, биыл тиісті ұсынысты енгіземіз. Бұның барлығы әлі қаралып жатыр, нақты шешім жоқ. Біз ұсыныстарды жинап жатырмыз. Қылмыстық жауапкершілік болмайды. Бәлкім, әкімшілік айыппұл болатын шығар", - дейді министр. Осы орайда министр "үшінші тұлға" ұғымына түсініктеме берді. Ол - SIM-карта иесімен байланысы жоқ адам.
Read more5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады
31-03-2025 Hits:260 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде мопедтерге тықыр таянды. Сәуір айының 5-нен бастап қос дөңгелекті техниканы тіркеп үлгермегендерге тиісті жаза тағайындалмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, осы уақытқа дейін оңтүстік мегополисте 5 276 мопед тіркеуге қойылған. Экстерриториялық принцип бойынша тіркелгендер: 2 100. "5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады. Ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция ақпаратында. Осыған орай, құзырлы орган, елдегі мопед мінген азаматтарға дабыл қағуда. Яғни, тіркеуден өтпеген азаматтарды істі кейінге қалдырмай, уақытында рәсімдеуге шақыруда.
Read moreҚазақстанға келетін шетелдіктер саны артты
28-03-2025 Hits:265 Жаңалықтар sitemanager

Елімізге келуші шетелдіктердің саны артқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Комитет төрағасының сөзіне сүйенсек, биыл елімізге 3 млн-ға жуық шетелдік келуі ықтимал. Ал былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік кіріп шыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық. "Биыл Қазақстанға 2 млн 800 мың шетелдіктің кіруі белгіленді. Келушілердің 40 пайызын өзбекстандықтар құрайды. Екінші орында - Қырғызстан азаматтары, одан кейін - Ресей азаматтары", - дейді ол Орталық коммникациялар қызметіндегі брифингте. Оның атап өтуінше, елімізге келген шетелдіктердің барлығы қалмайды. Көбі қайта шығады немесе транзитпен өтеді. Жалпы тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің саны 200 мыңға жуық, олардың 50 мыңы – қандастарымыз, 87 мыңы - Ресей азаматтары, 49 мыңы - Өзбекстан және 11 мыңы - Қырғызстан азаматтары. Көпшілігі Астана мен Алматы қаларында және Алматы мен Қарағанды облыстарында тұрып жатыр.
Read moreЕл мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
26-03-2025 Hits:268 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде мектептердегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Бұл өзгерісті жаңа оқу жылына дейін дайындау және енгізу жоспары әзірленуде, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Жаңа стандарт бекітіліп қойғанын Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Мәліметке сүйенсек, ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа тамақтану стандартында балаларды қауіпсіз және сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша халықаралық талаптар ескерілген. "Артықшылығы - тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, ас мәзірінде көкөністер мен жемістерді көбірек қолдану. Құрамында қанты бар сусындар мен шырындарды газдалмаған суға, сүтке, ашытылған сүтті сусындарға, жеміс шайлары мен компоттарға алмастырады", - делінген ақпаратта. Тамақтану стандартында ерекше диеталық қажеттіліктері бар оқушыларды тамақтандыру бойынша ұсыным қарастырылған. Сондай-ақ ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыру көзделген. Бұдан басқа алғаш рет жеуге жарамсыздық индексі (тамақ қалдықтары) тұжырымдамасы енгізілді.
Read moreАлматы облысында ауылды су басты: тағы 3 өңірде жағдай мәз емес
25-03-2025 Hits:251 Жаңалықтар sitemanager

Ел өңірлерінде қар еруіне байланысты жылдағы төтенше жағдай сипаты тіркеле бастады. Қазірдің өзінде 3 облыста жолдар жабылса, Алматы облысындағы Бесағаш ауылын су басқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Спутниктің дерегіне сүйенсек, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бірнеше үй мен әлеуметтік нысанды су басқан. 25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан асып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты. Өзен жағасы заңсыз тарылып, тасыған су арнасынан шығып кеткен. Өйткені тұрғындар өзеннің арнасына қоршаулар мен күркелер салып тастаған. "Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдетіп жатыр. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды", - дейді төтенше жағдай мамандары. Сондай-ақ, қар еруіне байланысты елдегі тағы 3 өңірде жолдар жабылып отыр. Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылған. "25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада. Тізім мынадай: Ақтөбе облысы: "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы). Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы). Солтүстік Қазақстан облысы: "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Read moreҚазақстанда күн қашан жылынатыны белгілі болды
17-03-2025 Hits:273 Жаңалықтар sitemanager

Казгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Онда еліміздің бірқатар өңірлерінде күн жылынатыны айтылса, енді өзгелерінде әлі де көктайғақ сақталмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Синоптиктер болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстан бойынша көктемгі ауа райы орнайды деп болжанауда. Оңтүстік өңірлерде күн айтарлықтай жылынады. Ал солтүстікте әлі де жауын-шашын мен көктайғақ сақталуы мүмкін. Мысалға, Астанада 17 наурыз күні ауа температурасы +5 + 7 °C, желдің жылдамдығы – 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетсе, Алматыда бұл күні ауа температурасы күндіз +15+17 °C, желдің жылдамдығы 2-7м/с, түнде +2+4 °C болады. Ал Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын болады. Түнде ауа температурасы -3-тен +2°С, күндіз + 4...+9°С. Елдің батыс бөлігі – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз. Бірақ күші 20 м/с дейін жел мен шаңды дауыл тұрады. Күндізгі ауа температурасы +18...+24°С, түнде +5...+12°С. Шығыс өңірлерде – Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +3...+8°С, түнде -10...-2°С. Орталық өңірлерде – Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін. Тек Шымкент тұрғындарын алдағы үш күнде жылы ауа райы қуантайын деп тұр. Көшпелі бұлт шығады және оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+9°С, күндіз +20...+27°С.
Read moreҚазақстанда қар барысы 2 есеге артты
13-03-2025 Hits:296 Жаңалықтар sitemanager

Елімізде қар барысы көбейіп келеді. 90 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда жыртқыш саны 2 есеге өскен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты. Сөзінше, тәуелсіздік жылдары республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін ұлғайған. Нәтижесінде сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсіп отыр. Сондай-ақ, қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шара қабылданды. Олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде - 3,6 млн гектар аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70 пайызға жуығы ерекше қорғалатын аумақтармен қорғалған. "Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды. Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде, олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті", - дейді Данияр Тұрғамбаев.
Read moreҚазақстанда пәтер құны қай өңірде арзан екені белгілі болды
Елдегі пәтерлер бағасы әр өңірде түрліше. Дей тұрғанымен нақты статистика қалай көрінеді? Ұлтты статистика бюросы осы деректі жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Мәліметке сүйенсек, 2025 жылғы көрсеткіш бойынша еліміз бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 505 075 теңге тұрады. Ең қымбат пәтер құны Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік мегополисте орташа есеппен пәтердің 1 шаршы метрі үшін 589 900 теңге бағасы сұралады. Екінші орында Астана қаласы 1 шаршы метрі үшін 581 900 теңге және үштікке Атырау қаласы кіреді, 1 шаршы метрі үшін 506 825 теңге. Ал қолжетімді жаңа тұрғын үй бағасы Оралда 1 шаршы метрі үшін 284 136 теңге, Ақтөбеде 1 шаршы метрі үшін 288 203 теңге және Көкшетауда 1 шаршы метрі 331 988 теңге тұрады. Пайдалануға берілген пәтерді сату бағасы мынадай: Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы, яғни, елімізде пәтерді қайта сату бағасының орташа құны 1 шаршы метрі үшін 531 676 теңге болды. Ең қымбат екінші нарықтағы тұрғын үйлер Астанада 1 шаршы метрі үшін 661 849 теңге, Алматыда 1 шаршы метрі үшін 611 821 теңге және Атырауда 1 шаршы метрі үшін 482 711 теңге. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 1 шаршы метрі үшін 315 877 теңге, Ақтөбеде 1 шаршы метрі үшін 323 746 теңге және Көкшетау қаласында 1 шаршы метрі үшін 326 589 теңге сұрайды. Пәтерді жалдау бағасы бойынша көрсеткіш: Ел бойынша жайлы тұрғын үйді жалдаудың орташа құны 1 шаршы метрі үшін 4 560 теңге. Ең жоғары жалдау бағасы тіркелген қалалар: Алматы – 5 480 теңге (1 шаршы метр үшін); Астана – 5 130 теңге (1 шаршы метр үшін); Қарағанды – 4 349 теңге (1 шаршы метр үшін). Ең төменгі жалдау бағасы тіркелген қалалар: Тараз – 2 177 теңге (1 шаршы метр үшін); Түркістан – 2 593 теңге (1 шаршы метр үшін); Ақтөбе – 2 649 теңге (1 шаршы метр үшін). Тұрғын үй бағасының жылдық өсімі Бір жыл ішінде (2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы ақпанға дейін) елдегі тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті. Оның ішінде екінші нарықтағы тұрғын…
Қазақстанда лауазымды қызметтегі әйелдердің үлесі 39 пайызға жеткен
Елімізде лауазымды қызметтер атқаратын әйелдер саны уақыт санап артып келеді. Қазірдің өзінде олардың үлесі 39 пайызға жеткен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жазып отыр. Ондағы мәліметке сүйенсек, қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы екен. Ал мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті. Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінде 3 әйел министр, 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам (53%). 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і). Сонымен қатар, Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетіп отыр.
Көлік салығы қымбаттай ма?
Елімізде 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын. Осы орайда мемлекеттік кірістер комитеті дабыл қақты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Комитет дерегіне сүйенсек, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады. Ең бастысы, яғни, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылмақ. Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау үшін жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді. Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі. Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.
Парламент білім беруді 12 жыл емес, 10 жылдыққа көшіруді ұсынды
Қырғызстан Парламенті білім беруді 12 жыл емес, 10 жылға қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жогорку Кенештің Әлеуметтік саясат комитеті әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі парламент қаулысының орындалуы туралы министрліктердің есебін тыңдады. Депутат Камила Талиева Қырғызстанда 12 жылдық білім беруге көшу жобасының жүзеге асатынына сенбейтінін мәлімдеді. Ол елдің 12 жылдық білім беруге сапалы көшетініне, қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етілетініне сенбейтінін айтты. "Біз12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайын емеспіз және жақын арада ауыса алмайсыз. Олар (Білім министрлігі) бұл бағдарламаны жүзеге асыратынына USAID халықаралық ұйымына сенді. USAID-тің 24 жобасының 22-сі жабылып, екі жоба ғана қалды. Олар бұл бағдарламаны USAID жасайды деп үміттенді. 10 жылдық білім беруге көшейік. Тіпті Ұлыбритания КСРО жүйесіне қайта оралуда. Одан да білімнің деңгейі мен сапасын арттырайық. Олардың қайда баратынын көреміз. Олар Сингапур туралы, Малайзия туралы айтады. Олардың мақсаты грантқа түсу, бітті. «Білім беру жүйесі сендерге ойыншық емес, оны құртып жатырсыңдар", - деді депутат. Алайда Талиева Білім министрлігіне өз мәлімдемесіне қатысты түсінік беруден бас тартты.
Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыз адамдар көп екені белгілі болды
Елдегі жұмыссыз адамдар саны белгілі болды. Әсіресе олардың көп бөлігі қай өңірде екені нақтыланған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Елімізде жұмысы жоқ ретінде ресми тіркелген адам ғана «жұмыссыз» саналады. ҚазАқпараттың дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ресми 448 мың жұмыссыз адам есепте тұр. Еңбек және халықты еңбекпен қамту министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында олардың ең көп бөлігі қай өңірлерде екенін айтып берді. Сөзінше, ең көп жұмыссыздық Түркістан облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы. Сонымен қатар, елімізде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардан бөлек, тіркелмей жұмыссыз жүрген азаматтар да бар. Жалпы былтыр елімізде 714 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған еді.
Енді кредитке бір ауыз сөзбен тыйым салуға болады
Қазақстандықтар енді кредиттен бас тарту үшін бір ауыз сөзбен тыйым сала алады. Мұндай мүмкіндік тіпті смартфон ұстай алмайтын азаматтарға да қолжетімді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Спутниктің жазуынша, енді қазақстандықтар алаяқтардан бір ғана сөзбен қорғана алады. Бірінші кредиттік бюро дерегіне сүйенсек, адамда ЭЦҚ болмаса, бірақ ол мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда дауыстық боттың көмегімен кредит рәсімдеуге оңай тыйым салып, қайтадан оңай қоса алады. Мұны жасау жолдары мынадай: 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз – бұл тегін; сізге ыңғайлы тілді таңдаңыз: қазақ немесе орыс; "кредитке тыйым салу" тіркесін айтыңыз; осыдан кейін сіз несиелеуге тыйым сала аласыз, оны алып тастай аласыз немесе қызмет туралы ақпарат ала аласыз; дыбыстық сигналдан кейін ЖСН енгізіңіз; Сізге растау үшін енгізілетін коды бар SMS келеді. Бұл қызмет әсіресе смартфон пайдаланбайтын немесе интернет қолжетімсіз жандар үшін пайдалы.
Қазақстанда 29 мың қазақ өз ана тілін үйренуде
Елімізде қазақ тілін оқыту орталықтарында 29 мың қазақ өз ана тілін үйрену үшін барады екен. Мұндай мәліметті ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі тіл оқыту орталықтарында өзінің ана тілін оқып жүргендердің нақты саны туралы ақпаратты ресми сауалға жолдаған. Онда елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 114 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейтіні, олардың 95-і - негізгі орталықтар болса, 19-ы – филиалдары екені жазылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тіл үйрету курсынан өткендер саны – 63 857 адам. Оның ішінде мемлекеттік тілді оқу курсынан өткендер – 45 841, орыс тілі курсынан өткендер – 4 700, ағылшын тілі – 13 316 адам. Жергілікті атқарушы органдарда қазақ тілі курсынан өткендер саны – 45 114 адам, оның ішінде 16 517 этнос өкілдері деп жазылған жауапта. Министрліктің мәліметіне қарағанда тілдерді оқыту орталықтарының бәрі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Оқу курсына 18 жастан асқан мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компания өкілдері, үй шаруасындағы адамдар, зейнеткерлер, шетелдік азаматтар, этнос өкілдері тағы да басқа кез-келген өтінім берген азаматтар қатыса алады. Ал мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар оқыту курстарын өз есебінен қаржыландырады.
Қазақстанда қанша қала, неше аудан және ауыл бар
Елімізде қанша қала және аудан, ауыл бары белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бюро дерегіне сүйенсек, бүгінде елімізде қала мәртебесі берілген 90 елді мекен бар екен. Соңғы 1 жыл ішінде олардың саны тек бір бірлікке ғана артқан. Яғни, Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны — 39, аудандық маңызы барлар — 38, Республикалық маңызы бар қала — 3. Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен. 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар екен.
Рамазан айының қарсаңында Telegram-бот іске қосылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлады Алатау телеарнасы басқарманың баспасөз қызметін сілтеме жасап. Дерекке сүйенсек, бот @MuftyatBot деп аталады. Әрі ол діни сұрақтарға жауап беру үшін арнайы әзірленген. Сонымен қатар, бот арқылы шариғат мәселелері бойынша ақпарат алуға және кеңес сұрауға болады. Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады. Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
- 1
- 2
- 3